Сәу 11, 2021 14:50 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (28)

«Ләйл» сүресінің екінші аяты: والنَّهارِ إِذا تَجَلَّی

 

«Ләйл» сүресінің екінші аятында Алла Тағала күнмен ант етіп: «Жарқыраған сәтте күндізге серт»,- деді.

«Ләйл» сүресінде Алла Тағала әлемнің түпкір-түпкірін жапқан түнмен ант еткеннен кейін түннің зұлматын жарып, қаранғылықты артқа шегіндірген таңсәрімен ант етті. Аспанға жарық түскен кезде, бүкіл нәрсе нұрға бөленеді. Бұл  барлық жаратыстардың өімір, әрекеті мен дамуының кілті саналатын жарықтың өзі. Құран Кәрімде күн мен түн жүйелері және олардың адам өміріне әсері мәселесіне көп көңіл бөлінген. Бұл Алланың екі маңызды аяты. Түнгі қараңғылықтан кейін күн өмір қозғалысының кілті және барлық тіршілік иелерін нәрлендіретін жарықтан басталады. Рауаяттарда түн зұлымдық пен озбырлық патшаларының қараңғылық уақыты. Ақырғы заманда ол күндізбен аяяқталады. Қараңғылық кезеңі  уәде етілген Меһдидің (ғ.с.) келуімен аяқталады және бүкіл әлемге  жетекшілік нұры жарқырайды. Имам Бақер (ғ.с.)  Мұхаммад Ибн Мүслім» атты серіктерінің біріне «Жарқыраған сәтте күндізге» ант етемін деген аят туралы: «Бұл аятта күн – ғайып имам (ғ.с.). Ол келген кезде, жалған үкіметтерді жеңеді. Құран адамдарға үлгі көрсетіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) және бізге бағытталған. Оның мағынасын бізден басқа білмейді»,- деді.