Сәу 18, 2016 13:25 Asia/Almaty

Өткен хабарымызда айтылғандай, парсы тілі – иран тілі және әлемдегі ежелгі және ең бай тілдердің бірі болып табылады.

 Бұл тілде бірнеше мың жылдық жазбалар сақталған. Өзінің көне және тарихи болуы себептен парсы тілінің екі түрі бар. Бірінші түрі – ауызша парсы тілі. Ол сұхбаттасуда қолданылады. Парсы тілінің екінші түрі – жазбаша. Ол жазу мен оқуда пайдаланылады. Осы жаттығулар барысында алдымен парсы тілінің ауызша түрін үйренесіздер. Соның көмегімен парсы тілінде сөйлесе аласыздар. Сонан соң аздап парсы тілінде жазып, оқуды үйренесіздер.

Алдымен сіздерді екі адаммен таныстырамыз: Рамин мен Мұхаммад. Олар Теһран университетінде оқитын студенттер. Рамин – ирандық азамат. Ол тарих факультетінде оқиды. Ал Мұхаммад – ирандық емес. Ол мысырлық. Мұхаммад Теһран университетінің парсы әдебиеті бөлімінде оқиды. Олар бүгін түсте сабақтары аяқталған соң университет асханасына барып, әңгімелеседі. Осылайша олардың таныстықтарының басталуымен “Парсы тілін үйренейік” бағдарламасы да басталады. Олардың қалайша дос болғанын білгіңіз келе ме ?

Алдымен олардың әңгімесіндегі сөздерге мұқият құлақ салып, бұл сөздерді қайталайық.

 

 

Сәлем

салам

سلام

Мырза

аға

آقا

сіз

шома

شما

(аударылмайды)

hастид

هستيد

шетелдік

хареджи

خارجي

ирандық

ирани

ايراني

Қай жерденсіз?

коджаи

کجايي

мен

ман

من

(аударылмайды)

hастанд

هستم

иә

бале

بله

есім

эсм

اسم

Сіздің есіміңіз-кім ?

эсм-е шома чист?

اسم شما چيست ؟

Мұхаммад

Мұхаммад

محمد

Рамин

Рамин

رامين

Менің атым Рамин

Эсм-е ман Рамин аст

اسم من رامين است

Мысырлық

месри

مصري

Сау болыңыз !

хода hафез

خدا حافظ

Сау болыңыз !

хода негаhдар

خدا نگهدار

 

 

 

Ал енді сөздерді қайталаған соң, университет асханасындағы Мұхаммад пен Раминнің әңгімесіне құлақ салыңыз :

 

 

Рамин: Сәлем.

салам Аға

رامين - سلام آقا

Мұхаммад: Сәлем.

салам

محمد - سلام

Рамин: Сіз шетелдіксіз бе?

шома хареджи hастид?

رامين - شما خارجي هستيد ؟

Мұхаммад: Иә, мен мысырлықпын. Сіз ирандықсыз ба ?

бале, ман месри hастам. Шома ирани hастид?

محمد - بله من مصري هستم . شما ايراني هستيد ?

Рамин: Иә, мен ирандықпын.

бали, ман ирани һастам.

رامين - بله من ايراني هستم .

Мұхаммад: есіміңіз кім?

эсм-е шома чист?

محمد - اسم شما چيست ؟

Рамин: менің атым Рамин. Сіздің есімініз кім?

эсм-е ман Рамин аст. Эсм-е шома чист?

رامين - اسم من رامين است . اسم شما چيست ؟

 

 

Мұхаммад: менің  атым Мұхаммад.

 

эсм-е ман Мұхаммад аст

محمد - اسم من محمد

است .

 

 

 

Рамин мен Мұхаммад бір-бірімен аздап сұхбаттасады. Астарын ішіп болған соңбір-–бірімен қоштасып, асханадан шығады. Мұхаммад Раминге :

 

 

 

 

Мұхаммад:Рамин сау болыңыз !

хода hафез ағайе Рамин.

محمد - خدا حافظ آقاي رامين .

Рамин: қорғанышыңыз болсын!

хода негаhдар.

رامين - خدا نگهدار

 

 

 

 

 

Қымбатты достар, осы бағдарламада сәлемдесуді үйрендіңіздер. Енді досыңыздың есімін сұрап, қоштасыңыз. " Парсы тілін үйренейік " Ұлы Алла қорғандарыңыз болсын!

Ескерту! Жаттығуларда келтірілген “ä” дыбысы қазақ тіліндегі қысқа “а” дыбысына сәйкес келеді.