Maм 11, 2021 00:18 Asia/Almaty
  • Иран: Шеви сарқырамасы (119)

Загрос таулы сілемінде сарқырамалар көп. Ал ең ірі сарқырамалардың бірі – Дезфул ауданының Шеви ауылына жақын жердегі Шеви сарқырамасы (Shevi Waterfall). Оның биіктігі 80 метр, ені 75-85 метр. Сондықтан ол ірілік тұрғысынан Батыс Азиядағы бірегей табиғи сарқырамалардың бірі саналады. Сарқырама бойында суды қысыммен сыртқа атқылайтын сақылау бар. Су биіктен саты-сатымен түсіп, жасыл мық басқан арнаны кесіп өтіп, өзенге құяды.

Шеви сарқырамасы - Батыс Азиядағы ең ірі сарқырама.
"Шеви" лури тілінде балғындық деген мағына береді.
Сарқырамаға жету үшін екі сағат жаяу жүру керек. 
Сарқырамаға жетудің қиындығы оның табиғатының бүлінбей сақталуына септігін тигізді. 
Шеви сарқырамасы үңгірден бастау алады. 
Шеви сарқырамасы
Сарқырама суы тау мен даланы кесіп өтіп, ақырында Дезфул бөгетіне барып құяды. 
Шеви сарқырамасы
Шеви сарқырамасы көктем мезгілінде өте әдемі.
Шеви сарқырамасы осы аттас ауылдың жанында орналасқан.
Сарқырама маңында тау ешкісі, қабылан, аю мен ирандық саламандра сияқты жануарлар тіршілік етеді. 
Шеви сарқырамасының жанында "Екінші Шеви" немесе "Жылантас" деп аталатын сарқырама бар.