Маусым 23, 2021 19:37 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 25

Мартин Лингс - «Мұхаммад: оның өмірі алғашқы дереккөздерге негізделген» деп аталған кітаптың авторы.

 

«Мұхаммад: оның өмірі алғашқы дереккөздерге негізделген» деп аталған кітап Англияның танымал ақыны мен жазушысы  Мартин Лингстың көрнекті және әйгілі шығармаларының бірі болып табылады. Бұл кітап алғашқы рет 1983 жылы жарық көріп, басылып шыққанынан бері көптеген сыйларға ие болып, сан рет қайта басылып шықты. Жазушы бұл кітабында хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірін алғашқы және қолда бар дереккөздерге сүйеніп, сипаттап, Исламның ұлық пайғамбарын Алланың тарапынан жіберліген тек бір заманмен шектелмейтін мәңгі жарқыраған нұр деп таныстырады.

Мартин Лингс 1909 жылы 24 қаңтарда Манчестерде протестант отбасында дүниеге келді. Ол 20 жасында христиан дініне деген сенімін жоғалтты, бірақ көптеген құрдастарына қарағанда, ол шындықты іздеуден бас тартпады. 25 жасында ол әлемдік діндерді зерттей бастады және 1935 жылы батыс философы Рене Генонның жазбаларына тап болды. Генонның шығармаларын зерттей отырып, Лингс  әлемдегі барлық ұлы діндер шынайы және олардың әрқайсысы адамға кемелдікке жету және Құдайға жақындау жолын көрсетеді деген нәтижеге жетті. Генонның жазбаларында Лингске қазіргі заманда дін, әсіресе христиан діні адамның ақыл-ойын шетте қалдырып, олардың эмоцияларын ғана тамақтандыратынын және мұның салдары модернизм апаты екені туралы айтылды. Сол кезде ресми түрде христиан болған Лингс: «Рене Генонның шығармашылығын зерттеу маған Батыс өркениетінің қателіктерін көрсетіп, илаһи діндердің ішкі жағы ақиқат екенін және олардың хабаршыларының  шындық туралы әртүрлі жолмен сұхбат жүргізеді»,- дейді. Ол: «Генонның теориясы мені таң қалдырды.  Мен шындықпен бетпе-бет келгенімді және бірдеңе жасауым керек екенімді түсіндім»,- деп жазды. Доктор Лингс көптеген зерттеулерден кейін Исламды таңдады, өйткені ол еліктеу мен өлтіру діні емес, ақыл мен кешірім діні.  Ол өзі үшін Әбубәкір Сираджуддин деген атты таңдады.

Мартин Лингс

«Мұхаммад: оның өмірі алғашқы дереккөздерге негізделген» деп аталған кітаптың аудармашысы Саид Теһрани Насаб: «Лингс Ислам пайғамбарының ақиқатына таңданып, осы ұлы тұлғаны таныстыруға көп уақыт бөлді. 2004 жылдың жазының соңғы күндерінде, қайтыс боларынан бір жыл бұрын, мен Лингсты әдемі, қарапайым үйінде кездестірдім. Ол Алла Елшісі (с.ғ.с.) туралы құрметпен сөйлеп, хазіретті (с.ғ.с.) Алланың адамзатқа берген үлкен сыйы деп атады. Оның үйінің қабырғасында Алланың қасиетті есімі мен намаз оқитын жайнамазы ғана болды. Оның бөлмесі бес уақыт намаз оқитын, мүмкін сол жерде кітаптарын жазатын үйдегі мешіті секілді болды. Қалай болғанда да, оның  Исламның ұлық пайғамбарын үлгі тұтып өмір сүретіні анық болды»,- деді.

Лингс өз шығармасында бізді қажымас пайғамбар, шыдамды күрескер және дарынды көшбасшымен таныстырып: «Пайғамбар (с.ғ.с.) надандыққа қарсы тұрып,  пұттарды сындырып, білім тұқымын сеуіп, көшеттерін мейірімділікпен  күні-түні күткен адам. Пайғамбардың аянмен көп байланысы бар. Ол басқа адамдардан өзгеше, ол дұрыс жолға нұсқаушы, өйткені  бірліктің мәні туралы айтады»,- деп жазды.

Доктор Лингс өз кітабының бірінші бөлімінде пайғамбардың тегіне сілтеме жасап, олардың барлығының монотеистер болғанына тоқталып: «Жаратылыс кітабында хазірет Ибраһимнің балалары болмағаны және хазіреттің үмітін үзбегені, сондай-ақ түндердің бірінде Алланың оны өз шатырынан шығарып: «Енді аспанға қарап, жұлдыздарды сана, егер санай алсаң»,- дегені, содан соң хазірет Ибрахим жұлдыздарға қарап тұрған кезде: «Ұрпағың осындай (сансыз) болады..»,- деген дауысты естігені туралы айтылды»,- деп жазды. Лингс кітабының жалғасында: «Бір үмбет емес, екі ұлы халық және екі жетекші күш, Алланың ерік-жігерін орындайтын екі құралдың хазірет Ибрахимнің ұрпағынан таралуы тағдырдың жазғаны болды. Хазірет Ибраһим екі рухани ағымның, екі діннің, екі   орталықтың қайнар көзі болды. Екі ағымның бірі Аминадан таралды.   Ол құрсағындағы жарықтан хабардар болды.  Бір күні ол: «Сіз құрсағыңызда адамдардың жетекшісін алып жүрсіз. Балаңыз дүниеге келгенде, «қызғаныштың зұлымдығынан құтқару үшін жалғыз Аллаға тапсырамын» деп айтыңыз, содан кейін оның есімін   Мұхаммад  деп қойыңыз»,- деген дауысты естіді.

Әбубакр Сираджуддин (Мартин Лингс)

Адам әрдайым кемелденген және рухани және нағыз ізгіліктер мен әсемдіктермен безендірілген адамдарды іздейді және оларға еріксіз сүйіспенділігін  білдіреді. Бұл илаһи пайғамбарлардың таза және дарын жүректерді өзіне тарту сыры. Өйткені пайғамбарлар мен әулиелер ізгіліктің жан-жақты және өз заманының ең лайықты адамдары болып саналады. Әлемде шындықты іздейтіндер илаһи адамдардың өміріне, мінез-құлқына және жүріс-тұрысына  еліктейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Білімді іздеңдер, тіпті Қытайда болса да»,- деп жазды.

Лингс кітабының бір бөлімінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұғжизаларына тоқталып: «Пайғамбардың көптеген мұғжизалары болды. Құрайш басшылар бірде одан пайғамбарлығын дәлелдеу үшін айды екіге бөлуді өтінген. Пайғамбар олардың өтінішін орындады. Бірақ олар бұл мұғжизаны жай сиқыр деп тауып, «Пайғамбар оларға өзінің сиқырымен әсер етті» деді»,- деп жазды. Лингс Пайғамбардың көптеген мұғжизаларға ие болғанымен, бұл мұғжизаларды пайдаланбағанын еске салып: «Оның ең үлкен мұғжизасы – уаһи кітабы. Ол оның (с.ғ.с) негізгі мұғжизасы және барлық кезеңдерде халықты дұрыс жолға нұсқайтын илаһи жарғы. Құран – нұр мен жетекшілік Кітабы»,- деді.

Лингс Пайғамбарды Алланың пайғамбары және елшісі ретінде таныстыру кезінде  монах Бахираның хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) келуі туралы болжамына сілтеме жасайды және пайғамбарға түскен алғашқы аяттар туралы баяндаған кезінде соқыр ғалым Варқа ибн Нофал туралы айтады. Бұл ғалым хазірет Хадиджаны жұбайы Мұхаммадқа (с.ғ.с.) түсірілген нәрсе - илаһи уахи және күмәнсіз хазіреттің Мәсіх (ғ.с.) жариялаған соңғы Пайғамбар деп сендірді.

Мартин Лингстің айтуынша, пайғамбардың адамзатқа берген маңызды сыйлықтарының бірі - уәде етілген Құтқарушының   бар екендігі туралы ізгі хабар. Ол: «Адамзат қоғамының едәуір бөлігі қателіктердің шекті деңгейіне жетті, бірақ бұл қателік жайылмайды. Себебі бүкіл ғалам қасиетті. Құдайдың әлемді жалғыз қалдыруы мүмкін емес. Пайғамбар ақыр заманның зұлымдықтарына қарамастан, адамдар үшін хазірет Мәһди (ғ.с.) есімді құтқарушының келетіні туралы  алдын ала айтқан. Бұл құтқарушы міндетті түрде келеді»,- деді.

Мартин Лингс – 97 жасына дейін жазуды тастамаған қажымас жазушы.  Көптеген ғалымдар Мартин Лингсті метафизиканың ұлы шебері десе, кейбір ғалымдар оны бірінші дәрежелі ақын деп атады. Жақын шәкірттері үшін бұл ер адамның есімі екі нәрсені еске түсіреді: сұлулық пен Алланы еске алуды. Оның сұлулыққа деген сүйіспеншілігі   өз ауласында гүлдер мен өсімдіктердің кішкентай жұмағын құруына себеп болды. 2005 жылы мамырда қайтыс болғаннан кейін ол осы кішкентай жұмақта жерленген. Лингс өз кітабын: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,- деген «Ахзаб» сүресінің 56-шы аятымен аяқтайды.

Тегтер