Иран ертегілері мен аңыздары (60)
Әрбір елдің халық ауыз әдебиетінен бастау алатын перілер туралы ертегілер ауыз әдебиеті саласындағы жақтасы көп туындылардың қатарына жатады.
Сонымен қатар бір жалпы сипаттама арқылы перілер туралы ертегілердің әралуан тылсым оқиғаны бастан кешкен ертегі кейіпкерінің бақыты мен бақытсыздығы жайындағы проза тілінде жазылған шығарма екенін айттық.
Перілер туралы ертегілер қарапайым әрі жанға жайлы болып келеді. Мұндай ертегілерді барлығымыз бала кезімізде әжелеріміз бен аталарымыздан естіп, сонымен түрлі түсті қиялдарға толы сапарларға аттанған болатынбыз. Ертегілерде қарапайым пішін мен ауызекі сөздердің қолданылатындығына қарамастан оның астарында терең ойға толы мән бар. Кейбір зерттеушілердің түсіндіруінше, ертегілер – алғашқы қауым адамдары мен қазіргі заман адамдарының түрлі түсті түстері. Бұл түстер ертегішілер мен тыңдармандарға қиялдың қанатына мініп, шынайы әлемнен аз да болса тысқары шығып, ақылға сыймайтын әрі қолжетімсіз дүниелерді тауып, сезінуге мүмкіндік береді.
Ертегінің әрбір бөлігінде жасырын құпиялар мен жолдаулар бар. Қарапайым адамдар мен төменгі таптың өмірі туралы зерттеуді алғаш бастаған адамдардың бірі германиялық Якоб пен Уильям Гримм ағайындылары ертегілерді ежелгі аңыздардың жұрнағы деп атаған. Олардың пайымдауынша, ертегілерді зерттеу және қайта қалпына келтіру арқылы ежелгі аңызды қайта қалпына келтіруге болады. Гримм ағайындылары үнді және жапон халықтарын батырлық және сиқыршылық ертегілердің бастауы деп санайды. Осы ағайындылардың пайымдауынша, бұл ертегілер халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен көші-қонның арқасында әлемнің басқа жерлеріне таралған.
Бірақ англиялық этнограф Эдуард Тайлордың қазіргі қауымдастықтардағы аңыздар мен олардың қалдықтары, сондай-ақ, ертегілердің өзгеруі мен кемелденуі жайындағы ауқымды әрі терең зерттеулері басқа этнографтар тарапынан ертегілердің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне септігін тигізді. Тайлордан кейін Эндрию Ланг әртүрлі аймақтардың ауызекі ертегілері мен аңыздарын бір-бірімен салыстыра келіп, олардың бастауы б.з.д. дәуірлерде жатыр деген нәтижеге келді. Осы тарихи тереңдікті назарға ала отырып, кейбіреулер аңыз бен ертегі бірдей мағына береді деп ойлаған. Ол екеуінің арасындағы шекара өте жақын. Аңыз бен перілер туралы ертегілер арасында көптеген ортақ элементтер бар. Бірақ олардың айырмашылығы да аз емес. Осы айырмашылықтар осы екеуін екі жанрға бөледі.
Ал енді Иранның аңыз-әңгімелер әлеміне саяхат жасап, "Иран әпсаналары" атты құнды кітаптан сіздер үшін таңдалынып алынған "Жауһар тас" атты әңгімені тыңдаймыз.
Ерте, ерте, ертеде бір ауылда анасы мен ұлы өмір сүріпті. Бір күні анасы ұлына: "Ұлым, міне ақша, базарға бар да нан сатып әкел",-депті. Ұл ақшаны алып, жолға шығыпты. Жолда бірнеше сотқар балаға жолығыпты. Әлгілер бейшара мысықты жіпке байлап алып, арлы-берлі сүйреп жүр екен. Ұлдың мысыққа жаны ашып: "Балалар, мысықты сатасыңдар ма? Қанша тұрады?"-деп сұрапты. "Әрине, сатамыз. Жарты нанның бағасынан да арзан",-депті. Ұл барлық ақшасын беріп, мысықты сатып алып, босатып жіберіпті. Содан үйіне қайтып оралыпты. Шешесі оған "Мұның не?" деп ұрсыпты. Ұл бала болған оқиғаны шешесіне баяндап беріп: "Егер бір күн нан жемесек, ештеңее болмайды ғой»,-депті. Екінші күні анасы ұлына ақша беріп, қасапшыға барып, ет әкелуді тапсырады. Ұл бала жолда тағы да өткендегі балаларға жолығыпты. Олар осы жолы итті тепкілеп жатыр екен. Ұлдың итке жаны ашып: "Балалар, мына итті сатпайсыңдар ма? Егер сататын болсаңдар, бағасын айтыңдар",-депті. Балалар: "Ия, сатамыз. Жарты нанның бағасынан да арзан",-депті. Ұл бала барлық ақшасын беріп, итті сатып алыпты да, үйге қайтып келіпті. Шешесі оны көргенде, айғайға басып: "Сенен көресіні көрдім. Мен ақшасы көп саудагер емеспін ғой",-депті. Ұлы болған оқиғаның барлығын шешесіне баяндап: "Бір күн ет жемесек ештеңе болмайды ғой",-депті.
Келесі күні шешесі ұлына ақша беріп, бірнеше қайтара ескертіп, май әкелуге жіберіпті. Ұлы жолда өткендегі сотқар балаларды көріпті. Олар осы жолы тышқанды ұстап алып, оны өртемек болып жатыр екен. Ұлдың жаны ашып: "Балалар, мына тышқанды сатпайсыңдар ма? Егер сатсаңдар, бағасын айтыңдар"-депті. Балалар: "Ия, сатамыз. Бағасы арзан. Қасапшының құйрық майының бағасынан да арзан",-депті. Ұл бала тышқанды сатып алып, үйге қайтып оралыпты. Шешесі бұл жолы ештеңе демей, мән бермеген сыңай танытыпты. Бірнеше күн өтіпті. Ұл бала күнде өзеннің жағасына барып, балық аулайды екен. Балықтарды тазартып, басы мен ішек-қарынын ит пен мысыққа беріп, етін үйге әкеліп отырыпты. Бір күні үйде ит бір балықтың аузынан күндей жарқыраған тас тауып алыпты. Ол "түнгі шамдардың жауһар тасы" екен. Ит оны ұлға беріпті. Ұл бала таң қалып, тасты сынау үшін тілінің астына салып: «Ей, жауһар тас, менің тілегім бар: дастарханымыз тағамға толсын»,-депті. Көзді ашып-жұмғанша дастархан әралуан дәмді тағамға толып кеткен екен. Барлығының қуанғаннан төбелері көкке жетіпті. Дастархан басына жиналып, қалағандарынша тамақ жепті. Бір күні ұл бала далаға барғанда ханның қызын көріп, ғашық болып, шешесінен ханның қызына құда түсіп баруды өтінген екен. Шешесі: «Ей, ұлым-ай, саған не жоқ. Сен ханның қызын қалай алмақсың. Біздің үрерге итіміз де жоқ қой»,-депті. Бірақ бұл сөздер ұл балаға әсер етпепті. Ол шешесіне хан қызына құда түсуге баруың керек қоймапты. Шешесі баласының өз дегенінен қайтпайтынына көзі жеткен соң ханның қызына құда түсуге кетіпті. Хан: «Саған не керек?»-деп сұрапты. Ұлдың шешесі: «Қызыңа құда түсіп келдім»,-депті. Хан ұлдың шешесін әуреге салу үшін: «Қарсы емеспін. Бірақ некенің шарты мынадай: қызымның қалыңмалы (мехрие) ретінде қырық түйеге алтын артып әкел»,-депті. Ыңыршағы шыққан кедей әйел жылап, үйіне қайтып оралып, болған оқиғаны ұлына баяндап беріпті. Ұлы: «Анашым, қайғырма, бәрі жақсы болады»,-депті.
Ертеңінде таңертең алтын артылған 40 түйе хан сарайының алдына әкелініпті. Таңданыстан көзі шарасынан шыға жаздаған хан ұлдың анасына қарап: «Енді маған барлық заты алтыннан жасалған сарай дайында»,-депті. Әйел салы суға кетіп, үйге қайтып оралып, болған оқиғаны ұлына айтыпты. Ұлы оны жұбатып: «Анашым, қайғырма, бәрі жақсы болады»,-депті.
Ертеңгі күні таңертең өзеннің жағасында үлкен алтын сарай салынып, дайын тұрыпты. Хан айран-асыр қалып, сарайды көруге келіпті. Сылтау таппаған ол қызын амалсыздан әлгі ұлға беретін болыпты. Бірнеше күн өтіпті. Ауылдық жігіттің әйелі болғысы келмеген қыз әкесінен баланың ісінің сырын ашуды сұрайды.
Сарсылған хан мыстан кемпірді шақырып, істің мән-жайын біліп беруді тапсырады. Мыстан кемпір бұл істі тезірек бітіруге уәде беріпті. Мыстан кемпір ұл баланың күнде жоқ-жітікті жинап алып, оларға нан мен киім беріп жатқанын естіген болатын. Ол жұпыны киініп, ұлдың үйіне барыпты.