Сауда жасау 1-бөлім
Бүгін студенттердің жатақханасында не болып жатқанын білгілеріңіз келіп тұрған шығар.
Рамин бүгін түстен кейін немесе кешке жақын сауда жасауға барғысы келеді. Оның супермаркетке барайын деген ойы бар, бірақ ол жалғыз. Сондықтан ол өзінің досы әрі бөлмелесі Мұхаммадтан онымен бірге сауда жасауға бара ала ма,әлде бара алмай ма деп сұрайды. Олар бүгін сауда жасауға бара ма, әлде бармай ма соны білгілеріңіз келсе, онда бізбен болғандарыңыз дұрыс. Бағдарламамыздың басында әңгіменің жаңа сөздерін қарастырамыз. Жаңа, сөздерді жазып алуларыңызға болады.
Осы сөздер мен аудармасың оқып болғаннан кейін, Рамин мен Мұхаммадтың әңгімесіне назар аударамыз. Рамин мен Мұхаммад өз бөлмелерінде сабақтарын оқып отырган кезде Рамин сұрайды.
Бүгін | эмруз | امروز |
Түстен кейін | бäд äз зоhр | بعد از ظهر |
Бос | бикари | بيکار |
Сенің қолың бос па | то бикари | تو بیکاری |
Менің қолым бос емес | мäн бикар нистäм | من بیکار نيستم |
Сенің қолың бос емес пе | то бикар нисти | تو بیکار نيستي |
Бүгін кешке | эмшäб | امشب |
Қалай? | че тор? | چه طور؟ |
Иә | аре | آره |
Ойланамын | фекр миконäм | فکر مي کنم |
Неге | чера? | چرا؟ |
Үшін | бäрае | براي |
Сауда | хäрид | خريد |
Уақыт | вäғт | وقت |
Уақытың бар ма? | то вäғт дари? | تو وقت داري؟ |
Жоқ | нä | نه |
Уақытым жоқ | мäн вäғт нäдарäм | من وقت ندارم |
Сенің уақытың жоқ па ? | то вäғт нäдари | تو وقت نداري |
Өйткені | чон | چون |
Менде сабақ бар | мäн дäрс дарäм | من درس دارم |
Сабақ | дäрс | درس |
Ол | у | او |
Оның қолы бос емес | у бикар нист | او بیکار نيست |
Оның уақыты жоқ | у вäғт нäдарäд | او وقت ندارد |
Ға, ғе, қа, ке | бе | به |
Кітапхана | кетабхане | کتابخانه |
Ертең | фäрда | فردا |
Қалай (жақсы ма) | че тор äст | چه طور است |
Жақсы | хуб äст | خوب است |
Онда | пäс | پس |
Осы сөздер мен аудармасың оқып болғаннан кейін, Рамин мен Мұхаммадтың әңгімесіне назар аударамыз. Рамин мен Мұхаммад өз бөлмелерінде сабақтарын оқып отырган кезде Рамин сұрайды.
Рамин: Мұхаммад! Бүгін түстен кейін қолың бос па? | мұхäммад, то эмруз бäд äз зоhр бикари? | رامين - محمد، تو امروز بعد از ظهر بيکاري؟ |
Мұхаммад: Жоқ, түстен кейін қолым бос емес. | нä. бäд äз зоhр бикар нистäм. | محمد - نه. بعد از ظهر بيکار نيستم. |
Рамин: Түстен кейін қолың бос емес пе.кешке ше? | то бäд äз зоhр бикар нисти. эмшäб че тор? | رامين - تو بعد از ظهر بيکار نيستي. امشب چه طور؟ |
Мұхаммад: йә...ойланып көрейін... не үшін? | аре...фекр миконäм ...чера мипорси? | محمد - آره ... فکر مي کنم ... چرا می پرسی؟ |
Рамин: Сенің сауда жасауға уақытың бар ма? | то бäрае хäрид вäғт дари? | رامين - تو براي خريد وقت داري؟ |
Мұхаммад: Жоқ, менде уақыт жоқ, | нä, мäн вäғт нäдарäм. | محمد - نه من وقت ندارم. |
Рамин: Неге уақытың жоқ? | чера вäғт нäдари? | رامين - چرا وقت نداري؟ |
Мұхаммад: Өйткені кешке сабағым бар. | чон мäн эмшäб дäрс дарäм. | محمد - چون من امشب درس دارم. |
Рамин: Сайид ше? Ол бүгін кешке бос па? | сäйид че тор? у эмшäб бикарäст? | رامين - سعيد چه طور ؟ او امشب بيکار است؟ |
Мұхаммад: Жоқ, оның бүгін кешке қолы бос емес. | на, у эмшаб бе бикар нист. | محمد - نه. او امشب بيکار نيست. |
Рамин: Сайидтыңда сауда жасауға уақыты жоқ па? | сäйид häм бäрае хäрид вäғт нäдарäд? | رامين - سعيد هم براي خريد وقت ندارد؟
|
Мұхаммад: Жоқ, ол бүгін кешке кітапханаға барады.Ертең сауда жасауға барамыз.Қалай қарайсыз? | нä. у эмшäб бе кетабхане мирäвäд. фäрда бе хäрид мирäвим. че тор äст? | محمد - نه. او امشب به کتابخانه مي رود. فردا به خريد مي رويم. چه طور است؟ |
Рамин: Жақсы, онда біз ертең сауда жасауға барамыз. | хуб äст. пäс ма фäрда бе хäрид мирäвим. | رامين - خوب است. پس ما فردا به خريد مي رويم. |
Бүгін кешке Мұхаммад, Сайид пен Раминмен бірге сауда жасауға бара алмайтыны белгілі болды. Өйткені Мұхаммадтың сабағы бар, Сайид те кітапханаға барғысы келеді. Сондықтан Рамин Мұхаммадтың ертең бірге сауда жасауға барайық деген ұсынысына келісімін береді. Олар саудаға жасауға бара ма, әлде бармай ма және не сатып алатынын білгілеріңіз келсе, келесі бағдарламамызды қадағалаңыздар. Көп қолданатын пайдалы сөздерді үйренетіңіздерге сенімдімін. Бізбен “ Парсы тілін үйренейік ”бағдарламамызбен бірге болыңыздар! Ескерту! Жаттығуларда келтірілген “ä” дыбысы қазақ тіліндегі қысқа “а” дыбысына сәйкес келеді.