Иран: Уәкіл моншасы (128)
Қаз 09, 2021 22:45 Asia/Almaty
Уәкіл моншасы (Vakil Bath) – Шираз қаласының ең маңызды туристік тартымдылықтарының бірі.
Ол Ширазда Зендтер заманында салынған Уәкіл базары мен мешітінің жанында орналасқан. Зендтер заманында Кәрімхан Зендтің тікелей бұйрығымен салынған моншаның ауданы 11 мың шаршы метр, ал инфрақұрылымы 8660 метрді құрайды. Тарихи ғимараттың ұзындығы 120 метр, ені 80 метр.
Уәкіл моншасы бүгінде бай этнографиялық мұражайға айналды. Онда Шираздың байырғы халқының әдет-ғұрпы, киім-кешегі мен мәдениеті таныстырылады.
Тегтер