Қаз 11, 2021 17:42 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 27

Профессор Аннемари Шиммель жас кезінен Шығыс пен исламтануға қызығушылық танытып, кейін Батыста исламның ақиқаты туралы ағартушылық жұмыстармен айналысты.

 

Әлемге ойлары мен идеяларымен әсер еткен ұлы тұлғалар -   әсер ету мөлшерлері сай адамзат өмірінің тарихында қалатын ғаламдағы жарқын нүктелер. Бұл адамдар әлемде жасаған өзгерістерімен, сондай-ақ олардың қадір-қасиеттерін зерттеген ойшылдардың арқасында танымал болады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) - әлемдегі ұлы адамзат өркениетін құрған тұлға. Өз жақтастары және ойшылдармен мадақталған бұл теңдессіз тұлға мұсылман емес шығыстанушылардың да назарынан тыс қалмады.

Неміс шығыстанушысы Аннемари Шиммель өзінің «Мұхаммад (с.ғ.с.) - Алланың елшісі» кітабының кіріспесінде: «Бұл кітап  - менің мұсылмандардың пайғамбарының мінезіне қырық жыл бойы қызығушылық білдіруімнің нәтижесі. Өмірімнің екінші онжылдығында мен Мұхаммад (с.ғ.с.) есімді тұлғаны алғаш рет мистик ретінде таныдым және ол мені қатты қызықтырды. Сол жылдары бенгал тарихшысы Сейед Амир Алидің «Мұхаммадтың өмірі мен ілімі» деген кітабы мен  Андраенің ғылыми зерттеулері менің сүйікті кітаптарымның бірі болды. Берлин университетінде студент болған кезде де мен   Сүлейман Чалабидің Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы өлеңін ұнататынмын. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулерден кейін хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) барлық илаһи діндердін жалпы қағидаларын бірегейлікпен қайта анықтаған  соңғы уахи дінін әкелген соңғы пайғамбар екенін түсіндім»,- деп жазды.

Аннемари Шиммель

Профессор Аннемари Шиммель жас кезінен Шығыс пен исламтануға қызығушылық танытып, кейін Батыста исламның ақиқаты туралы ағартушылық жұмыстармен айналысты.  Әрине, Шиммельдің жарты ғасыр бойы зерттеген ислам еуропалық ғалымдар немесе христиандық діни қызметкерлер таныстырған исламнан өзгеше болды. Олар уахи сөзін бұрмалап, Ислам пайғамбарын зорлықшыл және соғысқұмар адам ретінде таныстырғысы келді. Шиммель мұны ащы деп тауып, зерттеулерінен кейін Ислам туралы: «Ислам - батыстықтар  қате түсінген және бейтаныс адамдар айыпталған дін»,- деп жазды.

Шиммель неміс, ағылшын және араб тілдерінде ислам мәдениеті, білімі, мистикасы және ислам әлемінің атақты тұлғалары туралы 100 томнан астам кітаптар жазды. Шиммельдің шығармаларының бірі - «Мұхаммад  - Алланың елшісі» кітабы неміс және ағылшын тілдерінде басылып шықты. Бұл неміс зерттеушінің жазбаларынан оның басқа пайғамбарларға қарағанда Ислам пайғамбарының жоғары мәртебесін құрметтейтіні анық. Бұл шығыстанушы Исламның ұлық пайғамбарын әртүрлі тұрғыдан қарастырады. Бұл шығармадағы Шиммельдің сөздері ырымшылдықтан алыс және  мейірімділікке толы.

Аннемари Шиммельдің «Мұхаммад (с.ғ.с.) - Алланың елшісі» кітабының оқырмандары – Батыстың мұсылман еместері. Ол Ислам пайғамбарының рухани және адами келбетін көрсету арқылы     батыстықтардың бұл ұлы тұлға туралы қате түсініктерін өзгертіп, хазіреттің (с.ғ.с.) мейірім Пайғамбары ретінде көрсетулег талпынды. Шиммель исламдық елдерге көптеген сапар шегіп,  мұсылмандардың Пайғамбарға деген адалдығын түсінді. Ол: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сүннетін ұстану және жақсы мінез-құлқына назар аудару әрбір мұсылманды таңдандырады. Дәл осы ерекшеліктің арқасында Алла елшісі (с.ғ.с.) өз ұлтының арасында ерекше танымал болып, мұсылмандардың жүрегінде орын тапты.

Шиммель австралиялық жазушы Артур Джеффри туралы: «Ақылсыз христиандар мұсылмандарды ренжітті.  Бұл мәселе мұсылман еместердің Пайғамбардың қасиеттілігі мен ұлылығын түсіне алмауынан туындайды»,- деді. Шиммель Батыс әлемдегі ең сәтті діни қозғалысты құрған пайғамбар Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ұлылығы туралы қате теориялар жасады деп есептейді. Ол: «Біздің заманымызда, жылдар бойы исламды жойылуда деп санайтын Батысты  мұсылмандардың  оянуы мен өздерің жаңадан тануы таңғалдырды. Мұсылмандардың өздерін жаңадан тануы Батысты мұсылман мәдениетін жақсы түсіну үшін Исламның кейбір негізгі діни және әлеуметтік идеяларын қайта қарауға мәжбүрледі.  Мен де   мұсылман емес оқырманға хазірет Мұхаммадттың (с.ғ.с.) кез келген адам үшін ең жақсы үлгі екенін көрсеткім келеді. Мұсылмандардың хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) аңсауы өте күшті және терең. Ғасырлар бойы қанша ер адамдар оны құрметтеп, оған жүгінді. Пайғамбар (с.ғ.с.) намаздың ташахудында хазіретті Алланың елшісі деп куә ететін барлық адамдар үшін жақсы мәңгі үлгі»,- деді.  

Шиммель еңбегінің бірінші тарауында Пайғамбардың сіңірген қызметі туралы тоқталып: «Хазірет Мұхаммад ой теңізіне батып   және өз заманының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінен жоғары және лайықты нәрсені іздеді. Хазірет кейбір уақытта Мекке маңындағы Хира үңгіріне барды және дәл сол жерде оның өміріне алғашқы илаһи уахи жіберіліп, бұйрық берілді. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өзі   және Құран аяттарында бірнеше рет хазіреттің адам екені туралы айтылды. Бұл адамның ерекше артықшылығы - Алланың уахиін қабылдай алатын қабілетке ие болуы.  Жаратушы бұл қасиет оған сый етті. Ол өзіне сый етілген әр нәрсені Алланың  рақымынан басқа ештеңе емес екенін білді. Ол халыққа рақымды жеткізу делдал болу үшін таңдалды. «Алладан басқа Құдай жоқ екеніне куәлік етемін» және «Мұхаммад (с.ғ.с.) Алланың елшісі екеніне куәлік етемін» деген екі бөліктен тұратын сөйлем хазіреттің жеке және әлеуметтік саладағы өмір сүру салтының дінді қабылдағандар үшін  заңды және тиімді екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда, оның мінез-құлқы - халық үшін ең жоғары бедел мен үлгі»,- деп жазды.

Шиммель Пайғамбарды (с.ғ.с.) таныстырып: «Пайғамбар Мұхаммад (с.ғ.с.) ең ізгі адам, өте әдемі және тартымды болды. Пайғамбардың сыртқы сұлулығы ішкі сұлулығының айнасы болды. Өйткені Алла оны кемел қылып жаратты. Пайғамбардың (с.ғ.с.) хош иісі туралы хикаяда Миғраж түнінде хазірет Алланың алдына бара жатқан кезде бетінен бірнеше тамшы жерге түсіп, одан хош иісті гүл өсіп шыққаны айтылды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ақлағының тартымдылығы туралы көптеген көркем туындылар жасалды және ақындар, жазушылар мен мистиктер Пайғамбардың естеліктері туралы айтты»,- деді. Германияның бұл шығыстанушысының пікірінше, егер хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтерге ие батыс оқырмандары барлық жаңалықтар мен хабарларда пайғамбардың ең басты сипаты  кішіпейілділігі мен жанашырлығы екенін түсінсе, таң қалатын еді. Көптеген дереккөздер әрқашан хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әлсіздерге ерекше көңіл бөлуі және мейірімділігі туралы айтқан. Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның отбасының қарапайым өмір сүруі де адамдарды өзіне тартатын фактор болды. Пайғамбар барлық адамдарға  мейірім болды. Балаларға деген сүйіспешіліні баршаға танымал еді. Хазірет көшеде балалармен амандасып, олармен бірге ойнайтын. Сондай-ақ Пайғамбардың аналарды қатты құрметтеуін еске алмауға болмайды.

Шиммель хазірет Мұхаммадтың бұл дүние мен ақырет істерін біріктіру қабілеттілігі туралы: «Пайғамбар өмірінің тағы бір қыры - дін мен үкіметтің бірігуі. Мұсылмандардың көзқарасы бойынша, Пайғамбар адамдарды бақытты жолға нұсқау үшін илаһи хабарды насихаттау саласында дүниелік құралдарды қолдануы керек. Бұл ерекшелік Мұхаммадтың (с.ғ.с.) міндетінің ұлылығын арттырады. Мұсылмандар батыс либералдарынан керісінше дін мен саясатты ажыратпайды.

Жалпы, «соңғы Пайғамбар (с.ғ.с.) жиһад пен бейбітшілікте, саяхат, дін мен әлемдегі, өмір мен әрекеттің әр кезеңінде - адамгершілік пен руханияттың кемелдігінің үлгісі. Оның не істегені мәңгілік үлгі болып қала береді» деп айтуға болады.

 

Тегтер