Гүлістан ұлттық саябағы немесе Гүлістан орманы – Солтүстік Хорасан облысының батысында, Гүлістан облысының шығысында орналасқан қорық.
Бұл қорық – жабайы жануарлар дүниесіне қолайлы жер. Осы күнге дейін өсімдіктің 1365 түрі, сүтқоректілердің 69 түрі, құстардың 150 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 24 түрі анықталды. Ирандағы сүтқоректілердің жартысы шамамен 900 шаршы шақырым аумақта тіршілік етеді. Сол себепті ЮНЕСКО тарапынан Жер планетасының биосферасын сақтайтын жер ретінде әлемдік мұра тізіміне тіркелген.