Жетекшілік хадисы 42
Ата-анаға жақсылық жасау және олармен әдепті әрі құрметті қарым-қатынас орнату адамды бақытты ететін ғамалдардың бірі саналады.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыры ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт...»,- деді. («Ахкаф» сүресі, 15-ші ят). Бұл аяттың тәпсірінде Құранның әйгілі тәпсіршісі ғұлама Табатабаи: «Адамдар Алладан Өзінің нығметтеріне шүкір айтып, адал ғамал етіп, ата-анасына жақсылық жасап, перзенттері де ата-анасының үлкендерді құрметтегенін көріп, оларға жақсылық жасап, құрметтейтін болсын деп сұрайды»,- деп жазған. Закария бен Адам деген адам: «Мен христиан едім. Мұсылман болып, Алланың үйін зиярат етуге аттандым. Мәдинеде имам Садық (ғ.с.)-ды көрдім. Өзімнің бұрын христиан болып, кейін Исламға бет бұрып, осы кезде мұсылман екенім туралы айтып, өзімді таныстырдым. Әке-шешемнің христиан екендікгін, анамның зағип және өзімнің олармен бірге өмір сүріп, бірге тамақтанатынымды айтып, «бұл ісім айып па?» деп сұрадым». Имам: «Олар шошқаның етін жейді ме?»- деп сұрады. «Жоқ, еш уақытта жемейді»,- деп жауап бердім. Имам: «Ондай болса, анаңмен тамақтануыңның айыбы жоқ. Оған көбірек жақсылық жаса және дүниеден озған кезде өзің жерле»,- деді. Қажылық аяқталған соң Куфеге оралдым. Имамның берген кеңесі бойынша анама бұрынғыдан көбірек мейірімділік білдірдім. Киімін тазалап, шашын жуып, қызмет еттім. Күндердің бірінде анам: «Балам сен христиан болған кезінде маған осыншама мейірім мен махаббат білдірмейтін едің. Мұсылман болғаннан бері құрметің көбейді» деді. Мен: «Бұл пайғамбарымыздың ұрпағының насихаты» деп жауап бердім. Анам: «Ол пайғамбар ма?» деп сұрады. «Жоқ, ол хазірет ұрпағының бірі»,- дедім. Содан соң анам: «Ұлым, сенің дінің ең жақсы дін. Маған да үйрет мен де мұсылман болайын»,- деп өтінді. Мен анама тілін кәлимаға келтіру мен намазды үйреттім. Ол барлық намазды оқыды. Сол түнде оған хабар жетіп, маған: «Маған айтқан нәрселеріңді қайтадан айт» деді. Менің айтқанымды анам қайталады. Содан соң ол дүниеден озды. Таң атқан кезде мұсылмандар жиналды. Жаназа намазды өзім оқып, имам Садықтың айтуы бойынша анамды өз қолыммен жерледім»,- деп есіне алатын. Алла Тағала Құран Кәрімде адамдарға 23 реттен артық жерде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырады. «Исра» сүресінің 23-ші аятында: «“Түһ” деме (кейіс білдірме)...»,- деп, аз ғана болса да анаға жиіркеніш білдірмеуді ескертеді. Бұл аят туралы имам Садық (ғ.с.)-ның хадисінен: «Егер «түһ»-тен де кішкентай нәрсе болғанда Раббымыз перзенттерге оны да айтуға рұқсат етпейтін еді»,- деп оқимыз. Исламның ұлық пайғамбары ата-ананың құқықтары туралы сұраған адамға: «Ата-ана сенің жәннәтің және тозағың. Олар риза болса, орның жәннәтта, ашуланса тозақта»,- деген болатын. Хазіреттің басқа хадисінен: «Ата-ананың уайым-қайғыға батып, қорлық көруінен қорқыңдар. Жәннәттің хош иісі 500 жылға созылатын жолдан жетеді, бірақ еш уақытта ата-ананың ашу-ызасына себеп болған адамдарға жетпейді»,- деген болатын. Бұл жәйт мұндай адамдардың жәннәтқа түспейтіндіктерін, сонымен бірге одан өте алыстап, тіпті жақындай алмайтындықтарын, тіпті барлық кеңістікке жайылған жәннәттің хош иісін де сезбейтіндіктерін көрсетеді. Ата-анаға жақсылық жасап, жақсы қарым-қатынас орнату туралы көптеген хадис бар. Мәселен, Исламның ұлық пайғамбары өз жақтастарына: «Кімде-кім көп өмір сүріп, мол ырзыққа ие болып, өмірінен ләззат алғысы келсе және өз перзенттері оларды құрметтесін десе, ата-анасына жақсылық жасауы керек. Өйткені бұл ғамал Аллаға бағынудың бір бөлімі саналады»,- деп айтқан болатын. Хазірет сонымен бірге: «Тіпті жаман бұзақы ададмардың өздері де ата-анасын құрметтеп, оларға жақсылық жасап бұл дүниеде жақсы мүмкіндіктерден пайдалануы мүмкін»,- деді. Имам Бақер (ғ.с.) де: «Ата-анаға жақсылық жасау кедейшіліктен құтқарып, жаман өлімнің 70 түрінен алыстатады»,- деп айтқан болатын.