Жетекшелік хадисі 41
Кемшілікті іздеуге қарсы оларды жасыру деген қасиетті байқауға болады. Бұл қасиет мүміндердің ең үлкен ерекшеліктерінің біріне жатады.
Исламда оған ерекше назар аударылған. Ислам дінінің насихаттаған ғамалдардың бірі Алланың пенделерінің кемшіліктерін жасыру болып табылады. Кек пен оқшаулануға себеп болатын біреудің мінін теруге қарсы кемшіліктерді жасыру сынды қасиет достық пен махаббаттың нығайып, адамдардың бір-біріне сенім артуына ұластырады. Имам Әли (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінен: «Алла сенің кемшіліктеріңді жасырды қалағандай сен де халықтың кемшіліктерін мүмкіндігінше жасыр»,- деп оқимыз. Исламның ұлық пайғамбары да кемел адам ретінде басқалардың кемшіліктерін әшкерелемейтін. Хазірет өз жақтастарына да: «Бұл дүниеде мұсылман бауырыңның кемшіліктерін жасыр, оны әшкерелеме. Сонда Алла Тағала қияметте сенің де кемшіліктеріңді жасырады»,- деген болады. Кемшілікті жасыру, яғни басқа адамның кем-кетігін жалпақ жұртқа жария етпеу деген сөз. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан жирендіру мүмін бауырдың кемшілігін оның өзіне ғана айтып, одан құтылуға көмектесуді қарастырады. Исламның ұлы тұлғалары кемшіліктерді жасыруды, әсіресе басшылардың халықтың кемшіліктерін жасыруды өте маңызды деп санайды. Имам Әли (ғ.с.) Малек Аштарға жазған хатында: «Халықтың арасында көзге көрінбейтін кемшілік көп. Сондықтан олардың әшкерелеуге асықпа. Жасырын істерге Алланың Өзі төрелік етеді. Қолыңнан келгенше кемшіліктерді жасыр, сонда Алла Тағала да сенің кемшіліктеріңді жасырады»,- деген болатын. Хазірет басшыларға берген келесі ақыл-кеңесінде: «Халықпен істің егжей-тегжейі туралы санаспа. Жаман істерге көз жұма қарап, қадіріңді көтер»,- деген болатын. Ең жаман қылыққа адамның өзінің кемшілігін көрмей, басқаның мінін теруі жатады. Имам Әли (ғ.с.): «Дәл өзіңнің бойыңда бар кемшілікті басқадан іздеу ең үлкен кемшілік саналады»,- деген болатын. Әйгілі тұлғалар басқалардың кемшіліктерін іздеудің орнына өздерінің кемшіліктерін іздеп, соларды жоюға талпынады. Имам Әли (ғ.с.) рауаяттардың бірінен: «Өздерінің кемшіліктеріне назар аударып, халықтың кемшіліктерін іздеуге уақыт таппайтын адамдар қандай бақытты» және келесі бір жерден: «Кемшілік іздейтін адам істі алдымен өзінен бастауы керек»,- деп оқимыз. Басқалардың кемшіліктерін іздеу ұқсас нәтижеге жеткізіп, кемшілік ізейтін адамның өзінің кемшіліктері әшкереленуі мүмкін. Хазірет Иса (ғ.с.) бұл туралы: «Өздеріңнің кемшіліктеріңді іздемесің десендер, басқалардың кемшілігін іздемеңдер. Өйткені басқалармен қалай қарым-қатынас орнатсаң оларда сенімен соған ұқсас қарым-қатынас орнатады. Кейбір кезде көрген нәрсені көрмегендей өтіп кету керек»,- деген болатын. Кемшіліктерді жасыру – Алланың қасиеттерінің бірі. Халықтың кемшіліктерін жасыратындар Алланың дінін ұстанатындардың қатарына жатады. Хадистердің бірінде қияметтің келетіні туралы айтылған. Сол күні Алла елшісі «Менің үмбетімді періштелер мен пайғамбарлар сынды сынамаңдар» дейді. Пайғамбар Алладан үмбетін күшейтуді сұрайды. Исламның ұлық пайғамбары өз талабын жариялаған соң, Алла Тағала берген жауабында: «Уа, досым! Мен пенделеріме сенен гөрі мейірімдірекпін, өйткені сенің өзіңнің кемшіліктеріңнің әшкереленгенін жақсы көрмейтіндігің сынды Мен де олардың кемшіліктерін тіпті сен үшін болса да жасырамын. Олардың кемшіліктерін Өзімнен басқа ешкім білмейді»,- деді. Дұғалардың көбінде кемшілікті жасыру мадақталған. Мәселен, имам Саджад (ғ.с.)-ның «Сахифе Саджадие» атты маңызды кітабындағы 16-шы дұғаның бір бөлімінде: «Уа, менің Жаратушым! Көптеген кемшілігімді жасырып, әшкерелемегенің үшін мадақтаймын. Көптеген күнәмды жасырып, оларды әшкере етпедің, көп жамандық жасасам да абыройымды төкпедің. Кемшіліктерімді ізейтін көршілеріме жамандықтарымды әшкерелемедің. Нығметтеріңді көре алмайтын қызғаныштарды жасырдың»,- деп оқимыз. Пайғамбарға жіберілген «Джоушан Кабир» дүғасында «жамандықтарды жасырушы, сұлулықтарды әшкерелеуші» деп айтылған. Дүғаның бұл сөйлеміне жасаған тәпсір туралы имам Садық (ғ.с.)-ның рауаятында: «Әр мүміннің ісі аспанда әшкере болады. Рукуһ, сәжде және басқа жақсы ғамалдар мен жақсылық жасаған кезде адамның жақсылықтары аспанда әшкереленіп, періштелер оған сәлем жолдап, салауат айтады.. бірақ егер адам күнә жасаса, Алла Тағала оны періштелерден жасырады»,- деп айтылған болатын.