Сәу 20, 2016 12:57 Asia/Almaty

Ибалық – адамның ғамалдарындағы байсалдылық пен абырой, адамгершілік пен дамуға себеп болып, жағымсыз істерді іске асырудан алыстататын ішкі жағдай.

Көбінде ибалықтың бастауы басқалардың алдында әшкереленуден қорқу болып табылады. Адам ибалы және ұяты бар болған сайын оның адамгершілігі молырақ және ғамалдары байсалдырақ болып келеді. Исламның ұлық пайғамбары: «Иба сақтау – әр адамның әшекейі. Ұятсыздық әр адамды сұрықсыз етіп көрсетеді»,- деген болатын. Ар мен ұят бұтақтарында миуа самсаған жеміс ағашы сынды. А..Елшісі бұл туралы: «Ұялшақтық мейірімділік, сыпайылық, Алланы ұмытпаудан, жамандықтан алыстаудан, кешірімділік пен әдептіліктен тамырланады. Мұның барлығы ақылды адам ибалығымен ұтады деген заңның ережелері. Алланың насихаттарын қабылдап, әшкереленуден қорқатын адам қандай жақсы»,- деген. Рауаяттардың көбінде ибалық адамдардың жақсы қасиеті ретінде таныстырылған. Өйткені адамның ерекшелігі саналатын ақыл ұятты қажет етеді. Ақыл мен ұят – адамның әшекейлері. Хазірет Әли (ғ.с.): «Жебірейіл хазірет Адамның қасына келіп: «Мен саған үш нәрсені ұсынуға міндеттелдім. Сен біреуін таңда»,- дейді. Хазірет Адам: «Жебрейіл, ол үш нәрсе не?»- деп сұрағанда Жебрейіл: «Ақыл, ұят және дін»,- дейді. Хазірет Адам: «Ақылды таңдадым» дегенде Жебрейіл ұят пен дінге қайтуды бұйырады. Сонда ұят пен дін: «Жебірейіл, бізге әрқашан ақылмен бірге болу туралы бұйрық берілген»,- деп айтқанда Жебірейіл: «Өздерің білесіңдер»,- деп жоғары көтеріледі. Басқа рауаяттарда ұят адамның Аллаға деген иманына қатысты айтылған. Иманның қажеттілігі адамның бойында ұяттың болуымен байланысты. Исламның ұлық пайғамбарының рауяттарының бірінде: «Ар мен ұят иманның белгілері. Ұяты жоқ адамның иманы да болмайды»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.): «Ұят иманнан туады. Имандының орыны – жәннәт»,- десе, басқа бір сөзінде: «Иба мен иман бір жерден тамырланады. Екеуінің біреуі жоғалса, екіншісі де жоғалады»,- деген болатын. Сондықтан ұят пен ибалық – имандылықтың жемісі. Адамның иманы мықтырақ болған сайын ғамалдарынан ұят пен иба көбірек байқалады. Иманы осал адамдар көбірек күнә жасайды. Кейбір хадистерде Алланың барлық жерде болып, барлық жерді бақылауына назар аудару ұяттың нығаюына себеп болатыны туралы айтылған. Имам Саджад (ғ.с.): «Ұлы Алладан Оның күш-қуаты мен құдыретіне байланысты қорық және саған жақын болуына байланысты ұял»,- деген. Имам Садық (ғ.с.): «Мен Жаратушының мен туралы хабардар екенін біліп, Одан ұялдым»,- деп айтқан болатын.Исламның ұлық пайғамбары: «Сендерді көріп тұрғандардан ұялыңдар. Сендер оларды көрмейсіндер»,- деп айтқан. Бұл хадисте Алла Тағала мен періштелер туралы айтылған. Сонымен бірге ұят пен иба мұсылманның Бақылаушысының алдындағы ұятты сезуі. Мұндай ұят пен иба Алладан қорқудан туындайды. Бұл рауаятқа назар аудару ұят пен именудің пайда болуының себебіне Бақылаушының болуын сезу жатады. Сол себепті көбінде біздің көпшіліктің алдындағы ғамалдарымыз жалғыз болған кездегі ғамалдарымыздан өзгеше болады. «Ниса» сүресінің 108-ші аятында Жаратушы ұялмайтын адамдарды айыптап: «Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды»,- деп ескертеді. Хадистердің бірінде Абузардің мынадай сөзі айтылған: "Пайғамбар менен: «Әй, Абузар жәннәтқа кірген келеді ме?»- деп сұрады. «Иә, Алла Елшісі»,- деп жауап бердім. «Ондай болса, қалауың мен армандарыңды азайтып, әрқашан өлімді естен шығарма және Алладан ұял»,- деді хазірет. Мен: «Иә, хазірет, мен Алладан ұяламын»,- дедім. Алла Елшісі: «Алладан ұялу деген қабірді және оның ішіндегі қиындықтарды ұмытпау, харам тамақтан асқазанды сақтап, көзің, құлағың және тіліңді тыйым салған нәрселерден тыю. Өйткені ақыреттен жақсылық күткен адам дүниенің харам зейнеттерін ұмытуы керек»,- деді»,- деп есіне алатын. Ұяттың жағымды бір түріне адамның өзі мен өз ұжданынан ұялуы және ешкім көрмейтін жерлерде де шариғат пен заңға қайшы әрекет жасаудан бас тартуы жатады. Имам Әли (ғ.с.) ұяттың мұндай түрін ең жақсы түр деп таныстырып: «Ең жақсы ұят өз нәпсіңнен ұялу»,- деп айтқан болатын.