Генерал Солейманиге қастандық жасау халықаралық құқық тұрғысынан (8)
Халықаралық сот мемлекеттер арасындағы дауларды шешудегі ең маңызды халықаралық сот органы болып саналады.
Халықаралық сот мемлекеттер арасындағы дауларды шешудегі ең маңызды халықаралық сот органы болып саналады. Иранның құқық профессоры Сейед Бақер Мираббаси: «Халықаралық сот жарғысы халықаралық дауларды шешуді мемлекеттердің өз дауларын осы Халықаралық сотқа жіберу келісіміне байланыстырды. Басқаша айтқанда, соттың құзыретін беретін дауласушы тараптардың келісімі»,- деді. АҚШ-тағы халықаралық дауларды шешу бойынша сарапшы Станимир Александров: «Әрбір үкімет Соттың юрисдикциясына қанағаттанатынын білдіру үшін Сот Статутын қабылдаған болуы керек»,- деп мәлімдеді. Халықаралық Сот Статутының 36-шы бабының 1-тармағында мұндай юрисдикция қарастырылған: «Соттың юрисдикциясына талап қоюшылар жүгінетін барлық даулар жатады. Ол сондай-ақ БҰҰ Жарғысының немесе қолданыстағы шарттар мен конвенциялардың барлық ережелерін қамтиды».
Соңғы онжылдықтарда дипломатиялық өкілдіктерге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдеріне қарсы террористік қылмыстар жасау көбейді. Нәтижесінде БҰҰ дипломаттар мен халықаралық деңгейде қолдау көрсетілетін жеке тұлғаларды қорғауға деген ұмтылысын растады. Ақырында, 1973 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ халықаралық қорғалатын адамдарға қарсы қылмыстардың алдын алу және жазалау туралы конвенцияны ратификациялады. Осы арада АҚШ да, Иран да Халықаралық Соттың юрисдикциясын қабылдаған шарттардың бірі 1973 ж.14 желтоқсанда қабылданған Халықаралық қолдау көрсететін тұлғаларға, соның ішінде саяси агенттерге қарсы қылмыстардың алдын алу және жазалау туралы конвенция болып табылады. Кейбір қылмыстарды, соның ішінде халықаралық қорғауға ие адамдарға қарсы қылмыс жасауға тыйым салатын конвенция дауларды шешу механизмін қарастырды. Конвенцияға сәйкес, ресми жерде үкіметтің қызметкеріне немесе өкіліне қарсы қылмыс жасалса, ол халықаралық құқық бойынша кез келген шабуылдан ерекше қорғануға құқылы.
1973 жылғы 14 желтоқсанда қабылданған «Халықаралық қорғалатын адамдарға қарсы қылмыстардың алдын алу және жазалау туралы» конвенцияға сәйкес адамды өлтіруге, ұрлауға, қорғауға ие адамды босатуға немесе миссияға шабуыл жасауға әкелетін кез келген қасақана әрекет қылмыс болып табылады. Сондықтан бұл конвенцияға сәйкес, генерал Сулеймани мен оның қасындағылардың өлтірілу мәселесі Халықаралық сотта көтеруге болады. Өйткені шәһид Солеймани Иранның жоғары лауазымды әскери қызметкері ретінде Ирак үкіметінің ресми шақыруымен Иракта заңды түрде болған.
Келесі механизм – генерал Солеймани мен оның қасындағылардың өлтірілуін Халықаралық қылмыстық сот арқылы қарастыру. БҰҰ халықаралық қылмыспен күресу үшін қылмыстық соттарды құрды, соңғы рет 2002 жылы Халықаралық қылмыстық сот құрылды. Сот кінәлілерді жазалаумен қатар, зардап шеккендердің жарақаттарын қалпына келтіруге баса назар аударып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату мәселесіне де назар аударды. Ирандағы құқық саласындағы зерттеуші Пейман Намамиан: «Статуттың 5-бабына сәйкес, Халықаралық қылмыстық сот төрт ауыр халықаралық қылмыс, соның ішінде геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс, әскери қылмыстар және басқа елдер жерлерін басып алу қылмыстары бойынша айрықша юрисдикцияға ие. Терроризмнің кейбір түрлері Жарғысының 5-бабында көрсетілген қылмыстардың мысалдарына кірсе, Сот оларға қатысты юрисдикцияны жүзеге асыруға жанама түрде уәкілетті болады»,- деді. Генерал Солейманиді қарсы террорымен АҚШ заңсыз түрде ресми басшыларға қарсы зорлық-зомбылық пен қорқытуды қолданды. АҚШ әрекеті мемлекеттік терроризмнің айқын мысалы болып табылады. АҚШ үкіметі мен Президентінің өзі осы қылмыстық әрекетті іске асырушы ретінде, сондай-ақ бұл әрекетке қатысты барлық адамдар халықаралық жауапкершілікке ие және олардың қылмысы заңды қудалауға жатады. АҚШ-тың бұл лаңкестік әрекеті халықаралық гуманитарлық құқық тұрғысынан халықаралық құқықтың ең айқын қағидаттары мен нормаларын бұзу, оның ішінде араласпау қағидаттары, мемлекеттердің егемендігі, шабуыл жасамау және мемлекет өкілдерінің иммунитеті принципін бұзу болып табылады. Халықаралық ережелерді бұзу қылмыстық және азаматтық жауапкершілікті де тудырады. Олардың ішінде халықаралық құқық нормаларын бұзғандарға қылмыстық жауапкершілік және халықаралық құқық нормаларын бұзатын әрекеттерді жатқызуға болатын мемлекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік жатады. Сондықтан АҚШ үкіметі де, Дональд Трамптың өзі де генерал Солейманиді, Әбу Маһди Мохандес пен олардың қасындағыларды өлтіргені үшін халықаралық құқық нормалары бойынша жауап беруі керек.
Халықаралық құқық комиссиясының күш-жігеріне қарамастан мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі жобасы таза азаматтық сипатқа ие және тек мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігін қарастырады. Сондықтан осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде үкіметтердің қылмыстық жауапкершілігі туралы кодификацияланған заң қабылданған жоқ. Сондай-ақ үкіметтердің қылмыстық жауапкершілігін қарастыратын уақытша немесе тұрақты халықаралық соттар құрылмаған, ал осы уақытқа дейін құрылған соттар тек мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық жауапкершілігін қарастырады. Осыған сәйкес, американдық биліктің халықаралық қылмыстық жауапкершілігін жүзеге асырудың маңызды құқықтық элементтерінің бірі Халықаралық қылмыстық сот статутының баптары болып табылады. Жарғы халықаралық өлшемде генерал Солейманиді өлтірушілердің қылмыстық жауапкершілігін тануға теориялық тұрғыдан жол аша алады. Халықаралық судья және заңгер Антонио Кассезе (итал. Antonio Cassese): «Халықаралық қылмыстық құқық тұрғысынан халықаралық қылмыс халықаралық ережелерді бұзуды білдіреді»,- деді.
Халықаралық қылмыс жасалғаннан кейін бірден индивидуалды қылмыстық жауапкершілік мәселесі туындайды. Иран Құм университетінің заң профессоры Абольфатх Халеқи: «Әскери қылмыстың материалдық элементі мемлекет жасаған әрекеттер емес, сол мемлекеттің заңсыз күш қолдануына әкелетін жеке адамдардың әрекеттері болып табылады»,- деді. Тиісінше, генерал Солейманиді өлтіру қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттерге АҚШ президенті мен өлтіруге қатысқан әскери және қауіпсіздік қолбасшылары жауапты. Дональд Трамптың генерал Сулейманиді өлтіру туралы бұйрығы Пентагонның мәлімдемесінде нақты айтылған және бұл бұйрықты АҚШ әскери шенеуніктері орындаған. Сондықтан бұл әрекетті жасағандар мен басқарушылардың жеке халықаралық қылмыстық жауапкершіліктері Халықаралық қылмыстық соттың статутына сәйкес белгіленген деп айтуға болады.
Бүгінгі бағдарламада біз генерал Солеймани мен оның қасындағы адамдардың өлтірілуіне байланысты Халықаралық сот пен Халықаралық қылмыстық сот сияқты халықаралық соттарда жауапқа тарту шешімдеріне тоқталдық. Тиісінше, 1973 жылы 14 желтоқсанда қабылданған «Халықаралық қорғалатын тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алу және жазалау туралы» конвенцияға сәйкес, АҚШ үкіметін генерал Сулейманидің өлтірілуіне жауапты ретінде қудалау Халықаралық сот арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамптың және қастандыққа қатысқан әскери және қауіпсіздік қолбасшыларының бұл лаңкестік әрекеті Халықаралық Қылмыстық Сот Статутын және халықаралық құқықтың ең айқын қағидаттары мен нормаларын, соның ішінде араласпау, егемендік принципі, күш қолданбау принципін бұзады. Осыған орай кейбір халықаралық қылмыскерлер сотталғандай, оларды да халықаралық сот арқылы жауапқа тарту болады.