Сәу 20, 2016 13:10 Asia/Almaty

Адамның басқаларға көмектесуіне кедергі тудыратын ішкі ең маңызды себептердің бірі оның сараңдығы болып табылады. Сараңдық – адамды мүлікті дұрыс пайдалануға, оларды басқа сыйлауға етуге рұқсат етпейтін сипат.

Сараң адам өзі ғана емес, басқаларды да көмектесуден тыяды. Сараңдық қайырымдылық пен жомарттыққа қарсы тұрады. Егер адам өзінің дүние мүлкі мен қаржысын дұрыс әрі орынды жұмсаса, қайырымды да жомарт адам болады. Бірақ, егер қажетті жерде дүние мүлкін жұмсаудан бас тартса, сараң саналады. Имам Садық (ғ.с.) мұндай адамдар туралы: «Сараң адам өзі мен халықтың қолында бар нәрселерді қимайды. Сараң адам басқалардың қолынан көрген әр нәрсені кез келген жолмен – халал немесе харам жол арқылы болсын өзінің қолына түсіруді армандайды. Ол Алланың жіберген ырзығына қанағаттанбайды»,- деп айтқан болатын. Әрине мұндай жағдайда кедейлер мен мұқтаждар ұмытылып, басқалардың оларға білдіріп отырған мейірімділігі мен қайырымдылығы да тоқтайды. Кедейлер мен байлардың арасы алшақтап, қоғам дағдарысқа тіреледі. Исламдық мәтіндер мен рауаяттарда сараңдық туралы көп айтылған. Мәселен, сөзінің бірінде имам Әли (ғ.с.): «Сараңдық – сыртқа көрінетін жаман сипат. Сараңдық – адамды жамандыққа қарай тартатын құрал»,- десе, келесі бір сөзінде: «Қолында бар нәрсеге сараңдық білдіру Жаратушыға күмән келтіру»,- деп айтқан болатын. Шайтан адамды әрқашан кедейліктен қорқытады, ал Ұлы Алла болса жақсылығын уәде етеді. «Саба» сүресінің 39-шы аятынан: «Мұхаммед (с.ғ.с.): «Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді. Ол ризық берушілердің ең жақсысы” де»,- деп оқимыз. Жалқаулық халықтың мәселерін шешуге кедергі тудыратын және көптеген зиян келтіретін келесі факторлардың бірі саналады. Бұл адамның діні мен адамгершілігінің төмендеуінің белгісі болып табылады. Жалқаулық уәжіптерді орындауға, басқалардың құқыларын бұзбауға және халықтың проблемаларын шешуге тыйым салады. Рауаяттардың бірінде имам Садық (ғ.с.) өз перзенттеріне: «Жалқаулықтан абай болыңдар, өйткені ол сендерді бұл дүние мен ақыреттен пайдаланудан алыстатады»,- деп ақыл-кеңес берген. Имам Әли (ғ.с.) да бұл туралы: «Жалқаулықтан алыстаңдар. Өйткені жалқау адам Алланың алдындағы міндеттерін орындай алмайды»,- деп ескерткен. Басқа жақтан әр адамның құндылығы оның жігеріне байланысты. Жігері жоғары адам әрқашан үлкен жұмыстарды орындауды көздейді. Мұндай адамның дүниелік мүдделеріне жетуіне көңілі толмайды. Ол басқаға көмектесу арқылы Алланың ризалығы мен Оның рақымдылығына ие болу туралы ойлайды. Бәлкім, осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Қайырымдылық – жігері жоғары адамдардың белгісі»,- деп айтқан болар. Адамға сыйланған илаһи нығметтердің бірі ұят-абырой, намыс саналады. Олар адамды жамандық жасаудан сақтайды. Алайда ұят әрқашан дұрыс әрі жақсы ма? Исламның ұлық пайғамбары әулетінің мектебінде ұят жағымды (орынды) және жағымсыз (орынсыз) болып екіге бөлінеді. Орынды ұят – ақыл мен ілімнің, орынсыз ұят надандық пен ақымақтықтың белгісі болып табылады. Ақиқатты айтатын кезде ұялып, ақиқатты айтпайтын және ұялмайтын жерде ұялу – орынсыз ұяттың үлгісі. Имам Әли (ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар. Үлкен іс болып саналатын істі кішірейтпеңдер, сондай-ақ, кішкентай нәрсені үлкейтпеңдер», сонымен бірге: «Азғантай нәрсені сыйлаудан ұялмаңдар»,- деген. Сол себепті ақиқатты айтудан, басқалардың алдында мұқтажға көмектесуге, халықтың істеріне арағайындық етуге және жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан алыстатудан ұялған дұрыс емес. Өйткені бұлар адамның діни міндеттерін орындап, дүние мен ақыреттегі берекелеріне жетуіне кедергі болады. Өлім мен қияметті ұмыту да адамдардың мәселелерін шешуге кедергі болатын мәселелердің бірі саналады. Қиямет пен сол күндегі есеп-қисапқа сену күнәлар мен жамандықтардан алыстатып, жақсылық жасап, халықтың қиындықтарына ортақ болып, көмектесуге себеп болатын ең маңызды мәселе. Имам Садық (ғ.с.): «Өлімді еске алу нәпсінің қалауын төмендетіп, бейқамдықтың тамырын жойып, жүректерді Алланың уәделерімен күшейтеді; мейрімділікті көбейтіп, нәпсіні азайтып, тозақ отының жалынын өішіріп, дүниені болмашы етіп көрсетеді»,- деп айтқан болатын. Сондықтан өлімді еске алу жүректердегі татты кетіріп, оларды жұмсартып, Аллаға құлшылық ету мен халыққа жақсылық жасаудың жолдарын жеңілдетеді.


Адамның басқаларға көмектесуіне кедергі тудыратын ішкі ең маңызды себептердің бірі оның сараңдығы болып табылады. Сараңдық – адамды мүлікті дұрыс пайдалануға, оларды басқа сыйлауға етуге рұқсат етпейтін сипат. Сараң адам өзі ғана емес, басқаларды да көмектесуден тыяды. Сараңдық қайырымдылық пен жомарттыққа қарсы тұрады. Егер адам өзінің дүние мүлкі мен қаржысын дұрыс әрі орынды жұмсаса, қайырымды да жомарт адам болады. Бірақ, егер қажетті жерде дүние мүлкін жұмсаудан бас тартса, сараң саналады. Имам Садық (ғ.с.) мұндай адамдар туралы: «Сараң адам өзі мен халықтың қолында бар нәрселерді қимайды. Сараң адам басқалардың қолынан көрген әр нәрсені кез келген жолмен – халал немесе харам жол арқылы болсын өзінің қолына түсіруді армандайды. Ол Алланың жіберген ырзығына қанағаттанбайды»,- деп айтқан болатын. Әрине мұндай жағдайда кедейлер мен мұқтаждар ұмытылып, басқалардың оларға білдіріп отырған мейірімділігі мен қайырымдылығы да тоқтайды. Кедейлер мен байлардың арасы алшақтап, қоғам дағдарысқа тіреледі. Исламдық мәтіндер мен рауаяттарда сараңдық туралы көп айтылған. Мәселен, сөзінің бірінде имам Әли (ғ.с.): «Сараңдық – сыртқа көрінетін жаман сипат. Сараңдық – адамды жамандыққа қарай тартатын құрал»,- десе, келесі бір сөзінде: «Қолында бар нәрсеге сараңдық білдіру Жаратушыға күмән келтіру»,- деп айтқан болатын. Шайтан адамды әрқашан кедейліктен қорқытады, ал Ұлы Алла болса жақсылығын уәде етеді. «Саба» сүресінің 39-шы аятынан: «Мұхаммед (с.ғ.с.): «Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді. Ол ризық берушілердің ең жақсысы” де»,- деп оқимыз. Жалқаулық халықтың мәселерін шешуге кедергі тудыратын және көптеген зиян келтіретін келесі факторлардың бірі саналады. Бұл адамның діні мен адамгершілігінің төмендеуінің белгісі болып табылады. Жалқаулық уәжіптерді орындауға, басқалардың құқыларын бұзбауға және халықтың проблемаларын шешуге тыйым салады. Рауаяттардың бірінде имам Садық (ғ.с.) өз перзенттеріне: «Жалқаулықтан абай болыңдар, өйткені ол сендерді бұл дүние мен ақыреттен пайдаланудан алыстатады»,- деп ақыл-кеңес берген. Имам Әли (ғ.с.) да бұл туралы: «Жалқаулықтан алыстаңдар. Өйткені жалқау адам Алланың алдындағы міндеттерін орындай алмайды»,- деп ескерткен. Басқа жақтан әр адамның құндылығы оның жігеріне байланысты. Жігері жоғары адам әрқашан үлкен жұмыстарды орындауды көздейді. Мұндай адамның дүниелік мүдделеріне жетуіне көңілі толмайды. Ол басқаға көмектесу арқылы Алланың ризалығы мен Оның рақымдылығына ие болу туралы ойлайды. Бәлкім, осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Қайырымдылық – жігері жоғары адамдардың белгісі»,- деп айтқан болар. Адамға сыйланған илаһи нығметтердің бірі ұят-абырой, намыс саналады. Олар адамды жамандық жасаудан сақтайды. Алайда ұят әрқашан дұрыс әрі жақсы ма? Исламның ұлық пайғамбары әулетінің мектебінде ұят жағымды (орынды) және жағымсыз (орынсыз) болып екіге бөлінеді. Орынды ұят – ақыл мен ілімнің, орынсыз ұят надандық пен ақымақтықтың белгісі болып табылады. Ақиқатты айтатын кезде ұялып, ақиқатты айтпайтын және ұялмайтын жерде ұялу – орынсыз ұяттың үлгісі. Имам Әли (ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар. Үлкен іс болып саналатын істі кішірейтпеңдер, сондай-ақ, кішкентай нәрсені үлкейтпеңдер», сонымен бірге: «Азғантай нәрсені сыйлаудан ұялмаңдар»,- деген. Сол себепті ақиқатты айтудан, басқалардың алдында мұқтажға көмектесуге, халықтың істеріне арағайындық етуге және жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан алыстатудан ұялған дұрыс емес. Өйткені бұлар адамның діни міндеттерін орындап, дүние мен ақыреттегі берекелеріне жетуіне кедергі болады. Өлім мен қияметті ұмыту да адамдардың мәселелерін шешуге кедергі болатын мәселелердің бірі саналады. Қиямет пен сол күндегі есеп-қисапқа сену күнәлар мен жамандықтардан алыстатып, жақсылық жасап, халықтың қиындықтарына ортақ болып, көмектесуге себеп болатын ең маңызды мәселе. Имам Садық (ғ.с.): «Өлімді еске алу нәпсінің қалауын төмендетіп, бейқамдықтың тамырын жойып, жүректерді Алланың уәделерімен күшейтеді; мейрімділікті көбейтіп, нәпсіні азайтып, тозақ отының жалынын өішіріп, дүниені болмашы етіп көрсетеді»,- деп айтқан болатын. Сондықтан өлімді еске алу жүректердегі татты кетіріп, оларды жұмсартып, Аллаға құлшылық ету мен халыққа жақсылық жасаудың жолдарын жеңілдетеді.