Жетекшілік хадисы 26
Адамның дамып, кемелдікке жетуі жолында маңызды рөл атқаратын ең маңызды сипаттардың бірі - тілектестік.
Имам Садық (ғ.с.): «Тілектестік адамның иманы және рухының саулығынан туындап, оның рухының пәктігін көрсетеді. тілектестік негізі бойынша адам әр көрген нәрсесін жақсылыққа балап, көреді»,- деген болатын. Алла Елшісі: «Бауырларыңа тілектестік білдіріңдер, нәтижесінде пәктікке жетесіңдер»,- деп айтқан болатын.Тілектестік пен әр нәрсені жақсылыққа балау қоғамдағы сенімділікті арттырып, сондай-ақ, жеке адамдардың белсенділігін өрістетеді. Халқының арасында жақсылыққа балау мәдениеті таралған қоғам мен жанұяда барлық адмдар бір-біріне сенім артып, олардың жұмыстары жылдамырақ орындалады. Имам Садық (ғ.с.) өзінің жанашыр ақыл-кеңестерінде: «Жақсы ойлауды пайдаланып, жүректеріңді тыныштандырып, жұмыстарыңда алға бастырыңдар»,- деген болатын. Ислам оңай түрде жақсылыққа балауды қабылдамай, ол адамды алдайды деп санайды. Басқа адам туралы жаман ойлап, күмәнденуге айқын себептер болмаған жағдайда ол туралы жаман ойлауға болмайды. Сол себпті ислам жақсы ойлап, жақсылыққа болжауды насихаттайды. Имам Әли (ғ.с.): «Жақсылық туралы ойлау жүректің тыныштығы мен діндегі саулыққа себеп болады»,- деп айтқан болатын. Сонымен қатар басқа бір сөзінде: «Жақсылыққа балау - ең жақсы сипаттардың бірі»,- деді. Қасиетті ислам дінінің тағылымдары бойынша қоғамда барша халық қауіпсіздікте өмір сүруі тиіс. Адамның жаны, рухы және психикасының қауіпсіздігі қамтылуы керек. Адам басқаның қолы мен тілінен ғана емес, жаман ойынан да қауіпсіз болғаны жөн. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла мұсылманның қаны, мүлкі және абыройын төгуге және олар туралы жаман ойлауға тыйым салды»,- деп қуаттайтын.Тілектестікке керісінше жаман ойлау екінші жаққа шығын әкелмек түгілі, жаман ойлап тұрған адамның өзіне жамандық әкеледі. Өйткені басқа адамға күмәнденетін адам олардан қорқып, олармен сұхбаттас болуға алаңдайды. Сол себепті жаман ойлауға шалдыққан адам қоғамнан оқшауланып, жалғыз қалады. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, «жамандық ойлайтын адам бәрінен қорқады». Діни тағылымдарда қоғамдық қарым-қатынастардың негіздері жақсылық туралы ойлау және жақсылыққа балау арқылы тұрақты болады деп көрсетілген. Бірақ тілектес қоғамның адамдарының көбі әділ әрі сенім артуға тұрарлық адамдар болғаны дұрыс. Имам Әли (ғ.с.) бұл мәселеге тоқталып: «Халықтың арасында бұзақылық таралған кезде халық туралы жақсы ойлау өзіңді алдау болып табылады»,- деген болатын. Тілектестік қоғамның адамдары арасында сау қарым-қатынастың орнатылуына жағдай тудырады. Имам Әли (ғ.с.) қоғамның саулығын тілектестікке байланысты деп атап: «Діни бауырыңның ғамалын оған қарсы дәлелдер болмаса, жақсы сараптап, оған көңіл бөл. Еш уақытта мұсылман бауырыңның сөздеріне күмәнденбе»,- деген ақыл-кеңес айтқан. Әрине бұл маңызды жұмыстарға зерттеусіз кіріс және негізгі міндеттер мен лауазымдарды әр адамға тапсыра бер деген сөз емес. Имам Әли (ғ.с.) өз үкіметінің қызметкерлерін сайлаған кезде тілектестікті өзінің сайлауының критерийі ретінде алмады. Хазірет Мәлек Аштарды Мысыр басшысы етіп сайлаған кезде: «Әй, Мәлек! Қызметкерлеріңнің жұмыстарын қадағалап, оларды сынақтан өткізіп, ақылдасып барып, жұмысқа ал. Өйткені үстемдік пен менмендік қиянатқа жол ашады. Тәжірибесі мол, пәк және исламға иман келтіргендерді сайла, өйткені олардың ахлағы жақсырақ. Олардың жанұялары қанағатты біледі»,- деп кеңес берген.