Иран: Теһранның миниатюра мұражай-бағы (137)
Жел 12, 2021 00:55 Asia/Almaty
Теһранның миниатюра мұражай-бағы – қаладағы салыстырмалы түрде жаңа туристік тартымдылықтардың бірі.
Бұл мұражай-бақтың кеңістігі заманауи сәулет өнері мен дәстүрлі парсы бағының қосындысынан тұрады. Бақтың құрылысында текті парсы сәулет өнерінің түрлері, соның ішінде қыш тақташаларын жапсыру, хауыз пен су жолдары қарастырылған.
Теһранның миниатюра мұражай-бағы – Иранда 2013 жылы ашылған алғашқы миниатюра мұражайы. Ондағы өте әдемі де заманауи галереяда Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне тіркелген Иранның ежелгі ескерткіштерінің суреттері жұрт назарына ұсынылған.
Тегтер