Жел 18, 2021 22:04 Asia/Almaty
  • Иран: Нишапурдағы көгілдір ақық кеніші (138)

Көгілдір ақық кеніші Нишапур қаласының солтүстік-батысынан 45 км жерде Сабзевар тас жолы бойында «Маадан» деп аталатын ауылда орналасқан.

Осы күнге дейін Нишапур даласындағы Бордж тәппе ауданында табылған ең көне көгілдір ақық 6600 жыл бұрынғы заманға тиесілі.  

Нишапурдағы көгілдір ақық кенішінің тарихы деректер бойынша 7 мың жылға жетеді. Сондықтан ол әлемдегі ең көне көгілдір ақық кеніші саналады. Бұл кеніш өндіріс көлемі тұрғысынан да әлемдегі ең ірі әрі ең көне белсенді кен орны болып отыр.     

Нишапур көгілдір ақығы
Көгілдір ақық кенішінің ауданы - 40 шаршы шақырым. 
Кен орнында туннельдер көп. 
Көгілдік ақық дәстүрлі тәсілмен өндіріледі. 
Кен орнынан 16 түрлі көгілдік ақық өндіріледі. 
Жергілікті халық кен өндірумен айналысады. 
Кенші асыл тасты топырақтан ажыратып жатыр. 
Нишапурдағы кен орны әлемдегі ең көне көгілдір ақық кеніші саналады.
Нишапурдағы көгілдір ақық тас және топырақ текті деп екіге бөлінеді.
Кен орнынан жылына 40 тонна көгілдір ақық өндіруге болады. 
Топырақ текті көгілдір ақықтың түсі қанық, сапасы жоғары саналады. 
Ең сапалы көгілдір ақық - түсі қанық аджам (ирандық) ақығы. 
Көгілдір ақық - Ежелгі Иран заманынан танылған асыл тас. 
Нишапурдың көгілдір ақығының бірқатар табиғи және тарихи үлгілері Лондон мұражайында және Теһранның геологиялық мұражайында сақталған.