Иран: Си-е тир көшесі (139)
Жел 25, 2021 18:08 Asia/Almaty
Си-е тир көшесі – Теһранның ең көне көшелерінің бірі. Оның атауы бұрын "Қавам ус-Салтане" болған.
Х.ш.ж.с.б. 1331 жылы 30 тирде (1952 жыл 21 шілде) Теһран халқы көтеріліс жасады. Сол себепті көшеге осы оқиға атауы берілді. Көше бойында Фируз Баһрам мектебі, аташкаде – зороастристік отқа табыну орны, армяндардың хазірет Мариям шіркеуі, хазірет Петрос шіркеуі, еврейлердің Хаим синагогасы және мұсылмандардың мешіті орналасқан. Си-е тир көшесі мен Джумһури көшелерінің қиылысы түрлі діндер орталығы саналады. Бұл көшеде мұражайлар мен тарихи ғимараттарды тамашалап, кафелерде демалып, көше тағамдарынан дәм татуға болады.
Тегтер