Жетекшілік хадисы 23
Адамның ең жоғары дәрежесі оның Аллаға құлшылық етуі болып табылады.
Құлшылық оның несібесі саналады. Ғибадаттың ең тәтті кезеңіне дұға жасап, адамның Жаратушысымен қарым-қатынас орнатуы жатады. Күнделікті материалдық өмірдің у-шуы басылған түнгі уақыттағы, адамның рухы мен денесі тыныштық тапқан кездегі ғибадат ерекше болады. Құран Кәрімде және пәк имамдардың уаһиден нәр алған сөздерінде таңғы уақытта ерте тұру мен түнді ояу өткізудің материалдық және рухани әсерлері туралы көп айтылған. Алла Елшісі: «Түнгі намаз – Алланың ризалығы мен періштелердің достығының себебі, сондай-ақ, пайғамбарлардың әдісі, білімнің нұры және дұға мен ғамалдардың орындалуының, ырзық пен берекенің факторы»»,- деген болатын. Түн Алланың жаратқан уақыты ретінде ерекше пайда мен әсерлерге ие. Түннің барлық сағаттары мен сәттері бірдей емес. Түннің бірінші жартысы демалып, ұйқтау үшін ең жақсы мұрсат. Екінші жартысы – сергектіп танытып, Жаратушысымен сырласатын уақыт. Пайғамбарлар, мүміндер мен әділ, абыройлы адамдар үшін түннің екінші жартысының сағаттары таңның атуымен аяқталады. Бұл құлшылық етіп, Жаратушымен сырласу үшін ең берекелі уақыт. Сол себепті ұйқымыз бен демалысымызды түннің екінші жартысында оянып, түнгі намазды оқып, дұға жасай алатындай жоспарлауымыз қажет. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: ««Әр түнде Алла Тағала. қаламаса, мұсылман пендесі намаз оқып, дұға жасай алмайтын уақыт бар»,- деген. Рауаятшы: «Алла сізді түннің қай кезінде ғибадат жасауға міндеттеді?» деп сұрағанда: «Түн ортасы ауған кезде»,- деп жауап бердім»,- деген болатын. Таң сәресі кезінде Алланың рақымдылығының есіктері ашық әрі илаһи нығметтерге толы болады. Имам Бақер (ғ.с.) таң сәресі және бұл уақыттың берекесі туралы: «Ұлы Алла өзінің мүмін құлдарының арасынан дұғаны көп жасайтындарды жақсы көреді. Сол себепті күн шыққанша дұға жасаңдар. Өйткені, сол сағаттарда аспанның есіктері ашылып, ырзықтар бөлінеді»,- деген болатын. Түнгі ғибадат – түннің ортасында күнделікті қарбалас жұмыстар аяқталып, барша халық демалып, тыныштық орнаған кезде орындалатын ғибадат. Түнгі уақытты ояу өткізудің маңыздылығы исламның ұлық пайғамбары үшін түнгі ғибадаттар мен түнгі намаздың уәжіп етілуімен айқындалады. Хазірет халықты түнді ояу, ғибадат жасаумен өткізуге шақырып: «Түнгі намаз оқитындар қандай бақытты, өйткені түнгі ғибадат адамды Жаратушысына жақындатып, күнәлардан алыстатып, бойдағы ауруларды кетіреді»,- деген болатын. Құран Кәрім «Әл-Имран» сүресінің 17-ші аятында «таң сәресінде тәубе етушілер» деп, мүміндердің сипаттарының біріне тоқталады. Бұл қасиетті аятта тәубе етудің шарты түнгі намаз оқу болып көрсетілмегенімен, кейбір рауаяттар негізі бойынша, бұл адамдардың түн намазын оқушылар екендіктері айқындалады. Бүкіл жүрегі және үмітімен Жаратушыға жалбарынып, кешірім сұраудың өте үлкен әсері бар. Шын жүректен жасалған мұндай тілекті Мейірімді Алла қабылдайды. Түнгі уақытты ояу өткізіп, Алланың мейірімділігі мен рақымдылығын еске алып, қарапайымдылық білдіріп, тәубаға келіп, күнәларды кешіруді сұрау аспандағы періштелердің тамашалуына себеп болатын ең әдемі көрініс. Исламның ұлық пайғамбары: «Түнгі намазымен Жаратушының ризалығына ие болу үшін көздері ұйқыны қимағанына қарамастан, адам жұмсақ төсегінен тұрған кезде Алла Тағала періштелеріне: «Мен ол үшін уәжіп етпеген намаз үшін ұйқысын бұзып, жылы орнынан тұрған пендемді көрдіңдер ме? Оны кешіргенімнің куәсі болыңдар»,- дейді»,- деп айтқан болатын. Түнгі намаз мүміннің бедел-абыройына себеп болады. Имам Садық (ғ.с.) Алла Елшісінің сөзіне сілтеме жасап: «Түнгі намазды оқу илаһи сыйлардың көбеюіне себеп болады»,- деген болатын. Құран Кәрім тәрбие тәсілдерінің бірі жаман әрекеттер немесе жақсы ғамалдар туралы айтқан кезде оның жазасы немесе сыйы туралы да айтады. Бірақ түнгі намаз туралы ешбір сыйды анықтамаған. Имам Садық (ғ.с.): «Адам түнгі намаздан басқа Құранда сыйы туралы айтылмаған ешбір жақсы жұмысты орындамайды. Алла Тағала түнгі намаздың ерекше маңыздылығына байланысты оның сыйын анықтамаған, бірақ: «Олардың жамбастарын төсектерінен көтеріп, Раббыларынан қорқа әрі дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерінше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді»,- деп айтады»,- деген болатын.