Қаң 31, 2022 00:23 Asia/Almaty
  • Иран: Кәріз жерасты қаласы (144)

Киш жерасты қаласы (Kariz Underground City) "Киш қаннаты", "Киш кәрізі" және "Кәріз жерасты қаласы" деп те аталады. Ол Киш аралындағы тарихи-туристік тартымдылықтардың бірі. Оның 2500 жылдық тарихы бар.

Бұл кешен ешқашан көне жерасты қаласы болған емес. Ол жерасты арықтарының желісі саналады. Ирандықтар оны су тасымалдау үшін қазған. Кәріз – "қаннат" (жерасты су жолы) сөзінің  парсыша атауы. Бұрынғы заманда ол жерасты суларын бағыттау үшін қолданылған.

Кәріз жерасты қаласы Киш аралында орналасқан.
Кәріз жерасты қаласының 2500 жылдық тарихы бар.
Кәріз – Иранда жерасты су желісін қазу өнерінің тартымды үлгісі.
Кәріздің ұзындығы шамамен 15 км, тереңдігі 14 метр.
 Кәріз жерасты қаласының ауданы шамамен 10000 шаршы метр.
Бұл кәріз дамыған құралдармен емес, балта және зілбалтаның көмегімен салынған.
Бұл кешен Иранның мәдени мұрасын сақтауға қызығушылар тарапынан жөндеуден өткізіліп, жұрт назарына ұсынылды.
Кәріздің төбесін табиғи маржандар мен қабыршақтар жапқан. Олардың жасы миллиондаған жылды құрайды.
Кәріздің маржанды төбесі бұрын теңіздің түбі болған. Оның қалыңдығы 7 метрге жетеді.
Киш қаннатының ерекшеліктерінің бірі – ондағы ауаның салқындығы және жыл бойы еш өзгермейтіндігі.  
Кәріз жерасты қаласында ағып жатқан су – аралда болатын маусымдық жауын-шашынның нәтижесі.
Кәріздің бір бөлігінде туристерге қажетті жағдай жасалған.
Кәріздің құрылысын беріктендіру үшін "рос" деп аталатын қызыл балшық қолданылған.
Кәріз жерасты қаласында 74 құдық бар.
Кәріз жерасты қаласында 280 шаршы метр ауданды алып жатқан мұражай бар.