Жетекшілік хадисы 21
Құран Кәрімнің әртүрлі аяттарда тақуалықтың әсерлерін, атап айтқанда қырағылық пен хақты жалғандықтан ажыратуға көмектесетіні туралы баяндадық.
«Инфал» сүресінің 29-шы аятында: «Әй,мүміндер! ЕгерАлладанқорықсаңдар, Олсендергежақсы, жамандыайыратынқабілетбередіәріжамандықтарыңдыжойыпжарылқайды»,- деп айтылған. Бұл аятта адам үшін тағдырды шешетін ең маңызды мәселенің бірі баяндалды. Яғни, өмірде әрқашан жолсыздық пен кедергілердің болатынын және оларды көрмесе немесе танымаса құлайтыны, сондай-ақ, тақуалықтың бұл жолсыздықты анықтап, құлаудың алдын алатын ең жақсы құрал екендігі туралы айтылған. Имам Әли (ғ.с.) тақуалықтың әсері туралы: «Тақуалық - Алладан қорқу; тақуалық жүректеріңді, көздеріңді нұрландырып, мазасыздық кезде қауіпсіздік орнатып, қараңғылықта жарық береді. Тақуалықты таңдаған адамнан қиындықтардан алыстап, ащылары тәттіге айналып, түйткілдері мен мәселелері шешіледі; ауырпалықтары жеңілдеп, жоғалтқан нәрселері жаңбыр тамшылары сынды жауып, рақымдылық оралып, илаһи нығметтері жаңғырып, берекесі көбейеді",- деген болатын. Қиындықтардан шығу мен жұмыстардың жеңілдеуі тақуалықтың басқа әсерлеріне жатады. Құран Кәрімнің «Талақ» сүресінің 2-ші аятынан: «Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады» және осы сүренің 4-ші аятынан: «Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды»,- деп оқимыз. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күнінің ақырғы сәттерінде шәһид болатын сәтінің жақындағанын сезген кезде өз жанұясына: «Қиындықтарға төзуге дайын болыңдар және Алланың өздеріңді қорғап, қолдап, құтқаратынын біліңдер. Алла дұшпандарыңды азаптап, сендерге нығметтерін сыйлайды»,- деген болатын. Имам Хусейн (ғ.с.) нәтижесінде жеңіске жететіні туралы білімді Құран аяттарынан алған. Сол себепті исламның ұлық пайғамбарының әулеті қиындықтар мен тұтқынға шыдап, сабырлық пен тақуалықты пана тұтып, соңында имам Хусейн (ғ.с.) уәде еткен және Алла Тағала кепілдік берген нығметтерге жетті. Хазірет Зейнаб илаһи тақуалыққа толық иман келтіріп, имам Хусейн (ғ.с.) айтып кеткен сөйлемдерді Язид бен Муавиеге басқаша түрде жеткізеді: «Ойыңдағы әр айлаңды іске асырып, әр қорлығыңды жасауға әрекет жаса, бірақ Алламен ант етемін, менің атыма кір келтіріп, абыройымды жоя алмайсың! Біздің әулетіміздегі Жаратушының мәңгілік уәһиін құрта алмайсың. Сен үшін бұл әлемде әшкере болудан басқа шара қалмайды»,- деді. Алла Тағала пайғамбарлардың пәк бейнелерін беделді үлгі ретінде таныстырып, олардың бастан өткергендерін баяндап, табысты болуларының сырын тақуалықтарымен байланыстырады. Мұндай хикаялардың бірі хазірет Юсефтің тақуалығына арналған. Хазірет Юсеф Мысырдың басшысы болған кезде бауырлары өз өлкелері Канғандағы құрғақшылыққа байланысты дәнді дақыл алу үшін сол қалаға келген кезде Юсефты танымайды. Бірақ хазірет Юсеф оларды таниды. Бұдан біраз жыл бұрын қызғанышпен Юсефты алыс даладағы құдықтың түбіне тастаған сол бауырлары бүгін жалынышты күйде одан бидай сұрауға келді. Құран Кәрім қасиетті «Юсеф» сүресінің соңындағы 88-90-шы аяттарында: «Олар, хазірет Юсефке барып, кірген сәтте: “Әй,қожайын! Бізге және жанұямызға ашаршылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда д атолық өлшеп бер.Тіпті бізге садақа да бер . Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” дейді. Хазірет Юсеф: “Сендер білместіктен Юсефке жәнетуысына не істегендеріңді білесіңдер ме?”, – деді. Олар: “Сен өзің шын Юсыфсың ба?”, – деді. “Мен - Юсеф, мынау - туысым . Расында Алла бізге игілік қылды .Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді»,- деп баяндайды. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Адам тақуа болса, абыроймен өмір сүреді, тіпті дұшпанның жерінде де қауіпсіз болады»,- деген болатын. Бұл хадис имам Садық (ғ.с.)-ның тақуалықтың әсері туралы хадисының қасында ерекше мағынаға ие болады. Егер адам Құдайдан қорықса, одан барлығы қорқады. Егер адам Құдайдан қорықпаса, ол әр нәрседен қорқатын болады. Дәл осы хадисте Алла Тағала әр адамды қорлықтан абырой мен беделге жеткізіп, жарлыны байытатындығы айтылған.