Иран: Кафарин шатқалы (145)
Ақп 05, 2022 17:52 Asia/Almaty
Илам облысының Бадра ауданындағы маңызды туристік жерлердің бірі – Кафарин шатқалы. Ол Валиаср ауданының солтүстігінен 3 км жерде Дәррешәһрге қарай баратын Илам тас жолының бойында орналасқан.
Шатқалдың ұзындығы шамамен 2 км, ал теңіз деңгейінен биіктігі 700 метрге жетеді. Шатқалда табиғи және тарихи тартымдылықтар көп. Соның ішінде емен орманын атауға болады. Бұл аймақтан ирандық тиін сияқты жануарларды көруге болады. Кабиркуһ тауынан аққан бұлақ Кафарин шатқалындағы өзенге құяды.
Тегтер