Жетекшілік хадисы 15
Намаз оқып, зікір айтып, Алланы еске алу арқылы адамның жаны тыныштыққа бөленеді.
Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 28-ші аятынан: «Сондай иман келтіргендер Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады»,- деп оқимыз. Бұл илаһи сыйлықтың әсері адам жүрегінің мейірімділігіне байланысты. Имам Бақер (ғ.с.): «Бүкіл ықыласыңмен намаз оқы, өйткені намазға берілген сыйдың жүрегіңе сай сыйына ие боласың»,- деп айтқан болатын. Әр ғибадаттың сыртқы және ішкі көрінісі бар. Намаздың сыртқы көрінісі оны адамның орындауы; ішкі көрінісі - рухы мен ақиқаты. Мұның екеуі ерекше ахкам мен салттарға ие. Яғни, намаздың ахкамы мен сыртқы шарттары орындалмаса, қабыл болмайтыны сынды ішкі ережелерді сақтамау да намаздың қабыл болмауына себеп болып, адамды намаздың негізгі мақсатына, яғни Ұлы Аллаға жақындау мақсатына жеткізбейді. Намаздың дұрыс болуына жүректің болуы шарт емес, яғни намазда жүрек болмаса, ол қабыл болмайды деп айтылмайды. Намаздың ең маңызды дәстүрі және шынайы сырына жеткізетін мәселе жүректің намаздағы қатысуы болып табылады. Кімнің алдында тұрып, не айтып тұрғанын білетін намазхан «Аллаһу Акбар» деген ол үшін кезде дүние өзінің барлық жаратылысы және қызықтыратын көріністерімен кішкентай болып қалады. Илаһи пайғамбарлар мен әулиелер тәкбір айтып, намаз оқыған кезде денелері дірілдейтін деседі. Олардан мұның себебін сұрағанда: «Кімнің алдында тұрып, Кіммен сөйлесіп, сырласып тұрғандарыңды білесіңдер ме?» - деп жауап беретін. Әрине, намазды мұндай халге түсіп оқитындарға Алла Тағала үлкен сый береді. Исламның ұлық пайғамбары осы туралы: «Екі рекет намаз оқып, намаз оқыған кезде ойы дүниелік істерде болмаған адамның күнәләрін Алла кешіреді»,- деген болатын. Күнәларды кешіру, яғни жүректі күнәлардың ластығынан тазарту. Нәтижесінде мүміннің пәк жүрегі илаһи рақымдылықтың нұрын сезетін болады. Жүрек намазға қатысу үшін намазхан Ұлы Алламен сұхбаттасып, сырласып, Оны мадақтауы керек. Кейбір уақыттарда адам сағаттар бойы шаршамастан досымен сырласады. Дәл сол адам намаз оқығанда өзінің шаршағанын сезеді. Өйткені ол Кіммен сырласып, Кімнің алдында тұрғанына көңіл бөлмейді. Егер мұнын барлығын түсінгенде басқа күйге түскен болар еді. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Мүмін адам намаз оқу үшін тұрғанына байланысты Алла оның намазы аяқталғанша рақымдылықпен қарап тұрады. Илаһи рақымдылық оған жоғарыдан көлеңкесін түсіріп, періштелер оның қасында айналады. Жаратушы оның басына: «Әй, намазхан! Егер саған Кімнің қарап тұрғанын және Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды түсінгеніңде басқа еш нәрсеге көңіл бөлгің келмейтін еді және ешуақытта өз орнынңнан кетпейтін едің»,- деген болатын.Жүректің намазға қатысуының келесі мәселесі намаздың сөздері мен зікірлеріне көңіл бөлу болып табылады. Имам Садық (ғ.с.): «Егер адам екі рекет намаз оқып, не айтып тұрғанын түсінсе, намаздан кетпейтін еді. Алла оның күнәләрін кешіреді»,- деген болатын. Бұл кезеңде жүрек тілдің айтқанын тыңдайды. Намазхан Алланың қарап тұрғанына көңіл бөлсе, бірте-бірте оның иманы да кемелдене түседі. Мұндай кезде тіл жүрекке бағынады. Яғни, жүрек шынайы иманға жетіп, тілді Алланы зікір етуге мәжбүрлейді.