Ақп 16, 2022 15:13 Asia/Almaty
  • Иран: Аминилер хұсейниесі  (146)

Аминилер хұсейниесі - Қазвиннің үлкен əрі əдемі ғимараттарының бірі.

Ғимарат х.қ.ж.с.б. 1302 жылы Қазвиннің танымал саудагері қажы Мұхаммедреза Қазвини тарапынан имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға вакфқа берілді. Ғимараттың архитектуралық жобасы ерекше, іші айна сынықтарымен безендірілген. Хұсейние үш залдан тұрады. Арасы "ороси" - түрлі түсті шынымен жабылған терезелермен бөлінген. Жиын өткізетін кезде терезелер ашылып, үш зал біріктіріліп, төбесі жабылған жəне қабырғасы айна сынықтарымен көмкерілген үлкен залға айналады. 

Аминилер хұсейниесі
Аминилер хұсейниесі - көп бөлмелі ғимараттың бір бөлігі.
Қажы Мұхаммедреза Амини бұл ғимаратты діни рəсімдер өткізуге вакф етті. 
Бұл екі қабатты ғимарат х.қ.ж.с.б. 1275 жылы салынды.
Хұсейниенің оңтүстігі мен солтүстігінде екі аула, батыс пен шығысында үш зал бар.
Залдар бір-біріне параллель орналасқан. 
Залдардың арасы жылжымалы тор терезелермен бөлінген.
Ортадағы зал шеттегілерден кеңірек. Ұзындығы 18 метр, ені 5 метр. 
Кіші залдардың ұзындығы 10 метр, ені 5 метр. 
Түрлі түсті шынылар мен ескі нақышты қызыл кілемдер бағзы заманды еске түсіреді.
Аминилер хұсейниесіндегі көне заттар
Ғимараттың төменгі қабатында су қоймасы, тоңазытқыш, аспазхана, қойма, шəрбəтхана орналасқан. 
Ғимараттың ауданы 2844 шаршы метр. 
Аминилер хұсейниесі - Қазвиннің туристік тартымдылықтарының бірі.