Иран: Чама мұз үңгірі (147)
Ақп 19, 2022 16:34 Asia/Almaty
Чама мұз үңгірі (Chama Ice Cave) Чаһармаһал мен Бахтияри облысының шейх Әлихани ауылына жақын жердегі Челгерд елді мекенінен 25 км қашықтықта орналасқан.
Жүздеген мың жылдар барысында тау арасындағы сай қыста қарға толып, жазда күн сәулесі белгілі бір бұрышпен түскенде омбы қардың астыңғы бөлігі еріп, біртіндеп мұз үңгірдің қалыптасуына себеп болды.
Чама мұз үңгірі Ирандағы ең ірі тұщы су көзі ретінде танымал, өйткені үңгірдегі мұздың астынан суық су бұлағы ағып шығып, Куһранг бөгетіне құяды.













Тегтер