Сәу 23, 2016 19:08 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 7

Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің нұрлы хадистеріне арналған бағдарламаның келесі бөлімін ұсынамыз.

Құран Кәрім басқа қасиетті кітаптармен салыстырғанда ғылым мен білім алуға көбірек жігерлендіреді. Сонымен қатар Құран аяттары және пайғамбар мен хазірет әулетінің көптеген рауаяттарында білімнің маңыздылығы туралы айтылған. Осыған орай бүгінгі бағдарламада ілім туралы хадистерге тоқталамыз. Ислам діні илаһи діндердің арасында адам өмірінің барлық тұрғыларына көңіл бөлетін және адамның кемелдікке жетуіне себеп болатын толық бағдарлама ұсынатын ең кемел дін болып саналады. Исламның көптеген ақыл-кеңестері мен қуаттаулары білім алуға арналған. Исламның ұлық пайғамбарына түскен бірінші аяттарда: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен»,-деп айтылған. («Алақ» сүресі, 1-5 аяттары) . А..Т... Құран Кәрімде тағылымды исламның ұлық пайғамбарының өз міндетіне кірісуінің мақсаттарының бірі деп атап, «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,-дейді. Алланың елшісінің пайғамбарлық міндетіндегі мақсаттарының бірі халыққа тағылым-тәрбие беру болды. Сол себепті хазірет сөздері мен амалдарында ілімнің және адам өмірінің кемел болуындағы оның маңыздылығын қуаттады. Хадистің бірінде: «А..Елшісі мешіттен екі топты көреді. Бір топ ғибадатпен айналысып, келесі топ ғылыми пікірталас жүргізіп отыр еді. Пайғамбар ғибадат жасап жатқан бірінші топқа емес, ғылыми пікірталас өткізіп отырған екінші топқа қосылып: «Мен тағылым беру үшін жіберілдім»,-деп түсіндірді. Ілімнің мұсылман үшін маңыздылығы сондай, ислам оны талап етуді мұсылман үшін уәжіп етті. Исламның ұлық пайғамбары: «Білім алу әр мұсылман үшін уәжіп. А..Т... білім іздеушілерді жақсы көреді»,-деп айтқан болатын. Бұл хадисте білім алу намаз, ораза, зекет, қажылық, зекет, қажылық және жамандықтан алыстатып, жақсылыққа жігерлендіру сынды уәжіптермен бір қатарда орналасты. Білім алу уақыт пен мекенді қажет етпейді. Кейбір ғибадаттарды орындау үшін арнайы уақыт қажет. Мәселен, күнделікті намаздардың арнайы уақыты айқын. Қажылық зильхаджа айында әрі шектеулі уақытта орындалады. Қажылық шектеулі уақытта орындалуымен қатар шектеулі мекенде орындалады. Әр адам: әйел мен ер, үлкен-кіші демей, ақтүсті мен қаратүстілер де білім алуға міндетті. Сол себепті А... елшісі: «Барлық уаққытта тал бесіктен, өлгенге дейін білім алуға талпыныңдар» деп, келесі бір сөззінде «Білім алу үшін, тіпті Қытайға болса да, барыңдар»,-деген болатын. Яғни, білім үшін қажет болса әлемнің ең алыс жеріне сапар шегуге кеңес берген. Сол кезде ең алыс жер Қытай саналған. Ислам білім алуды өте маңызды санайды. Пайғамбар: «Білім алу жолына түскен адамды А..Т.. жақсы көреді»,-деген болатын. Джиһад діннің негіздерінің бірі саналады. Егер пайғамбар немесе пәк имам соғысуды бұйырса, барша мұсылман оған қатысуы керек. Бірақ діни білім алып жатқан адамдар соғыстан босатылады. Өйткені ғылыми орталықтарда исламдық қоғамның ғылыми күш-қуатын өрістететіндей адамдардың білім алуы қажет. «Тәубе» сүресінің 122-ші аятынан: «Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?»-деп оқимыз. Исламда шәһидтің дәрежесі ең жоғары дәреже. Алайда А... елшісі ғалымның шәһидтен жоғары екендігі туралы: «Ғалым шәһидтен бір саты жоғары, шәһид сопыдан бір саты жоғары. Ғалым басқа халықтан жоғары»,-деп айтқан болатын. Ислам әлемінің әйгілі хадисшілерінің бірі Фейз Кашани: «Ғалымның шәһидтен жоғары болуының себебі шәһид исламдық шекараларды қорғайды, ал ғалымның қаламы дінді қорғайды. Имам Садық (ғ.с.)-ның айтуынша, «ғалымның қаламының сиясы шәһидтың қанынан жоғары».