Жетекшілік хадисы 5
Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің нұрлы хадистеріне арналған бағдарламаны жалғастырып, бүгін хадистердегі ойлану мәселесіне тоқталамыз.
Қасиетті ислам діні өзінің барлық жақтастарын ойлануға шақырады. А.. Т... Құран Кәрімде сан рет адамды аспандар мен жердің және оның бетіндегі жаратылыстардың жаратылуы, сондай-ақ, жаратылыстың сыры туралы ойлануға кеңес берді. Құран Кәрім жүз реттен көп адамзатты ойлануға шақырады. Бұл аяттардың көбінен ислам дінінің ойландыратын және ойлануға шақыратын дін екендігі айқын көрінеді. «Сад» сүресінің 29-шы аятынан: «(Мұхаммад ғ.с.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын»,-деп оқимыз. Ислам дінінде ойлану ғибадаттың бірі. Өйткені ойлану адамның Алла, илаһи бұйрықтар және адамның болмысы туралы білімін көбейтеді. Сол себепті А...Елшісі: «Бір сағат ойлану бір жылдық ғибадаттан артық»,-деп айтқан болатын. Сондай-ақ, хазіреттен: «Ақылды адамның өзі үшін күнделікті бағдарламасы болуы керек. Яғни, адамның Ж...мен сырласуға, өзінің амалдарына есеп беруге, А...ның ол үшін жаратқан нығметтері туралы ойлануы үшін уақыты болуы қажет. Сонымен қатар демалу мен халал ләззаттарға уақыт бөлу керек. Ойланудың ең жақсы ғибадат болудағы маңызды сұрағы «Даналық қандай салаларда болуы керек?» деген сұрақ болып табылады. Әрине, ғибадат саналатын ойлардың бірі адамның өзі туралы ойлануы саналады. Яғни, адам өзінің болмысы және жаратылыстың қай жерінде орналасқаны туралы ойланады. Мұндай ойлану оған шешім қабылдауға көмектеседі. Адам ойлану арқылы дұрыс амалдарды ажыратып, еш уақытта бұрмаланған ағымдардың әсеріне түспейді. Дұрыс ойланудың арқасында адамда жақсылық пен қайырымдылық сезімі нығайып, адам жақсылық жасауға жігерленеді. Хазірет Әли (ғ.с.) «Ойлану адамды жақсылық жасауға жігерлендіреді»,-деп айтқан болатын. Хазірет Садық (ғ.с.) ойлану туралы сараптама жасап, ойлану, жақсылықтар, күнәлардың жазасы, жүректердің алауы, ақкөңілдік, ақырет туралы ойлану, амалдардың іс-әрекеттерінің соңы мен нәтижесінен хабардар болу және білімді өрістету сынды сегіз ерекшелікке тоқталады. Күмәнсіз ғибадат болып саналатын ойланудың келесі бір түрі жаратылған әлем туралы ойлану саналады. А..ны тану үшін әлемнің жаратылысы туралы ойлану қажет. Құран Кәрімде ойланудың қажеттілігі қуатталған. Құранның 750-тен астам аятында А..Т... табиғи құбылыстарды илаһи белгілері ретінде көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбарының азаншысы Білал Сахаби: «Исламның ұлық пайғамбарына «Әл-Имран» сүресінің 190-191-ші аяттары түсірілген түнді хазірет таң атқанша ғибадат жасап, жылаумен өткізді. Таң намаздың уақыты келген кезде хазіреттің қасына жақындағанымда пайғамбардың жылағанын байқап, таңғалып: «Уа, А... Елшісі Ж...мен сырласқан кезде неге жыладыңыз?»-деп сұрадым. Хазірет: «Өткен түнде А.. маған қатты ойландыратын аяттарын жіберді. Әй, Білал, бұл аяттарды оқып, адам солар туралы ойланбаса қандай өкінішті»,-деп жауап берді. Содан соң өзінің жүрекке қонымды дауысымен аталмыш аяттарды оқыды: «Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде, әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» А..Елшісі рауаяттарының бірінде: «Әрқашан бір істі жасаудан бұрын оның нәтижесі туралы ойланып, шешім қабылдау керек»,-деп айтқан болатын. Яғни, адам амалының тек сырты ғана емес, оның нәтижесі туралы да ойланғаны жөн. Құран Кәрімде көңіл бөлінген келесі мәселе халықтардың тағдыры туралы ойлану болып табылады. Құран осы мәселеге қатысты мен хикаялар мен оқиғаларды ұсынып, сабақ болатын жәйттерге көбірек көңіл бөледі. Қорыта айтқанда, Құран Кәрім адамдар ойланып, содан ғибрат алу үшін тарихи оқиғаларды баяндайды. Ислам ойлауға ерекше көңіл бөлгенімен өз жақтастарын күнә туралы ойланудан алыстатады. Күнә туралы ойлау адамды қатерге тірейді. Имам Әли (ғ.с.): «Күнә туралы ойлар адамды оны орындауға итермелеуі мүмкін»,-деп айтқан болатын. Кемеңгер адам ақылы мен ойын қадағалап, оны материалдық және рухани бақытқа жеткізетін ғамалдар үшін пайдаланады.