Жетекшілік хадисі 4
Өткен бағдарламада А..ны еске алу туралы пікір өрбіттік. Бүгін тақырыпты жалғастырып, Ж..ны еске алудың ережелеріне тоқталамыз.
Адамның А...ға көңіл бөлуі мен Оның шексіз құдыретінің барлық көздеріне жақын болу адамның өміріне үлкен әсер етеді. А..Т... Өзін еске алу жүректердің нұрланып, оянуына себеп болады деп санайды. «Ағраф» сүресінің 201-ші аятынан: «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді»,-деп оқимыз. Қаншалықты мөлшерде А..ны еске алсақ, соншалықты мөлшерде илаһи нұрға бөленеміз. Расында байланыс екі жақты. А..Т... «Бақаре» сүресінің 152-ші аятында осы екі жақты қарым-қатынас туралы: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар»,-деп айтқан. Яғни адамның ойы, сөзі және амалы қай мөлшерде болса, ол А..ның алдында да сол мөлшерде беделді әрі маңызды болады. Мұндай адам илаһи нұрға бөленіп, өмірінің жолына жарық беріп, оны кемелдікке жеткізеді. А..ны еске алу үшін арнайы заман мен мекеннің қажеті жоқ. Адамзат әрқашан әлемнің Ж...шысының алдында тұрып, Оны еске алуды ұмытпауы керек. А..Т... «Ниса» сүресінің 103-ші аятында: «Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар»,-деп айтқан. Бұл аяттан А..ны тек намаз оқыған кезде ғана еске алмай, өміріміздің барлық сәттерІнде еске алуымыз керек деген нәтижеге келеміз. Имам Әли (ғ.с.) перзенті имам Хасан (ғ.с.)-ға берген құнды ақыл-кеңестерінің бірінде: «Әр жағдайда А..ны еске ал»,-деген. Рауаяттардың бірінде А..елшісі өз сахабаларынан: «Сендерге ең жақсы істерің, А..ның алдына пәк ететін, сондай-ақ, ақша, алтын мен күмістен құнды, А..ның жолындағы жиһадтан артық саналатын нәрсе туралы хабар берейін бе?»-деп сұрағанда, олар: «Хабарыңызды айтыңыз»,-дейді. Хазіреттің оларға: «А..ны көп зікір ету»,-деп жауап бергені туралы айтылған. А...ны еске алумен қатар оған жағдай тудыратын саяси топтар мен жиындар ерекше құндылықтарға ие. Адамның жүрегі мен рухын Ж...ға қарай бұратын, А...ның қасиеттері мен сипаттарына көңіл бөлетін әр жиналыс пәк адамдардың көңіліне ғана түсіп қоймайды, жоғары әлемнің назарын да өзіне қызықтырады. А..Елшісі: «А..ны еске алған топ, періштелердің ортасына түсіп, оларға А...ның рақымдылығы тиіп, жүректері тыныштыққа бөленіп, есімдері олардың қасында болған адамдардың есімдерімен бірге тіркеледі»,-деген болатын. Пайғамбар аталмыш отырыстардың маңыздылығы туралы: «Жәннәттың бақтары мен саябақтарына жеткен кезде оларды серуендейтін мекендерің етіңдер»,-деді. Хазіреттен «жәннәт бақтары қайда?» деп сұраған кезде: «А...ны зікір ететін жиналыстар»,-деп жауап берді. А...Елшісінің маңызды сөздері адамның кемелдікке жетуінде аталмыш жиындардың әсер ететіні туралы тәрбие мәселесіне көңіл бөледі. Қарапайым адам көбінесе кейбір діни бағдарламалар мен ұрандарды орындағысы келмейді. Бірақ өздерінің қасынан басқаларды көрсе, оларда ынта мен ықылас пайда болады. Осыған орай пайғамбар А..ны еске алатын немесе дінді жаңғыртатын жиындарға қатысуды жәннәт бағына кіргендей таныстырады. А..Елшісі: «Кімде-кім өзінің А...ның алдындағы орнының қандай екенін білгісі келсе өзінің алдындағы А...ның орнына көңіл бөлгені жөн. Әр адамның А..ның алдындағы деңгейі А...ның оның алдындағы деңгейіне сәйкес келеді. Ж...ның алдындағы адамның ең жақсы және ең пәк әрі әсерлі амалы А...ны еске алу. Өйткені Ж...ның Өзі «Мен мені еске алатын адаммен біргемін» деген хабарды жеткізген болатын»,-деп айтқан.