Нау 05, 2022 21:18 Asia/Almaty
  • Иран: Доулатабад бағы (149)

Йезд қаласындағы Доулатабад бағы (Dowlat Abad Garden) – Иранның ең көне бақтарының бірі.

Әлемге танымал бақтың тарихы 260 жылдан асады. 6,4 га ауданды құрайтын бақтың әр бұрышында жұмақтың белгілері бар. Айналаға көз тастағанда жүзім сияқты жеміс ағаштары, сауырағаш пен шыршаны көруге болады. Көктем кезінде раушан гүлінің хош иісі аңқиды.

Доулатабад бағы Афшарлар мен Зендтер заманының ең құнды жәдігерлерінің бірі және Йезд қаласының туристік тартымдылықтарының бірі саналады.

Доулатабад бағы
Бұл бақта әлемдегі ең биік желтартқыш орналасқан. Желтартқыштың биіктігі 33,8 метр. Ол архитектуралық жоба тұрғысынан өте құнды саналады.   
Доулатабад бағы – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне тіркелген 9 ирандық бақтың бірі.
Бақтағы ғимараттың құрылысында мәрмәр тастар көп қолданылған.
Бақтағы ең маңызды ғимарат оңтүстік дуалға жапсарлас орналасқан.
Кірпіш ғимарат – бақтың негізгі құрылысы.
Доулатабад бағының желтартқышы осы кірпіш ғимараттың үстінде орналасқан. Ол осы бақтың символы саналады.
Доулатабад бағының бүкіл территориясында арықтан су ағып жатыр.
Күн сайын баққа турист көп келеді.
Доулатабад бағының жобасы – текті ирандық бақ жобаларының бірі.
Кірпіш ғимараттың батысында "Танаби залы" деп аталатын салтанатты ғимарат орналасқан.
"Бехешт-е Айин" ғимараты – жанұяның қысқы үйі. Ол бақтың күнге қараған оңтүстік жағында салынған.