Нау 11, 2022 21:58 Asia/Almaty
  • Иран: Сараға Сейед ауылы (150)

Сараға Сейед ауылы (Sar Aqa Seyyed) Чаһармаһал және Бахтияри облысының орталығы Шаһркүрд қаласынан 140 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан.

Ауылдың үйлері баспалдақ пішінде салынған. Бір үйдің төбесі басқа үйдің ауласы болып жалғасып кете береді. Ауылдың тарихы имамзада мазарының тарихынан басталады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, имамзада мазарының 600 жылдық тарихы бар. Имамзаданың шежіресі бойынша ауылдың да тарихы осы кезден басталады.

Сараға Сейед ауылы
Бұл ауыл солтүстікте Кангале тауымен, оңтүстікке Ванд жəне Хейме тауларымен шектесіп жатыр. 
Сараға Сейед ауылы - Чаһармаһал және Бахтияри облысының əдемі ауылдарының бірі.
Имамзада Аға Сейед Иса мазары
Мазар ауыл үйлерінің төменгі жағында орналасқан. 
Ауыл тұрғындарының саны жыл бойы мың адамнан үш мың адамға дейін өзгеріп отырады. 
Ауылда нан пісіріп жатқан əйел
Ауылда лурлар тұрады. 
Аудан тұрғындары бахтиярилердің əдет-ғұрыптарын сақтайды. 
Ауыл тұрғындары егін жəне мал шаруашылығымен айналысады. 
Ауылда бұлақтар көп. Солардың бірі - "Мұрат чешме" бұлағы.
Ауылда 300 жылдық жаңғақ ағаштары бар. 
Ауылдың архитектуралық жобасы айрықша жайлылық сыйлайды. 
 Бұл ауыл Гилян облысындағы Масуле ауылына ұқсайды. 
Ауылдағы үйлер балшық пен саз кірпіштен салынған. 
Тау ішіндегі ирелең жолдар ауылға апарады. 
Бұл ауылға жылдың алты айында ғана жол ашық. 
Сараға Сейед ауылы "Загрос Масулесі" деп аталады.