Сәу 30, 2022 14:58 Asia/Almaty
  • Иран: Гүлістан сарайы (152)

440 жылдық тарихы бар Гүлістан сарайы – Иранның теңдессіз тарихи кешендерінің бірі. Сарайды салу жұмыстары шах Аббас Сефевидің кезінде басталып, Насыреддин шах Қаджардың заманына дейін жалғасты.

Насыреддин шахтың Еуропаға сапарларының әсерінен сарай құрылысына көптеген өзгерістер енгізіліп, толықтырылды. Сарайда Камал ул-Молк пен басқа ирандық және шетелдік өнерпаздардың туындылары қойылған. Кешендегі әдемі ғимараттар қатарына Шамс-ул-Эмаре, Айна залы, Салем залы, Фотосурет үйі және т.б. айтуға болады.

«Гүлістан сарайы» кешені
Бұл сарай – Иранның жаһандық ескерткіштерінің бірі. Ол UNESCO-ның мәдени мұра тізіміне тіркелген.  
Кешен Теһранның ескі бөлігінде орналасқан.
Кешеннің әрбір бөлігінің сұлулығы теңдессіз.  
Шамс-ул-Эмаре ғимараты 5 қабаттан тұрады. Биіктігі – 35 метр. Өз заманында Теһранның ең биік ғимараты саналған.
Сарайдың 1867 жылы түсірілген суреті
«Тахт-е мәрмәр» террасасының ескі суреті
Террасаның алдында сәлемдесу және халықты қабылдау рәсімі өтетін.
Гүлістан сарайы
Насыреддин шахтың құлпытасы осы бөлікке қойылған.
«Тахт-е мәрмәр» террасасы 1806 жылы салынған.
Асқан шеберлікпен жабыстырылған айна сынықтары сарайдың барлық залдарының әдемілігін арттырды.   
Бұл кешеннен теңдессіз керамикалық тақташалар көруге болады.
Ыдыс-аяқ залында Еуропалық билеушілердің Қаджар шахтарына сыйлаған ыдыстары мен заттары қойылған.
Айна залы – Гүлістан сарайының ең әдемі залдарының бірі.
Салем залы – көлем мен салтанаты тұрғысынан әлемнің ең керемет залдарының бірі.
Фотосурет үйі
Гүлістан сарайы 2013 жылы 23 маусымда UNESCO тарапынан адамзаттың мәдени мұра тізіміне тіркелді.