Maм 11, 2022 10:29 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (43)

Имам Хомейнидің басқа әлемдік саяси басшылардан айырмашылығының бірі - оның аскетизмі мен қарапайым өмірі.

 

Имам Хомейнидің басқа әлемдік саяси басшылардан айырмашылығының бірі - оның аскетизмі мен қарапайым өмірі. Көптеген бұрынғы және кейінгі философтар мен данышпандардың пікірінше, адамның кемелдікке жетуіне кедергі болатын ең басты кедергі – дүниеге тәуелділік пен үйір болу. Дүниенің сән-салтанатына үйір болу адамға үстемдік етсе, барлық адами құндылықтар көлеңкеде қалады.

Данышпандар мен философтардың пікірінше, сұлулық пен материалдық көріністердің алдамшы көріністерінен құтылу үшін аскетизм мен қарапайым өмірден артық жолы жоқ. Адам дүниеге тәуелді болмаса, еркін болады. Мүлік-дүниеден алыстаған адам білім биігіне жетіп, аз ғана күндік өмірге кемеңгер ойымен дұрыс көзбен қарайды. Имам Хомейнидің досы мен дұшпанының айтуынша, ол өз заманының ең көрнекті аскеттік және тақуа тұлғаларының бірі болған. Ол руханиятқа соншалықты сусындап, ғалам патшалығына жақындап, дүниенің ішкі шындығын тапты. Имам қарапайым өмір сүрді және ол бұл өмір салтын Құран ілімдерінен және ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) және имамдар, әсіресе Әли (ғ.с.) сияқты ұлы діни жетекшілерден үйренді. Исламның ұлық пайғамбары имам Хомейнидің аскетизм мен қарапайым өмір сүрудегі үлгілерінің бірі болды. Екінші халифа былай деген: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бөлмесіне барсам, оның төсеніште жатқанын көрдім және көзім тамағына түсті. Ол екі жұдырық арпа мен бір уыс порей пияздан басқа ештеңе емес еді. Мен жыладым. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ей, Хаттабтың ұлы, сен неге жылайсың?» - деп сұрады. «Мен неге жыламаймын, сен Алла таңдаған адамсын, Хосру мен Қайсар көп жеміс пен берекеге батып жатқанда, сенің азығын қандай?»- дедім. Пайғамбар: «Уа, Омар, дүниенің оныкі, ақыреттің біздікі екеніне разы емессің бе?»- деді.  Мен де қабылдадым». Сондай-ақ хазірет Әлидің (ғ.с.) дүниеге көзқарасы имам Хомейнидің  қарапайым өмірдегі көзқарасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда өте тиімді болды. Имам Әли (ғ.с.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) және оның өмірін: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) дүниеде   аузын толтырып тамақтанбады, дүниеге көзінің қиығымен қарады. Оның екі бүйірі барша жұрттан көбірек шөгіп, іші бос болды. Оған дүние көрсетілді, бірақ ол қабылдамады және жерде  отырып тамақтанды. Ол өз қолымен киімін жамап алатын»,- деп сипаттады.  

Имам Хомейни (р.а.) өмірде қатаң аскеттік және қарапайым болуымен бірге   ғұламалар мен дін қайраткерлерінің  дүниеге қызығушылығына қатты алаңдады және сан рет исламдық ғұламалардың дүниенің сырт жылтырына батып, ақиқаттан алыстауы туралы ескерту жасады. Ислам жүйесінің ғұламалары мен жетекшілеріне сән-салтанат пен рәсімдерге бой алдырмауға сан рет кеңес беріп: «Мен дінбасылардың табыстарының көпшілігін және  исламдық қоғамдардағы ықпалын олардың ғылыми құндылығы мен аскетизмінде деп санаймын. Бүгін бұл құндылықты ұмытпаған жөн, оған бұрынғыдан да көп көңіл бөлу керек. Дінбасылардың зайырлы болуынан жаман ешнәрсе жоқ және дін қызметкерлерін зайырлылықтай еш нәрсе ластай алмайды»,- деген. Басқа бір сөзінде діни адамдардың қарапайым өмір сүруі туралы: «Қарт әке ретінде барша балаларым мен рухани жақындарымнан Алла Тағала ғұламалар мен дін қайраткерлеріне ұлы елді басқаруды, пайғамбарлар миссиясын насихаттауды аманат еткенде, рухани күйлерінен кетпеулерін сұраймын. Дүниенің сән-салтанаты мен жарқырауына бейімділіктен аулақ болыңдар, бұл дін қызметкерлерінің абыройы мен ИИР-ның беделі. Дінбасылар үшін сақ болып, бұл дүниесі мен ақыреттері үшін береке-бірлікке көңіл бөліп, дүние жолында жүруден жоғары қауіп жоқ екенін ұмытпаулары керек. Исламның адал дінбасылары бұл сынақтан өтті. Бірақ Исламның  жаулары дұрыс жолға нұсқаушыларға кір келтіруді көздеуде. Бірақ олар нәтижеге жетпейді»,- деді.  

Имам Хомейни

Имам Хомейнидің исламдық жүйе жетекшілеріне қарапайым өмір сүру туралы кеңесі имам Әлидің (ғ.с.)   билігі кезіндегі  басшыларымен қатынас орнату үлгісінен алынған. Хазірет Әли (ғ.с.)   аскетизмнің, қанағатшылық пен қарапайым өмір сүрудін үлгісі. Ол Осман бен Ханиф Ансаридің  мысырлық жастың үйлену тойына қатысқанын және бұл тойда үлкен тәртіпсіздік болды білгенде, оған хат жазып, кешке қатысқаны үшін айыптауымен бірге: «Кез келген мұсылманның ол үлгі тұтатын басшысы болады. Енді мына дүниедегі көсемінің киімі жыртық, жүннен жасалған киім, ал тамағы жаман тамақ пен бір бөлке нан екенін біл, соларға үнемі қанағат етеді. Сенің көшбасшыңның бұл дүниедегі киімі жыртық, жүннен тоқылған, ал тамағы – қарапайым және бір бөлке нан,  ол осыған   қанағат етеді. Алланың атымен ант етемін, мен бұл дүниеде бір дирхем де, бір динар да, алтын да сақтаған жоқпын және оның олжасынан ешбір байлықты сақтаған жоқпын және өзіме киіп жүрген мына ескі шапаннан басқа киім дайындаған жоқпын. Қаласам, таза балшырын мен бидай нанының дәндерін, жұқа және жібек киімдерді пайдалану оңай, бірақ мен бұл алдамшы құмарлықтан қолымды кесіп тастадым және тәтті-дәмді тағамға үйренгім келмейді»,- деді. Өмірдің қарапайымдылығы имамның саяси өмірінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерінің бірі болды және  мемлекеттік қызметкерлер одан үлгі алуы керек. Имам Хомейни Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін де, отанға кірген кезде де, халықтың ынта-ықыласы мен сезімінің шыңында да  өзінің қарапайымдылығын сақтап, көптеген сән-салтанаттан аулақ болды. Имам тіпті отанға оралу рәсімінің өтуіне де рұқсат бермей: «Олар Кирді  күтіп алады ма? Бір діни шәкірт Ираннан кетіп,   Иранға қайтып оралады. Халқымның арасында болып, тапталып қалсам да солармен бірге болғым келеді»,- деді.

Имам Хомейнидің қарапайым, таза және жарқыраған өмірі көптеген шетелдік қонақтарды таң қалдырды. Мысалы, майор Хұсейн Мұртаза былай дейді: «Ақпан айы болатын. «Фаджр» онкүндігіне орай имам Хомейниге шет елдерден жиырма-отыз қонақ келді. Олардың бірі американдық мұсылман болды. Жүзі ашық, сақалы ұзын қария. Кездесуден кейін олар имамның қолын сүйетін болды, сол кезден адам жылай бастады, ол біртүрлі жылады. Бөлмедегілердің бәрі оның көз жасының әсеріне түсіп, жылай бастады. Сосын олар имамның үйі орналасқан аумаққа келді. Ол жартылай ағылшын және араб тілдерінде сөйлеп: «Хомейнидің бүкіл үйі осы ма?»- деп сұрады. «Иә».  Біз имам Хомейниге аула жылы болсын деп, ауланы пластикпен және шатырмен жапқан едік. Аулаға кірген адам таңғалып: «Хомейни үйі ме?»- деп сұрай берді. Сондай-ақ: «Хомейни қайда?»- деп қайталады. « Күте тұрыңыз! Қазір имам келеді». Бүкіл әлемді өз жолдауымен дүр сілкіндірген Ислам қоғамы жетекшісінің осындай қарапайым баспанаға ие болуы және сол жерден ислам қоғамын осылай билей алатыны ол үшін күтпеген жәйт болды. Айта кететін жәйт, имам келдгенде де, ол осылай жылап отырды. Ол жылап отырған жағдайда имамның қолын сүйді де, ақырын-ақырын имамның алдынан өтті. Бұл кісінің көз жасы мен имамның үйіне таңғалуы өте таңырқатты.