Maм 15, 2022 00:12 Asia/Almaty
  • Иран: Теһранның құстар бағы (153)

Теһранның құстар бағы (Tehran Birds Garden) қаланың солтүстік-шығыс жағында Лавизан орманында орналасқан.

Бұл бақ екі фазада жобаланған. Бірінші фаза торда ұсталатын немесе ұша алмайтын құстардан тұрады. Екінші фазада ұшатын құстар топтастырылған. Солар үшін бақтың төбесі тормен жабылған. Қазір бақта 55 түрге жататын 6500-ден аса құс бар. Бұл жер Теһраның табиғи тартымдылықтарының бірі саналады.

Құстар бағы
Құстар бағы Теһранның солтүстігіндегі Лавизан ауданында орналасқан.  
Жыртқыш, тропикалық және үй құстары арнайы вольерлерде ұсталады.
Бұл бақ серуендеуге қолайлы.
Теһранның құстар бағы осы саладағы ең ірі кешен саналады.
Теһран құстар бағының теңдессіз ерекшеліктерінің бірі – құстардың еркін жайылып жүруі.
Құстардың 90 пайызға жуығы толықтай ашық жерде ұсталады.
Құстардың 90 пайызға жуығы толықтай ашық жерде ұсталады.
Бақтың ауданы 23 га.
Бақтың аумағында құстар, гүлдер мен ағаштар арасында серуендеу үшін арнайы тас жолдары салынған.  
Бақтың кіреберіс қақпасы оның ең биік жерінде орналасқандықтан сол жерден бақ аумағын толық дерлік көруге болады.  
Бақтың кіреберіс қақпасы
Бұл бақ – Таяу Шығыстағы ең ірі құстар бағының бірі.
Тауыс – әлемдегі ең әдемі құстардың бірі.
Бақтың жартылай ашық кеңістігінде құстардың еркін ұшқанын тамашалауға болады.
Теһранның құстар бағы
Теһранның құстар бағы

 

Тегтер