Maм 23, 2022 13:55 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (18)

Иранның мұражайлары: Шираз Парс мұражайы

 

Парс мұражайы Шираздың Колах Фаранги (пергола) сарайында және  балқарағайлар өсетін өте әдемі бақта орналасқан. Бұл бақтың аты Назар бағы.

Кәрім хан Занд Бағ-е Назардың қақ ортасына әдемі сегіз қырлы зәулім сарай салдырды. Осы зәулім сарай өз заманында қонақтарды, шетелдік елшілерді қабылдап, түрлі ресми рәсімдер мен мерекелерді өткізетін орын болған.   Пергола сарайының сырты сегіз қырлы, үйдің үстіңгі жағындағы тақтайшалар гүл және құстар оюларымен   безендірілген. Төрт жағынан симметриялы түрде бейнеленген бұл суреттер аңшылық жердің көрінісін және тағында отырған Сүлейменнің әңгімесін көрсетеді. Пергола сарайы хижраның 1315 жылы (1936 ж.) мұражайға айналды және исламға дейінгі және исламнан кейінгі дәуірдегі заттарды сақтайды және Парс мұражайы деп аталды. Бақшаның сыртқы кеңістігінде жағымды атмосфера мен биік және әдемі ағаштардан басқа, тарихи нысандар да орналасқан. Мәселен, Қаджарлар кезеңінің іргелері мен Күн сарайындай! Ғимараттың ішкі кеңістігіне орталық бөлік пен төрт патша резиденциясы кіреді. Мұражайдың тарихи бөліктерінің бірі - сарайдың бір бұрышында орналасқан Кәрім хан Зандтың бейіті. Мұражайдың басқа өте көне жұмыстары арасында қызыл тұмсықты түтік құмырасы бар.  Бұл құмыра Рудбардан табылған және біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Сонымен қатар, бұл мұражайдан өте құнды кітаптарды көруге болады. Олардың ішінде Румидің Мәснауиінен алынған Мулла Садраның жазуымен жазылған 13 парағы, сондай-ақ 14 ғасырдағы атақты каллиграфтардың бірі Яхья Жамал әл-Суфидің сольс хатымен жазылған  Құранның бір бөлігі осы мұражайда сақтаулы.