Қыр 20, 2022 22:32 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 879-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Фуссиләт" сүресінің 29ятына құлақ түріңіздер:

«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا رَبَّنَا أَرِنَا اللَّذَیْنِ أَضَلَّانَا مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ نَجْعَلْهُمَا تَحْتَ أَقْدَامِنَا لِیَکُونَا مِنَ الْأَسْفَلِینَ»

Аяттың аудармасы:

Қарсы болғандар: “Раббымыз! Жыннан да, адамдардан да бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың астына салайық. Ең төмендегілерден болсын” дейді. (29)

 

Өткен бағдарламада халыққа Құранның аяттарын тыңдауға кедергі жасаған мүшріктер тобы жайлы айттық. Бұл аятта былай делінген: Осындай адамдар тарапынан жолдан тайған кісілер қиямет күні шағым айтпайды. Олар Құдайдан өздерін жолдан тайдырып, бақытсыздыққа ұшыратқан шайтан сипатты азғырушыларды тозақтың ең төмен әрі нашар жеріне орналастыруды сұрайды. Сондай-ақ бұл топты аяқ астына салып, таптауға рұқсат сұрайды. Осылайша бұ дүниеде орын мен лауазымға ие болғандардың абыройын төгіп, қорлаймыз деді.     

 

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Мүшріктер қияметте өздерінің күпірлігі мен адасушығын басқалардың мойнына артып, басқаларды өздерінің адасушылығының себебі деп таныстыруға тырысады.
  2. Адамды адастырып, бұрыс жолға салатын себептер көп: азғырушы адамдар мен адастырушы шайтандар.   
  3. Осы дүниеде басқаларға үстемдік етіп, оларды адастыратын күпір жетекшілерді ақыретте олардың жақтаушылары аяқ астына тастап, таптауды тілейді.

 

"Фуссиләт" сүресінің 30ятына құлақ түріңіздер:

«إِنَّ الَّذِینَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّـهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَیْهِمُ الْمَلَائِکَةُ أَلَّا تَخَافُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِی کُنتُمْ تُوعَدُونَ»

 

Аяттың аудармасы: Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді. (30)

 

Осы дүниенің ләззатына шақырған мүшріктер мен адасқандардың соңынан ере беретіндерге керісінше тек пайғамбарлардың шақыруына бас иетін адамдар бар. Олар тек бір Аллаға иман келтіреді және басқа ешбір сөз бен шақыруға мойын бұрмайды. Олар "Біздің Құдайымыз – Алла" деп айтады. Олар осы сөзге табандылық танытып, одан ауытқымайды. Олардың болмысындағы қиямет күні мен илаһи уәделерге иманның мықтылығы соншалықты, дүниенің өткінші уәделерінің орнына Алланың кесімді де тұрақты уәделеріне сенеді. Сондықтан ешбір фактор олардың діни міндеттерін орындауда әлсіздік танытуына себеп болмайды.

Әрине Құдайға иман келтірдік деп уәж айтатындар көп. Бірақ іс жүзінде кейбір адамдар төзімділік танытпайды. Олар – нәпсі дауылына ұшырағанда немесе өз мүдделеріне қатер төнген кезде әлсіз иманынан да айырылып қалатын қауқарсыз адамдар. Шын мәнінде өзінің нәпсіқұмарлығы немесе жақындар мен достардың жөнсіз тілектеріне қарсы тұра алатын адамдар өте аз. Сондай-ақ, дұшпандардың қоқан-лоққылары мен іс-әрекеттері алдында әлсіздік танытпайтын адамдар аз.  

Қалай болғанда да, Құдайдың уәдесі бойынша, шыншыл мүміндерге жәрдем беріледі. Алланың көмектесу жолдарының бірі – мүміндердің жүрегіне періште түсіру. Періштелер олардың жүректерін нығайтып, үміт сыйлайды. Сонда олар дұшпандар мен олардың болашақтағы қатерлерінен қорқу сезімінен арылады. Бұрынғыдай жүректеріне қам-қайғы ұялатпайды. Періштелер мұндай адамдарға жұмаққа баратыны туралы сүйіншілейді.   

Күмәнсіз, илаһи періштелердің жақсы хабарлары иманды адамдардың рухы мен жанына нұр түсіреді. Өмірдің ауыр кезеңдерінде оларға күш береді, қысылтаяң шақтарда олардың қадамдарын мығымдайды. Бұл мынадай мағынада: осы өмірде мүміндердің міндеттері – нәпсіқұмарлыққа салынбай, нәпсілік талап-тілектерді ауыздықтау. Өйткені бұлар адамдардың бұзылып, азғындауына себеп болуы мүмкін. Ал ақыретте Алла әлгі шектеулер мен тыйымдардың өтеуін қайтарып, оларға қалаған нәрсесінің бәрін сыйлады. Өйткені жұмақ азғындайтын және бүлінетін жер емес. Олар мәңгілік жұмақта Ұлы Алланың қонақасына барады. Қонақ иесі қайырымды да мейірімді Құдай болса, қонақасының меймандары пәк адамдар болады.    

 

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Егер мықты мүміндердің бұл дүниеде достары аз болса, періштелер олардың илаһи достары болады. Осы дүние мен ана дүниеде оларды қолдап, қорғаштап жүреді.
  2. Жұмақтың ләззаттары тек материалдық және физикалық  талап-тілектермен шектелмейді. Онда адамға ләззат әкелетін кез келген нәрсе бар. Жұмақтықтар үшін рухани ләззат пен қуаныштың орны материалдық ләззаттардан кем емесі анық.
  3. Алланың жұмақтықтарға қатынасы қайырым мен кешірімге негізделген. Бұл Жаратушының оларға шексіз мейірім және кешіріммен қарайтынын білдіреді.

Бүгінгі бағдарламамыз осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.

 

Тегтер