Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 3
«Жұмсақ соғыстың» ең маңызды сахнасы қайда және оның негізгі пайдаланушылары кімдер?
«Жұмсақ соғыстың» қолданатын тәсілдері мен құралдары өзгеше. Егер «қатты соғыс» ағымында саяси жүйе жерді басып алу арқылы құлатылып, мемлекеттің қорғаныс жүйесі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірілсе, «жұмсақ соғыс» кезінде халықтың наным-сенімдері мен құндылықтарына әсер етіліп, саяси жүйе болып қалыптасқан бір елдің ой-пікірі мен басқару үлгісі дағдарысқа тіреледі. Дұшпан өз мақсаттарына жеткен жағдайда саяси жүйеге сенім арту жойылады. Бұл соғыстың негізгі құралы «жұмсақ күш» болып табылады. Яғни, қарым-қатынас пен ақпарат құралдары және психология ғылымы арқылы қоғамның болмысына күмән тудырылады. «Жұмсақ соғыстың» сахнасы қоғамдық ой-пікір, қоғамның наным-сенімдері мен құндылықтары, талап-тілектері мен ұстанымдары болып табылады. Шабуыл жасаушылар аталмыш сахналарды жаулап алуды жоспарлап, нәтижесінде нысанаға алынған мемлекет халқының ой-пікірі мен жүректерін билеп, құрылымдарын өзгертеді. Басқаша айтқанда, «жұмсақ соғыс» – үлгіні қирататын соғыс. Шабуылшы аталмыш соғыс кезінде саяси жүйенің негізгі құндылықтары мен маңызды негіздеріне күмән тудырып, жүйенің әртүрлі салалардағы үлгісін сәтсіздікке ұшыратады. Мамандар «жұмсақ соғыстың» әртүрлі тұрғыларына назар аудартады. Алайда мәдени, саяси және қоғамдық тұрғыларды басқа тұрғылардан маңыздырақ үш тұрғы деп санайды. Олардың пікірінше «жұмсақ соғыстың» саяси сахнадағы бастапқы кезеңі, яғни қалыптасқан саяси үлгіні сәтсіздікке ұшырату мәдени шабуыл немесе қоғамның мәдени болмысын өзгерту арқылы жүзеге асады. Сондықтан мәдени тұрғы «жұмсақ соғыстың» ең маңызды факторы саналады. Өйткені «жұмсақ соғыстың» факторлары мәдени тәсілдерді пайдаланып, қоғамның негізгі құндылықтарын, яғни Аллаға сүйену, дұшпанға қарсылық білдіру, әділет талап ету, өзіне сенім арту сондай-ақ, үкіметке деген ұстанымдары мен қоғамдық қарым-қатынасын өзгертуге әрекет жасайды. «Жұмсақ соғыстың» нәтижесі мәдени құлдырау мен болмыстың өзгеруі болады. Саяси тұрғыдан «жұмсақ соғыстың» жақтастары бір қоғамның азаматтарын үкімет пен елдің саяси органдарына қарсы қоюды көздеп, оларды наразылық білдіруге, шерулер мен ереуілге шығуға жігерлендіреді немесе мәжбүрлейді. Нақтырақ айтқанда «жұмсақ соғыстың» жақтастары халықты үкіметке бағынбаушылыққа итермелейді. Бұл үдерісте нысанаға алынған мемлекеттің саяси жүйесі дағдарысқа тіреледі. «Жұмсақ соғыс» орын алған кезде ішкі қайшылықтардың күшеюіне жағдай жасалады. Басқаша айтқанда, «жұмсақ соғыс» ой-пікірлері, сараптамалары және идеологиялары бір-бірімен келіспейтін қоғамдық және саяси күштерді басқару болып табылады. Бұл күштер дау-дамай кезінде өз қайшылықтарын саяси структураларға ауыстырып, олардың ішінде қайшылық тудырады. Соның салдарынан үкіметтің іс-әрекеттері немесе түрі өзгеріп, саяси жүйенің заңдылығы мен іскерлігіне күмән туады. Сол себепті кейбір «түрлі түсті революциялар» саяси «жұмсақ соғыстың» басында орын алады. Өткен жылдары Украинада орын алған оқиға осы үдерістің үлгісі. Саяи мамандардың көбі АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының бұл елдегі «жұмсақ соғысты» АҚШ-тың ұйымдастырғанын растағаны туралы біледі. Ол CNN телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның Украинадағы саяси және қоғамдық ағымдарға миллиардтаған долларлық көмек жібергенін мойындап: «АҚШ Украина халқын қолдап, кемінде 5 миллиард көлемінде доллар көмек көрсетті»,- деді. Бұдан бұрын да Украинаға қатысты ұқсас мәліметтер жарияланған болатын. Мәліметтер бойынша Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл көмектер Батысқа жақын ағымдарға жұмсала бастаған. Сондай-ақ, келесі бір хабарлар бойынша, НАТО өткен он жылда Украинаның офицерлерін жаттықтырған. Алайда «жұмсақ соғыстың» үшінші тұрғысы – қоғамдық тұрғы. «Жұмсақ соғыстың» қоғамдық тұрғысына қоғамдық қайшылықтар, қарым-қатынастар мен келісімдер, салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар және ұжымдық іс-әрекеттер кіреді. «Жұмсақ соғыстың» жақтастары халықтың санасында билік орнату үшін қоғамдық бірліқ, ұлттық сана, қоғамдық қор мен ұлттық ынтымақтастыққа ықпалын тигізбек. Сөйтіп, қоғамдық жүйенің әлсіреуімен кезіккен кезде шашылған болмысты ұйымдастыра алатын күштерді жинақтап, қауіпсіздік орнату үшін ынтымақтастық жасауға талпынады. «Жұмсақ соғыстың» жақтастары ұзақ мерзімде адамдардың ойлары мен әрекеттеріне әсер етуді мақсат етеді. Өйткені «жұмсақ соғыстың» доктринасында дұшпанның мақсаттарын орындату үшін нысанаға алынған елдің халқының жүрегі мен санасын өзіне тарту қарастырылған. «Жұмсақ соғыстың» жақтастары халықтың санасы мен жігерін өзіне бағындырып, қоғамды наразы, қарсылық білдірушіге айналдырып, халықтың арасына жік салады. Осы ретте халықты дұшпанның талап-тілектерін орындауға бағындыратын жолдар қандай деген сұрақ туындайды. Психологтардың пікірі бойынша бұл жол бір жағынан өте оңай болса, басқа жағынан өте қиын. Сол себепті «жұмсақ соғыс» ашушылар халықтың ойы мен жүрегіне әсер ету үшін нандыру, сана-сезімді өзгертіп-қадағалау мен «миды шаю» сынды психикалық тәсілдерден бастап, қоғамдық сана, оқырманның ой-пікірі мен танымына әсер етуге әрекет жасайды. Сонымен біге адамның сезімдеріне де ықпал етуге талпынады. Мәселен, олар адамдардың өз үкіметіне деген жиіркенішін тудырып, олардың мейірімділігін өздеріне қарай бұруды көздейді. Адамдардың жүрегін бағындыру үшін түрткілерді де қолданады. Адамдардың кейбір нәрселерге риза болуы олардың жүректеріне билік орнатуға себеп болады. Олар бұл салада қоғамды құлдырататын сценарийлерін іске асыру үшін психикалық тәсілдерді пайдаланады. Бірақ «жұмсақ соғыс» тек халыққа әсер етумен аяқталмайды. Ол үкімет басындағылар мен танымал қайраткерлерді де нысанаға алады. «Жұмсақ соғыстың» бұл деңгейі елдердің стратегиясына, басшылары мен ойшылдары және саяси қайраткерлеріне жететіндіктен аталмыш соғыстың ең жоғары деңгейі саналады. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты әсерлі күштерді әлсіретіп, олардың ықпалын төмендету болып табылады. Ойыншылар бұл деңгейде белгілі тұлғалардың күш-қуатын қандалықты төмендете алса немесе оларды өздеріне қарата алса, жеңіске жету мүмкіндіктері жоғарылайды. «Жұмсақ соғыстың» бұл деңгейінде таңдаулы адамдарды басқару арқылы олардың наным-сенімдеріне әсер етуге немесе психикалық әрекеттер арқылы олардың жігері мен ой-пікірілерін өзгертуге талпыныс жасалады. «Жұмсақ соғыстың» факторлары басқарудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Мұндай тәсілдердің бірінде елдің атақты азаматтарын мәселеге қатысты келістіріп, оларға арнайы мәліметтер ұсынылады. Сөйтіп, олардың ойларын билеуге жағдай жасалады. Өткен онжылдықтардағы «жұмсақ соғыс» ашушылардың әрекеттеріне жасаған шолу Шығыс Еуропа елдері мен Орталық Азия және Кавказ республикаларындағы «жұмсақ соғыс» үдерісініің әртүрлі болғанымен, барлық елдердің ортақ ерекшелігі қоғамдық топтарды толқытуы және осы жол арқылы саяси толқыныстар тудырып, қоғамдық наразылықтарға жағдай тудыру болғанын көрсетті.