Иран: «Қаср» мұражай-бағы (163)
Қаз 15, 2022 00:51 Asia/Almaty
«Қаср» мұражай-бағы Теһран қаласында орналасқан. Бұл бақта халық демалып, көңіл көтереді, мәдени іс-шаралар өткізіледі. Алайда бұл мұражай-бақ бұрындары түрме болған.
Одан бұрын Қаджар патшаларының сарайы болған. Қаджари сарайы Реза шах Пехлевидің бұйрығымен толығымен қиратылып, оның орнына түрме салынған. Түрме «Қаджари сарайы» деген бұрынғы атауына байланысты «Қаср» деп аталған. Революциядан кейін бұл түрме саяси емес тұтқындарды қамайтын жер болған. Ал соңғы жылдары түрлі бөлімдерден тұратын мұражай-баққа айналды.
Тегтер