Имам Хомейнидің мектебінде (48)
Имам Хомейни Алланың бар екеніне терең сеніміне байланысты ешбір жағдайда алаңдамады. Шахтың озбыр режиміне қарсы күрестің ауыр жағдайларында, сондай-ақ таңылған соғыстың өте ауыр және қайғылы күндерінде, жауға қарсы шайқаста мыңдаған жігіттер қаза тапқанда, ол ешқашан алаңдап, қорықпаған.
Тыныштық жайлылық пен тұрақтылықпен бірге жүретін қобалжу мен үрейге қарсы болатын эмоционалды күйге айтылады. Адамдар табиғи түрде өмір бойы оларды алаңдататын мәселелер мен проблемаларға тап болады. Осы себепті, көптеген психологтар мен кеңес беру мамандары адамдарға алаңдаушылықты жеңуге және тыныштық пен қауіпсіздікті құруға көмектесуді негізгі мақсаттарының бірі деп санайды. Барлық илаһи діндердің, әсіресе Ислам дінінің тағылымы бойынша, Алла Тағалаға иман келтіру – адамдарда тыныштық тудыратын рақымдылықтың қайнар көзі, ал Алланы еске алу адам жүрегіндегі кез келген уайым мен қорқынышты кетіреді және адамдарды ішкі және сыртқы қысымдардан сақтайды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Біліңдер, жүректер тек қана Алланы еске алу арқылы жай табады»,- деді («Рағд» сүресі, 28-ші аят). Осы көзқарас негізінде Алланың барына, жәрдеміне терең сеніп, Алланы хикмет иесі, қамқоршы деп санаған мүмін жүрегінде қорқыныш пен мұңды ешқашан таба алмайды. Өйткені Құран Кәрімнің аяттары бойынша, Алла Тағала мүміндердің қамқоршысы және оларды қараңғылықтан нұрға бағыттайды. «Бақара» сүресінің 257-ші аятында: «Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады..»,- деп айтылды.
Имам Хомейни Алланың бар екеніне терең сеніміне байланысты ешбір жағдайда алаңдамады. Шахтың озбыр режиміне қарсы күрестің ауыр жағдайларында, сондай-ақ таңылған соғыстың өте ауыр және қайғылы күндерінде, жауға қарсы шайқаста мыңдаған жігіттер қаза тапқанда, ол ешқашан алаңдап, қорықпаған. Өйткені Аллаға және таңдаған жолына толық және терең сенімі болды.
Діни қызметкер Тахери Хоррамабади революция жеңісінің алғашқы жылдарындағы елдің әртүрлі аймақтарында аласапыран және азаматтық соғыс болған кездегі имамның сабырлылығы туралы: «Имамда ешқандай алаңдаушылық болған жоқ. Күрдістандағы жағдай шиеленіскен кезде марқұм Раббани Амлаши имамнан: «Алаңдадыңыз ба?» – деп сұрады. Имам: «Мен ешқашан алаңдамаймын»,- деп жауап берді»,- деп есіне алатын. Доктор Махмуд Бруджерди күрес жылдарындағы саяси дағдарысындағы имам Хомейнидің жан тыныштығының ерекшелігіне тоқталып: «Фейзия медресесіндегі оқиғада имамды тұтқындау мүмкін болғанкезде, имам сол түні үйіңде қалып, басқа үйге бармады. Көптеген адамдар түнде келіп, имамнан тым болмаса сол түні басқа үйге баруын өтінді, бірақ имам қабылдамады». Имам Хомейни ең аянышты және эмоционалды жағдайларда да жан тыныштығын жоғалтпады. Ата-ана үшін баласынан айырылу ең қиын және өкінішті оқиға деп айтуға болады. Имамның ұлы Мұстафаның өліміне реакциясы сабырлылығының тағы бір мысалы.
Имам ұлының шәһид болғанын естіген соң үрейленбей, Құранға сүйеніп, сабырлығын сақтауға тырысты. Өйткені Алланы еске алу және Құран оқу мүміндер үшін тыныштық әкеледі. Пайғамбардың (с.ғ.с.) жүрегіне Құранның біртіндеп түсуі оны тыныштандырды. «Мүміндер - Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да, оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылатындар». («Әнфал» сүресі, 2-ші аяты).
Имам Хомейни саяси күрестердің қызған шағында тыныштық пен сабырлылығын жоғалтпауымен қатар, қамауға алғаннан кейін мазасызданып, күйзеліске ұшыраған шах режимінің қауіпсіздік күштерін жұбататын. Имамның серіктерінің бірі Қарахи қажы Аға Мұстафаның сөзіне сүйеніп былай деп жалған: «Мұстафаның айтуынша, имам «Олар мені қамауға алғаннан кейін Құмнан Теһранға алып бара жатқанда, көлік кенеттен негізгі жолдан шағын және қара жолға бұрылды. Олар істі аяқтап, мені өлтіреді деп ойладым. Бірақ жүрегімеде ештеңе өзгермегенін көрдім» деген. Сондықтан имам бостандыққа шыққаннан кейін 43 жылы Ағзам мешітінде сөз сөйлегенде: «Аллаға ант етемін, мен өмірімде қорықпадым, тіпті олар мені тұтқындап, алып кеткен түнде олар қорқып, мен оларды жұбатқан едім»,- деді. Сондай-ақ доктор Бруджерди имам туралы осыған ұқсас оқиғаны еске алатын: «Имам түрмеге бару оқиғасын былай еске алған «офицерлер оны Теһранға жеткізгісі келгенде, олар көлікті дыбысы шығып, көршілерді оятпасын деп, үйдің есігінен аурухананың алдына дейін итерріп апарған. Тұтқынға алу үшін келгендер қара киім киіп, көлік көрінбесін деп, оның үстінін денелерімен жапты. Көлікте отырғандар өте жабайы екенін көрдім, оларға «неге жабайысыңдар?» дедім. Олар: «Сізді адамдар жақсы көреді, сондықтан бізге соққы береді деп қорқамыз»,- деп, қайта-қайта артқа қарай берді».
Шах елден қашып, имам елге қайтып келе жатқан ислам қозғалысының соңғы күндері қауіпті және сонымен бірге қуанышты кезеңдер мен сәттер болды. Революцияшылар революцияның жеңісіне қатты қуанып, сонымен бірге өздерінің тағдырлары мен елдің болашағы, тіпті имамның өмірі үшін қатты алаңдады. Имамды Парижден Теһранға жеткізген ұшақта осы толқу мен уайым мен қуаныш айқын көрінді. Имам мен оның серіктері мінген ұшақты Иранның билеуші үкіметі атып түсіреді деген қорқыныш болды және бұл имамның серіктерін қатты алаңдатты. Бірақ имам бұл сапарды жан тыныштығымен аяқтады. Хаснайн Хайкал осы сапардағы имамның тыныштығы туралы былай жазды: «Имамды Теһранға жеткізген ұшақта барлығы Теһранға қона ала ма, әлде шах режимінің жойғыш ұшақтары оларға шабуыл жасай ма деп алаңдады. Бұл уайымнан имам Хомейниден басқа ешкім ұйықтай алмады. Имам Хомейни ұшақтың жоғарғы қабатына шығып, жатып таңға дейін ұйықтады». Ұшақтағы сезімдері туралы тілшінің сұрағына имам ешқандай сезімінің жоқ екені және олар Иранға өте табиғи және қалыпты жағдайда келіп, әуежайға қонғанын айтты.