Қар 27, 2022 00:39 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 883-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Фуссиләт" сүресінің 45-аятына құлақ түріңіздер:

«وَلَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى الْکِتَابَ فَاخْتُلِفَ فِیهِ وَلَوْلَا کَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِن رَّبِّکَ لَقُضِیَ بَیْنَهُمْ وَإِنَّهُمْ لَفِی شَکٍّ مِّنْهُ مُرِیبٍ»

ترجمه این آیه چنین است:

Аяттың аудармасы:

Расында Мүса (Ғ.С.) ға кітап бердік. Сонда ол туралы да таласылды. Раббыңнан алдын ала бір үкім болмаса еді, әрине араларында іс біткен болар еді. Анығында олар, шәк ішінде одан күдіктенуде. (45)

Өткен бағдарламада Меккедегі мүшріктердің сылтаулары жайлы айтылды. Олар пайғамбарға: "Құран араб тілінде болғандықтан мұғжиза емес. Егер қолыңнан келсе, басқа тілде кітап түсір. Сонда мұғжиза болады",-деген. Ал мына аятта Алла елшісіне: "Хазірет Мұсаның заманында да Бәни Исраил қауымы осындай сылтаулар айтқан. Олар Таураттың шынайы екеніне күмән тудырып, таласатын",-делінген. Бірақ Құдай күпірлерді бірден жазаға тартпайды, өйткені оларды жазалауда асығыстық таныту Алланың рақымымен үйлеспейді. Әйтпесе тура осы дүниеде Алланың жазасы ілезде күпірлердің етегін шалатын еді.

Әрине мүшріктердің Құранға қатысты күдік-күмәні табиғи күмәндардың қатарына жатпайды. Адамдар қаласа, іздеп-зерттеп өз күмәнынан арылып, ақиқатқа жетеді. Ал олардың күмәні арамза пиғылмен біте қайнасқан. Олар басқалардың иман келтіруіне кедергі жасау үшін күнде сылтау айтып, күдік тудырады.

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Алланың рақымына сәйкес күпірлер мен күнәһарларға мұрсат беріледі. Олар тәубеге келіп, бұрыс жолдан қайтуы ықтимал екені ескеріледі. Егер бұлай болмаса, әр адам бір қате жіберіп, бір рет жолдан тайған соң жазаға тартылып, өмірінің кітабы жабылар еді.
  2. Күдік ақиқатқа жеткізетін көпір емес. Күмән ақиқатты теріске шығаратын құрал емес, оны анықтау үшін қойылатын сауалдың бастамасы болуы тиіс.   

"Фуссиләт" сүресінің 46-аятына құлақ түріңіздер:

«مَّنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَیْهَا وَمَا رَبُّکَ بِظَلَّامٍ لِّلْعَبِیدِ»

ترجمه این آیه چنین است:

Аяттың аудармасы:

Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес. (46)

Күпірлерге қатысты илаһи сүннет жайлы айтылған аяттың жалғасында да тағы бір илаһи сүннет жайлы сөз қозғалған. Шын мәнінде бұл – адамдардың амалдарына қатысты жалпы заң. Ізгі іс істеген әрбір адамға игілік беріледі. Жамандық істеген адам өзіне зарар келтіреді. Басқа сөзбен айтқанда сый мен жаза әр адамға оның амал-әрекетіне қарай беріледі. Әркім өз ісінің тәтті не ащы жемісін татады. Өйткені Алла ешқашан өз құлдарына зұлымдық жасамайды.

Басқа жағынан адамзат қоғамында сый мен жаза жүйесі амал мен оның жазасына сәйкес келісімшарттар жиынтығы қалыбында реттелген. Бірақ илаһи сый мен жаза жүйесі келісімшарт емес, амал мен оған реакцияның қатынасына негізделген. Бұл – объектикті әрі конструктивті қатынас.  

Мысалы, егер адам саналы түрде лас немесе улы тамақ жесе, қатты ауырып, қиналады. Ауырып, азап шегу – адам жеген жарамсыз тамақтың жазасы. Бұған басқа ешкімді кінәлай алмайды. Күпірлік пен күнә адамның рухы мен жанына теріс әсер ететіні күмәнсіз. Бұл әсер әлемде түрлі қалыпта көрініс табады. Шын мәнінде бұл – күнәнің осы дүниедегі жазасы. Ақыретте де адамның рухы мен жанына жасалған күнә тозақ оты мен азабы ретінде көрінеді.

 Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Іс-әрекет жасауда ерік пен таңдауға ие болсақ, ол істің салдарын басқаға тели алмаймыз.
  2. Өмірде болып жатқан қиындықтар мен жайсыз оқиғаларды Құдайда телімейік. Өйткені Құдай ешкімге зұлымдық жасамайды. Қиыншылық – өз ісіміздің нәтижесі

 

"Фуссиләт" сүресінің 47-48-аяттарына құлақ түріңіздер:

«إِلَیْهِ یُرَدُّ عِلْمُ السَّاعَةِ وَمَا تَخْرُجُ مِن ثَمَرَاتٍ مِّنْ أَکْمَامِهَا وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنثَى وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِ  وَیَوْمَ یُنَادِیهِمْ أَیْنَ شُرَکَائِی قَالُوا آذَنَّاکَ مَا مِنَّا مِن شَهِیدٍ»، «وَضَلَّ عَنْهُم مَّا کَانُوا یَدْعُونَ مِن قَبْلُ وَظَنُّوا مَا لَهُم مِّن مَّحِیصٍ»

Аяттардың аудармасы:

Қиямет мезгілінің мәліметі Аллаға тән. Оның білуінен тыс, жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды. Және ешбір ұрғашы жүкті болмайды да, тумайды. Оларға: “Менің ортақтарым қайда?”,- деп сұралған күні, олар: “Саған ұсындық; бізден оған куә болушы жоқ” дейді. (47)

Бұрынғы шоқынғандары олардан ғайып болды. Өздерінің қашар жерлері болмағанын түсінді. (48)

Құдай өз құлдарына сый мен жаза беруде зұлымдық жасамайды деп айттық. Мына аятта: "Ешкім қиямет күні болатын уақыт пен сол кезде болатын оқиғалар жайлы білмейді. Оны тек Құдай біледі",-делінген. Құдай қияметке қатысты кейбір мағлұматты өзінің пайғамбарлары арқылы халыққа жариялады. Бұған қарамастан, о дүниенің сыры адамнан жасырылған.

Аяттың жалғасында: "Қияметтің сыры ғана емес, осы әлемнің көптеген құпиясы адамдарға беймәлім, ал Аллаға анық та айқын",-делінген. Жеміс ағашының бүр жарып, жеміс беріп, қабыршағынан шығуы, әйел адамның бала табуы және ұрғашы малдың төлдеуі – осының бәрі Жаратушының ғылымы мен хикметіне сәйкес орындалады.

Аяттың жалғасында қияметті жоққа шығаратын мүшріктер туралы былай делінген: "Қиямет күнгі сотта олардан "Құдайға серік қосып, йек артқан заттарың мен адамдарың қайда? Бүгін сендердің жалбарынғандарыңа жауап беріп, сендерді құтқармай ма?"деп сұралады. Оларда "Біз өзіміз айтқан және сенген нәрселерге куәлік ете алмаймыз. Бүгін айтқандарымыздың бәрі жалған әрі негізсіз болғанын түсіндік" дегеннен басқа жауап қалмайды. Осы кезде олар қиын күндерде көмектеседі деп күткен құдай-сымақтарынан еш белгі жоғын өз көздерімен көреді. Олардың бәрі көз алдарынан ғайып болады. Олар ешқандай пана, қашып тығылар жер жоғын жақсы түсінеді".     

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Қиямет күнінің қашан келетінін білмеу оны теріске шығаруға дәлел бола алмайды. Басқа кейбір істердің уақытынан да хабарсызбыз. Бірақ оның боларын біз анық білеміз.
  2. Құдай тек әлемнің жалпы заңдылықтарын ғана емес, тіпті адамдар хабарсыз немесе ғапыл қалып отырған істердің егжей-тегжейін анық біледі.
  3. Бұ дүниеде қиямет күні қолдарынан түкте келмейтін құдай-сымақтардың соңынан ермейік. Ол жерде мүшріктер өз құдай-сымақтарының әлсіз екенін бар даусымен жариялайды.
  4. Қиямет күнінде Құдай бар құдіретімен көрініп, құдай-сымақтардың жалғандығы айқындалады. Сол кезде мүшріктер өз өмірлерінің босқа өткенін, болашақтарының тығырыққа тірелгенін көреді.

Осымен бүгінгі бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.   

Тегтер