Жел 03, 2022 22:41 Asia/Almaty
  • Иран: Лейлей шатқалы (168)

Лейлей шатқалы – Луристанның ең әдемі туристік аудандарының бірі. Шатқал Дуруд ауданы орталығының батысынан 20 км қашықтықта Сейре және Чамнар ауылдары арасында орналасқан. Шатқалда ағып жатқан суы сұп-суық өзеннің жолында әдемі хауызшалар бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Луристанның бұл ауданында шие ағаштары көп өседі. Мұндағы шие басқа шие түрлерінен ұсақ. Жергілікті тұрғындар оны "лейлей" деп атайды. Сол себепті шатқал "Лейлей" деп аталып кеткен.

Дурудтың Лейлей шатқалы
Шатқалдан ағатын өзеннің суы мол.
Шатқал Луристанда Загрос тауларының ортасында ағып жатқан Марбаре өзенінің суы шайғаннан пайда болған.  
Шатқалда ағып жатқан өзеннің суы мол болғандықтан шомылуға, суда ойнауға, тіпті биіктен орғып секіруге қолайлы.
Шатқалға жазда барған дұрыс. Өйткені ауа райы ыстық кезде суға түсу айрықша ләззат сыйлайды.
Лейлей шатқалы Сейре және Чамнар ауылдары арасында орналасқан.
Луристан облысы – Ираның ең әдемі облыстарының бірі.
Шатқалда ағып жатқан өзеннің тереңдігі кей жерлерде 2 метрге жетеді.

 

Лейлей шатқалының іші жартасты. Одан өту үшін альпинистердің бастапқы принциптерін білу керек.