Жел 21, 2022 15:27 Asia/Almaty
  • Иран: Доруғе тарихи үйі (169)

Доруғе тарихи үйі (Darougheh Historical House) – Мешхед қаласында Қажарлар заманынан қалған жәдігер.

Оның ауданы 610 шаршы метр. Үй имам Реза(ғ.) кесенесінің маңындағы тарихи ауданда орналасқан. Қажарлар заманында Юсефхан Герати Доруғе үйін салуға бұйрық берген. Юсефхан Герати Мешхедтің ең соңғы доруғесі (бөлімшелік полиция қызметкері) және Машрутеден (конституциялық революциядан) кейінгі назмиенің (полиция) алғашқы басшысы деп аталған.  

Доруғе тарихи үйі жеке тұрғын үй ретінде салынған. Онда ресми таңғы астар беріліп отырған. Шамамен 30 жыл бұрын бұл үйде адамдар тұрған деседі.

Доруғе тарихи үйі
Доруғе үйі 2016 жылы ЮНЕСКО тарапынан күтіп сақтау жүлдесін жеңіп алды.
Үй құрылысында орыс сәулет өнерінің үлгілері де қолданылған.
Доруғе үйін ирандық дәстүрлі сәулет өнерінің соңғы үлгісі деп санауға болады.
Үйдің ауласында арыстанның басы, адамның басы және қанатты періште сияқты мүсіндер бар.
Доруғе үйінің кіреберіс маңдайшасы өте әдемі безендірілген.
Үйдің ішінде әдемі ойықшалар бар.
Күн сайын көптеген туристер үйді көріп қайтады.
Күн сайын көптеген туристер үйді көріп қайтады.
Ауланың екі жағында жазғы және қысқы демалыс бөлмелері бар.
Бұл үйде туристер үшін түрлі рәсімдер өткізіледі.
Мешхедтегі Доруғе тарихи үйі

 

Тегтер