Maм 02, 2016 16:09 Asia/Almaty

Басқалардың бойынан мін іздеу тәкаппарлық пен менмендіктен, билікқұмарлық пен қызғаншақтан туындаған психикалық аурулардың бірі болып табылады. Басқалардың бойынан мін іздейтіндер хабарсыздықтарына байланысты адамдардың кемшіліктерін әшкерелейді. Бұл азапқа себеп болатын үлкен күнә.


Алла Тағала  Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын... Бір-біріңді міндемеңдер...»,- деп айтқан («Худжурат» сүресі, 11-ші аят). Сондықтан мұсылман діни бауырының қатесін байқаса, бауыры қатесін түзетсін деп, ақырын әрі жасырын түрде оны өзіне айтуға міндетті. Бұл ескертудің маңыздылығы адамдардың абыройының сақталуын көздеуінде.  Басқалардың  бойынан мін іздеу тәкаппарлық пен менмендіктен, билікқұмарлық пен қызғаншақтан туындаған психикалық аурулардың бірі болып табылады. Басқалардың бойынан мін іздейтіндер  хабарсыздықтарына байланысты адамдардың кемшіліктерін әшкерелейді. Бұл азапқа себеп болатын үлкен күнә. Егер  адам  өз мініне көңіл бөліп, оны түзетуге талпынса, басқалардың қателіктері мен кемшіліктерін іздеуден, мін теруден бас тартады. Өйткені олардың басқалардың мінін  іздеуге уақыттары да қалмайды. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Өз міні мүмін бауырларының мінін іздеуден бас тартқызатын адам қандай бақытты»,- деп айтылған. («Усул Кафи»). Имам Әли (ғ.с.) де мүміндердің  сипаттарына тоқталып: «Мүмін адам өз мінін іздеп, басқаның мінімен жұмысы болмайды»,- деген. («Мостадрок әл-Васаел»). Сондай-ақ басқа хадисте хазірет Әли (ғ.с.): «Өз мінін білген адам басқаның міні туралы айтпайды»,- деп айтқан болатын. Өз мініне назар аударып, оларды түзету үшін әрекет ету басқалардың мініне көңіл бөлмеумен тікелей байланысты. Имам Әли (ғ.с.): «Халықтың мінін іздеме. Өз мінің туралы ойласаң, басқалардың мінін іздемейсің»,- деп айтқан болатын. Мін іздейтін адамдар лас жерге қонатын шыбындар сияқты. Олар адамдардың тек теріс жақтарын көрсетіп, оң сипаттарын көрмейді.  Имам Садық (ғ.с.): «Қара ниетті адамдар кір, лас жерге отыратын шыбын сияқты. Олар халықтың тек жаман істері мен міндерін ғана көріп, жақсылықтарын байқамайды. Яғни, денедегі ашық жараны іздейтін, сау жерге қонбайтын шыбынға ұқсас»,- деген болатын. («Сафинат әл-Бихар». Имам Әли (ғ.с.) өз достарына  мін іздейтін адамдармен бірге отырмау және олармен ақылдаспау туралы ескерткен. Ол сонымен бірге: «Алла Тағала адамдардың жасырын мінін іздейтін адамдардың да құпия мінін әшкере етеді»,- деп айтқан. Мін іздеу қоғамдық ортаны өзгертпегенімен қатар қоғамдағы күнә мен жаман ахлақты  арттырады. Мін іздеу адамдардың бір-біріне күмандануларына себеп болып, жүректерде кек пен дұшпандықтың тұқымын сеуіп, адамдарды кек алуға итермелейді. Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 19-шы аятынан: «Расында, сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі, сендер білмейсіңдер»,- деп оқимыз. Айта кететін жайт, Құранда мүміндердің арасында  күнә жасап, жамандық тарататындар  азап көреді деп айтылмаған. Нақты айтқанда «мүміндер туралы арсыздықты жаюды жақсы көретіндер азап көреді» деп ескертеді. Өйткені, адамның абыройы Алланың алдында өте маңызды. Ол бір мұсылман туралы  айтылған немесе естіген нәрсені  басқаларға жаюға рұқсат бермейді. Имам Садық (ғ.с.) бұл аяттың тәпсірінде: «Мүмін адам туралы көргенін немесе естігенін халықтың арасына жайса, Алланың бұл аятта илаһи азап туралы уәде берген адамарының қатарына қосылады. («Бихар әл-Анвар», 72-ші том). Имам Әли (ғ.с.) мін іздеуді  үлкен күналардың бірі деп атап: «Адамдардың кемшіліктері мен мінін  іздеудің өзі ең үлкен мін және күнә»,- деп айтқан болатын. Мін іздеу – психикалық мәселе. Адамдарға  ақыл-кеңес беру немесе жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру арқылы дұрыс жолға нұсқау  және олардың осал тұстарына назар аударту исламдық міндеттердің бірі саналады. Халықты өз өмірлерінің қателері мен міндерінен хабардар ету маңызды іс болып табылады. Имам Садық (ғ.с.) оны бір адам    басқаға сыйлай алатын ең үлкен сый деп атап: «Алла Тағала  мінімді өзіме сыйлағандарды кешірсін»,- деген. Сондықтан басқаның мінін жасырын түрде оған айтқан адам  ақылды әрі зерек. Мінін естіген адам досының бұл ескертуіне реніш білдірмей, рақметін айтады. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Мініңді өзіңе ғана айтып, абыройыңды сақтаған адам – шынайы досың. Оны қадірле»,- деген. Мін халықтың арасына таралмай, жасырын  түрде айтылуы керек. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) діни бауырларға айтылған  ақыл-кеңестердің құпия қалуы туралы: «Діни бауырына ақылын жасырын айтқан адам оның абыройын сақтайды. Бірақ егер басқалардың алдында ақыл берсе, бауырының абыройының төгілуіне себеп болады»,- деп ескерткен болатын.