Иран: Махуник (171)
Қаң 14, 2023 21:45 Asia/Almaty
Махуник (Makhoonik) – Оңтүстік Хорасан облысының Сәрбише ауданында Бирджандтан 130 км қашықтықта орналасқан ауылдың аты.
Махуник – әлемнің таңғажайып жеті ауылының бірі. Қысқа бойлылық – ауыл тұрғындарының атадан қалған мирасы. 2005 жылы бұл ауданнан бойы 25 см-лік мумияланған мәйіт табылды. Мамандардың айтуынша, бұл – шамамен 400 жыл бұрын қайтыс болған баланың мумиясы. Табылған мәйіт Махуник тұрғындарының тіпті бұдан да қысқа болғанын көрсетеді.
Тегтер