Менің өлкем - Гилан (43)
Қаң 18, 2023 18:53 Asia/Almaty
Астане Ашрафия Рашттан 35 шақырым жерде орналасқан.
Бұл қала Гиланның астанасы және діни орталығы ретінде де белгілі. Өзінің қолайлы географиялық орналасуымен қатар, бұл қала Гиландағы басқа қалалармен салыстырғанда өте құнарлы топырағы бар. Жержаңғақ, жібек, күріш, шай, бұршақ дақылдары Астане Ашрафияның ең маңызды өнімдері болса, үш өнімі - бадам, жібек, күріш әлемге танымал және ең жақсы түрлерінің қатарына жатады.
Тегтер