Нау 01, 2023 21:34 Asia/Almaty
  • Иран: Доулатабад бағы (174)

Доулатабад бағы (Dowlat Abad Garden) Иранның Йезд қаласында орналасқан. Бұл бақ – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне тіркелген ең көне ирандық бақтардың бірі. Оның 260 жылдық тарихы бар. 6,4 га ауданды алып жатқан бақтың әр бұрышынан жұмақтың белгісін көруге болады. Көктем мезгілінде бақта раушан гүлінің хош иісі аңқиды. Бақтың ортасында әлемде саз кірпіштен жасалған ең биік желтартқыш орналасқан.

Бақтың ортасында әлемде саз кірпіштен жасалған ең биік желтартқыш орналасқан. Ол архитектура тұрғысынан өте құнды.
Бақтағы ғимараттар жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Жеке ғимарат әкімшілік жұмыстар атқаруға арналған.
Желтартқыштың жер бетінен биіктігі – шамамен 34 метр.
Ғимараттың басты бөлмесі аулаға қараған.
Басты бөлменің есігі үлкенді-кішілі түрлі түсті шынылармен безендірілген.  
Бақтың бұрыш-бұрышынан әдемі ирандық сәулет өнерінің үлгісін көруге болады.
Бұл тарихи ғимараттың есіктері ағаштан жасалған және түрлі түсті шынылармен көмкерілген.
Доулатабад ғимараты
Доулатабад бағының ауласы
Жүзім сияқты жеміс ағаштары, сауырағаш пен шырша барлық жерде көзге түседі.
Ирандық бақтың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ағаш егуде нақты геометриялық тәртіпті сақтау.
Доулатабад бағы – ирандық бақтың үздік үлгісі.

 

Тегтер