Нұрлы жол. 889-бөлім. "Шура" сүресінің 19-23 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 889-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
"Шура" сүресінің 19-20 аяттарына құлақ түріңіздер:
«اللَّـهُ لَطِیفٌ بِعِبَادِهِ یَرْزُقُ مَن یَشَاءُ وَهُوَ الْقَوِیُّ الْعَزِیزُ»، «مَن کَانَ یُرِیدُ حَرْثَ الْآخِرَةِ نَزِدْ لَهُ فِی حَرْثِهِ وَمَن کَانَ یُرِیدُ حَرْثَ الدُّنْیَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَا لَهُ فِی الْآخِرَةِ مِن نَّصِیبٍ»
Аяттардың аудармасы:
Алла (Т.) құлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем. (19)
Кім ақырет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған ақыретте несібе жоқ. (20)
Өткен бағдарламада қияметті теріске шығаратындарға берілетін Алланың қаһары жайлы сөз қозғадық. Бұл аяттарда: "Құдай барлық құлдарына рақыммен қарап, оларға ризық береді. Тіпті Оған шәк келтіріп, иманынан айырылғандарға да мейіріммен қарайды. Әрине илаһи ризық оның хикметіне қарай беріледі. Бұ дүние мен о дүниеде белгіленген сүннет бойынша орындалады",-делінген.
Құдайдың сүннеті бойынша ақырет үшін жұмыс істейтін әрбір адам бұл дүниеден өз пайдасын алады және о дүниеде де илаһи нығметке бөленеді. Бірақ ақыретті қабылдамайтын адамның өмірлік мақсаты материалдық әлемге байланып қалады. Ол шектеулі де қысқа ғана ғұмырында барлық мақсаттарына жете алмайды және о дүниеде де пайда таппайды.
Құран әдемі теңеу жасап, әлем халқын бұ дүние мен о дүниеге егін егетін егіншілер деп екіге бөледі. Ақыреттен егін алғысы келетін адамға береке беріп, өнімін арттырамыз. Ал тек осы дүние үшін егіс егіп, фәни және өткінші заттарды пайдалануға тырысатын адамдарға сұрағанының бір бөлігін ғана береміз. Бірақ ақыретте олар ешқандай нығметке бөленбейді.
Демек, бұл әлем біздің егіс алқабымыз, біздің істеріміз соның дәндері деп айтуға болады. Әрине дәндер әртүрлі. Кейбіреулердің өнімі шексіз, мәңгі әрі жемісті. Ал басқалардың өнімі аз, жемістері дәмсіз әрі ащы болады.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Алла тағаланың рақымы барлық құлдарына бірдей берілген. Мүмін де, кәпір де оның нығметтерін пайдаланады.
- Салыстырайық та таңдайық. Ақыретті қалайтындар бұл дүниеден де пайда табады. Олардың пайдасы аз немесе шектеулі болуы мүмкін. Бірақ бұ дүниеге берілгендер ақыретте еш пайда көрмейді.
- Ниет пен мақсат маңызды. Істің түрі ғана емес, сырттай бір-біріне ұқсас істер де түрлі мақсаттарда орындалады. Әрине егер ниет илаһи сипатта болса, іс гүлденіп дамиды.
"Шура" сүресінің 21-22 аяттарына құлақ түріңіздер:
«أَمْ لَهُمْ شُرَکَاءُ شَرَعُوا لَهُم مِّنَ الدِّینِ مَا لَمْ یَأْذَن بِهِ اللَّـهُ وَلَوْلَا کَلِمَةُ الْفَصْلِ لَقُضِیَ بَیْنَهُمْ وَإِنَّ الظَّالِمِینَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ»، «تَرَى الظَّالِمِینَ مُشْفِقِینَ مِمَّا کَسَبُوا وَهُوَ وَاقِعٌ بِهِمْ وَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فِی رَوْضَاتِ الْجَنَّاتِ لَهُم مَّا یَشَاءُونَ عِندَ رَبِّهِمْ ذَلِکَ هُوَ الْفَضْلُ الْکَبِیرُ»
Аяттардың аудармасы:
Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар. (21)
(Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуінен шошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннат бақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, ұлы кеңшілік. (22)
Бұл аяттарда мүшріктерге: "Оларда бір Алладан басқа өз тарапынан кітап пен шариғат жіберген құдай бар ма? Ал негізі заң шығару тек бір Аллаға лайықты. Ол әлемнің жаратушысы, билеушісі әрі басқарушысы. Одан басқа ешкімнің заң шығаруға құқығы жоқ",-делінген.
Қазіргі әлемде ұлттық немесе халықаралық деңгейде шығарылатын кез келген заң егер илаһи заңдарға қайшы келсе, жалған әрі тұрақсыз болады. Әдетте мұндай заңдарды қабылдау – адамзатқа қиянат. Өйткені адамды Құдайға жалғанған жіптен үзіп алып, адамзаттың шынайы қайыры мен пайдасынан хабарсыз адамдардың қолына береді. Ал олар заң шығаруда өз мүдделерінен бас тарта алмайды.
Әрине Алла әлемде адамдарға өз еріктерімен жол таңдауға мұрсат береді. Бұған қарамастан, адамдардың осы дүниеде жасаған әрбір ісі ақыретте жеміс береді. Адамдардың күпірлігі мен зұлымдығы оларды тозаққа апарады. Ал иман сақтап, дұрыс амал жасаған адамдар жұмақтың ең жоғары әрі әдемі бақтарына жол табады.
Мүміндерге берілетін илаһи нығмет бұл жерде аяқталмайтыны сөзсіз. Олар Алланың ілтипатына бөленетіні сондай, не қаласа, соның барлығы орындалады. Олардың сыйы қай тұрғыдан алса да, шектеусіз. Әрине ең жоғары нығмет – Аллаға жақындау дәрежесіне ие болу.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Адам өміріне заң мен шариғат керек. Бұл заңды Алладан басқадан алсақ, адамның өзіне зұлымдық жасаймыз.
- Діннің атымен жасалған кез келген бидғат пен ырым ширк әлі зұлымдық болып саналады.
- Алланың жазасынан қорқу адамды әлемде жаман істер істеуден сақтайды. Алайда бұл қорқыныш қияметте қылмыскерлерге пайда әкелмейді.
- Діни бұйрықтарға берік болу үшін кейбір шектеулерге төзу керек. Шектеулерге танытқан сабырлықтың ақыретте өтелетіні анық. Жұмақта мүміндер не қаласа, бәрі дайын болады.
"Шура" сүресінің 23 аятына құлақ түріңіздер:
«ذَلِکَ الَّذِی یُبَشِّرُ اللَّـهُ عِبَادَهُ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ قُل لَّا أَسْأَلُکُمْ عَلَیْهِ أَجْرًا إِلَّا الْمَوَدَّةَ فِی الْقُرْبَى وَمَن یَقْتَرِفْ حَسَنَةً نَّزِدْ لَهُ فِیهَا حُسْنًا إِنَّ اللَّـهَ غَفُورٌ شَکُورٌ»
Аяттың аудармасы:
Міне Алла, иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (23)
Бұл аяттың басында былай делінген: егер мүміндер бұ дүниеде иманын сақтау үшін кейбір қиыншылықтарға төзсе, Құдай оның өтеуі ретінде оларға жұмақты барлық сыйымен уәде етеді.
Аяттың жалғасында Алла елшісі мүміндерге "Мен де бұрынғы пайғамбарлар сияқты Алла берген миссияны орындағаным үшін сендерден сый-құрмет талап етпеймін. Тек жақындарымды жақсы көрсеңіздер болғаны. Шын мәнінде істеген нәрсем – Құдайдың маған артқан міндеті. Бірақ менен кейін сендерге жетекшілік ететін нәрсе: Менің жанұямды жақсы көріңдер, оларды өз өмірлеріңе үлгі етіп алыңдар. Ақиқат пен жалғанды анықтауда солардың сөздеріне құлақ асыңыздар" деп мәлімдеуге жіберілген.
Басқа аяттарда былай делінген: "Миссиямның өтеуі ретінде сендерден сұрайтын нәрсе толығымен сендердің мүдделеріңе сай келеді. Ол сендердің Құдайға барар жолдарыңды жеңілдетеді".
Аяттың жалғасында: "Иман келтіргендер ізгі іс істеп, басқаларға қайыры тиюі керек. Сонда Құдай оларды өз рақымына бөлеп, істерінің ізгілігін арттырып, қателіктерін кешіреді",-делінген.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Пайғамбарлар материалдық сый талап етпейді, бірақ халықтан илаһи бұйрықтарға мойынұсынып, әділ мұрагерлеріме еріңдер дейді. Шын мәнінде мұның пайдасы Құдай мен елшіге емес, олардың өздеріне тиеді.
- Иман Мұхаммед пайғамбардың жанұясына ықылас пен құрмет білдірген кезде кемелдене түседі. Әрине ықыласқа екі нәрсе қатар жүруі керек. Біріншісі – Әһл-е бейтті тану. Өйткені адам біреуді танымаса, оған ғашық болудың мәні жоқ. Екіншісі – олардың жолын ұстану.
- Алланың рақымы мен кешірімі басқа адамдарға жағымды, жақсы да ізгі істер жасауға тікелей байланысты.
Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.