Там 29, 2023 19:18 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 897-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Зухруф" сүресінің 11-12-аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَالَّذِی نَزَّلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَنشَرْنَا بِهِ بَلْدَةً مَّیْتًا  کَذَلِکَ تُخْرَجُونَ»، «وَالَّذِی خَلَقَ الْأَزْوَاجَ کُلَّهَا وَجَعَلَ لَکُم مِّنَ الْفُلْکِ وَالْأَنْعَامِ مَا تَرْکَبُونَ»

Аяттардың аудармасы: 

Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар. (11)

Ол сондай Алла, барлық жұптарды жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты. (12)

Өткен бағдарламаның соңғы аяттарында табиғаттағы таухидтың белгілері айтылды. Бұл аяттарда былай делінген: Жердегі өсімдіктер мен адамдардың өмірі жаңбырдың жаууына тәуелді. Егер Жердің бір ауданында жаңбыр жаумаса, құрғақшылық пен жұт болатыны сондай, адамдар аштық пен шөлден өледі.  

Мынадай сауал туындайды: Күннің мұхитқа түсуі және судың булануы адамның қолымен жасала ма? Адам жаңбыр жау үдерісінде рөл ойнай ма? Бұлттардың пайда болуы және оны құрғақ жерлерге айдап баратын жел адамның ісі ме?

Тереңінде өсімдіктердің ұрығын жасырған құрғақ жер жаңбыр жауған кезде қозғалысқа түсіп, өсімдіктердің түр-түрі топырақтан бас көтереді. Өсімдіктердің өсуі, түрлі түсті гүлдердің жайқалуы және егіс алқаптарының шығуы  осы жаңбырдың берекесінен. Өлі жер жаңбырдың суымен тірілетін сияқты сендер де өлгеннен кейін тірілесіңдер. Жаңбырдың жауы мен өлі жердің тірілуі Алланың шексіз ғылымы мен құдіретін көрсетеді. Қиямет күнінде өлгендер қайта тірілетініне еш күмән қалдырмайды.

Шын мәнінде мұның өзі – Құран аяттарында айтылған адамдардың қайта тірілуінің үлгісі.

Аяттардың жалғасында жұп мәселесі сөз болған. Жұп заңына бағынатын және тірі қалуы жұптасуына тікелей байланысты тіршілік иелерінің түр-түрін жарату бір Алланың еркімен ғана мүмкін болып отыр.  

Бұл аятта адамдардың теңіз бен құрлықтағы жолдарды жүріп өтуі үші берген көлік құралдары мен мініс малы жайлы айтылған. Бұл – шын мәнінде Құдайдың адамға берген нығметі.  

Ежелгі заманнан-ақ мемлекеттер арасында адам мен тауар тасымалдау үшін теңізде кеме қолданылған. Бір қызығы, сондай ауыр да күрделі кемелер физика заңдарына сәйкес суға батпайды. Болмысқа мұндай заңдарды Құдайдан басқа ешкім енгізбегені анық.

Қазіргі таңда көлік кұралдары, әсіресе жылдам жүретін автокөлік, пойыз бен ұшақ адамның белсендігінің аясын кеңейтіп, өмір келбетін өзгертті. Бұлардың бәрі – Құдайдың нығметі. Өйткені бұл көлік құралдары да Құдай әлемді жаратқанда енгізген заңдар бойынша қозғалады. 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Болмыс жүйесі Құдай белгілеген арнайы заңдарға негізделген.
  2. Құдай істерді құралдар немесе себептер арқылы орындайды. Мысалы, жаңбырды жер мен ондағы тіршілік иелерінің тірі болуына себеп қылды.
  3. Адам ойлап тапқан қолөнер түрлері де Құдай белгілеген арнайы заңдарға негізделген. Адам заңдарды анықтап, оларды қолданып жатыр.

 

"Зухруф" сүресінің 13-14-аяттарына құлақ түріңіздер:

«لِتَسْتَوُوا عَلَى ظُهُورِهِ ثُمَّ تَذْکُرُوا نِعْمَةَ رَبِّکُمْ إِذَا اسْتَوَیْتُمْ عَلَیْهِ وَتَقُولُوا سُبْحَانَ الَّذِی سَخَّرَ لَنَا هَـذَا وَمَا کُنَّا لَهُ مُقْرِنِینَ»، «وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنقَلِبُونَ»

Аяттардың аудармасы:

Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: “Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік” дейсіңдер. (13)

“Күдіксіз Раббымызга қайтарыламыз.” (14)

 

Кемелер мен мініс көліктердің адам өміріндегі рөлі айтылған аяттардың жалғасында былай делінген: Қандай көлікке отырсаңыз да – адамның қолымен жасалған кеме, ұшақ, жеңіл көлік, пойыз болсын, ат, түйе және қашар сияқты дәстүрлі мініс малы болсын – Құдай бұл көліктерді сендерге үйретіп бергенін және бағындырып бергенін ұмытып кетпеңіз.

Адамдар Құдай заттар мен түрлі материалдарда жасырған ерекшеліктерді анықтап, соларды пайдалану арқылы кеме, ұшақ және пойыз сияқты көлік құралдарын жасап, оларды өзіне бағындырды.

Сондай-ақ, Алла кейбір жануарларды жуасытып, адамдарға үйретіп берді. Жануарлар физикалық тұрғыдан адамнан әлдеқайда мықты болғандықтан табиғи тұрғыдан адамға мойынсынбауы керек еді. Егер Алланың ілтипаты болмаса, жануарларды қолға үйрете алмас едіңіздер. Олардың бәрін адамның пәрменіне бағындырған Құдайды құдіретті деп мойындап, алғыс айтуымыз керек.

Аяттың соңында адамның Жаратқанға қайтатыны туралы айтылған. Осы көліктерге отырғанда тәкаппарланып кетпеңіздер, дүниенің қызыл-жасылына алданып қалмаңыздар. Қалай болған да, ақыретті ұмытпау керек. Өйткені адамдардың көбі көліктерді басқалардан өз артықшылығын көрсетіп, мақтану үшін қолданған.  

Көлікке отырып, бір жерден екінші жерге бару бұ дүниеден о дүнниеге өтуді еске түсіруі тиіс, өйткені біз ақырында Құдайға қайтамыз.  

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Материалдық нығметтерді пайдаланғанда Құдайды ұмытпайық, нығметтерге алғыс айтайық. Алғысты Құдайды мадақтаумен толықтырған жақсы.
  2. Құдай алдында әлсіздігімізді мойындау керек. Мұның өзі – алғыстың бір үлгісі. Тәкаппарлық пен менмендікке салынбайық.
  3. Осы дүниедегі сапарлар барысында өліммен басталатын ақырет сапарын есте сақтайық.

 

"Зухруф" сүресінің 15-аятына құлақ түріңіздер:

«وَجَعَلُوا لَهُ مِنْ عِبَادِهِ جُزْءًا  إِنَّ الْإِنسَانَ لَکَفُورٌ مُّبِینٌ»

Аяттың аудармасы:

(Мұхаммед Ғ.С.) олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір. (15) 

Жаратқанның бірлігіне қатысты үлгілерді баяндағаннан кейін кейбір адамдардың Аллаға серік қосатынына шағым айтылып: "Кейбір мүшріктер періштелерді ата-аналарының бір бөлшегі саналатын перзенттер сияқты Құдайдың перзенттері санайтыны қалай?",-деді.

Құдай бөлшегі болатындай немесе бөлшектері бөлек бола алатындай материалдық зат емес. Періштелер – басқа тіршілік иелері сияқты Құдайдың мақлұғы. Олар Құдайдың бөлшегі немесе перзенті емес, болмыс жүйесін ұйымдастырушы қызметшілер.   

 

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Тарихта Алла мен оның мақлұқтарының қарым-қатынасы туралы көптеген ырымдар сақталған. Олардың барлығы адамның хабарсыздығы немесе пайғамбарлардың өміршең тағылымдарын ескермеуден туындаған.
  2. Періштелер – Құдайдың мақлұғы және оның пәрменіне бағынады. Олар Құдайдың затынан шыққан перзенттері емес.
  3. Аллаға серік қосатын сенімдер мен ырымдар Одан алыстатып, тура жолдан тайып, нығметтерге күпірлік жасалуына себеп болады.

 

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.

Тегтер