Ақп 14, 2016 16:26 Asia/Almaty

Аллаға тәуекел ету барлық ғамалдарымызда Аллаға сенім артып, оның жігеріне сүйену дегенді білдіреді. Исламның пәк әулетінен шыққан имам Джавад (ғ.с.): «Алла Тағалаға иман келтіру барлық құнды нәрседен жоғары және биіктікке жеткізетін баспалдақ»,- деген.


Аллаға тәуекел ету барлық ғамалдарымызда Аллаға сенім артып, оның жігеріне сүйену дегенді білдіреді. Исламның пәк әулетінен шыққан имам Джавад (ғ.с.): «Алла Тағалаға иман келтіру барлық құнды нәрседен жоғары және биіктікке жеткізетін баспалдақ»,- деген. Адам Аллаға тәуекел етіп, алға қарай әрекет етсе, тіпті күткен нәтижесіне жетпесе де үмітсіз қалмайды. Аятолла Хаменеи Аллаға тәуекел етуді көп қуаттап, оны өмірдегі әртүрлі жұмыстар үшін өте маңызды деп санап: «Сендар Аллаға тәуекел етпесеңдер және онымен қарым-қатынас орнатпасаңдар табысқа жетпейсіңдер»,- деп сан рет қайталады. Аллаға тәуекел етіп, құдыретті мәңгі қайнарға сенім білдіру адамды тыныштыққа жеткізеді.  Мұндай адам күйзелістен алыс болып,  өз жігерімен жұмыс жасайды. Үмітсіздік, нәпсіге бағыну, қорқыныш пен алаңдаушылық мүмін және Аллаға тәуекел еткен адамдардың арасында аз кездеседі. Аятолла Хаменеи Аллаға тәуекел етіп, сабыр сақтауға көмектесуді сұрауымен бірге   одан  көмек сұрауды  нәтижеге жетудің сыры деп санайды. Жүректерін Жаратушыға тәуекел етіп, нығайтпайтын адамдар өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет келген кезде үміттерін үзіп, күйзеліске тап болады. Керісінше Жаратушыға тәуекел ететін адамдар ең ауыр жағдайда да Алланың жібіне (дініне) жабысып, еш уақытта үміттерін үзбейді. Олар әрқашан кез келген құдыреттен жоғары Ұлы Алланың оларды қорғап, олардың алдында үміттің терезесін  ашық қалдыратынын біледі. Иранның Ислам революциясының жетекшісі Жаратушыға тәуекел етуді адамды сәтсіздіктен алыстататын мықты қорған санап: «Рухани тұрғыдан өзіміздің болмысымыздан мықты қорған тұрғызайық. Бұл қорған – иман мен Аллаға үміт арту»,- деп айтқан болатын. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында адамның қиындықтардан алыстауын ішкі болмысымен байланыстырып: «Сыртқы қиындықтардан қашу ішкі қиындықтардан қашудан басталады. Адамның ішкі сәтсіздігі  оның сыртқы сәтсіздігіне себеп болады. Егер сендердің жүректерің сәтсіздікке ұшырамаса, ешбір адам  оны сәтсіздікке ұшырата алмайды»,- деген. Аятолла Хаменеи Құранның Аллаға тәуекел ету туралы кейбір аяттарына тоқталады: «...мүміндер Аллаға тәуекел етсін». («Әл Имран», 160-шы аят), «...Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін» («Ибрахим», 12-ші аят), «Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады» («Талақ», 3-ші аят) және «Алла құлына жеткілікті емес пе?» («Зумәр», 36-шы аят). Ол бұл аяттарды адамдар үшін сабақ деп атап: «Құранды ойланып оқиық, аяттарды сабақ ретінде үйреніп, өмірімізде  пайдаланайық»,- деп қуаттайды. Адамдар тәуекел етуді дұрыс түсінбей, яғни тәуекелді үнсіздік таныту, әрекетсіздік санап, барлық жұмыстар Алланың қолында болса, адамның талпыныс жасауын қажет емес деп ойлауы мүмкін. Мұндай көзқарас  Ислам дініндегі тәукел етудің түсінігіне қайшы келеді. Мәселен, тәуекел етіп, талпыныс жасамайтын адам жерге дән екпей, өнім күтетін шаруа сынды. Имам Реза (ғ.с.): «Алладан табыс тілеп, бірақ өзі талпыныс жасамайтын адам өзін келеке еткені»,- деп айтқан болатын. Тәуекел – істің нәтижесін Аллаға  тапсырып, илаһи  тағдырға риза болу. Ислам революциясының жетекшісі өмірдің барлық салаларында Аллаға тәуекел етуді ғамал мен талпыныстың көбеюіне себеп болады деп:  «Екі нәрсе, яғни бір жақтан Аллаға тәуекел етіп, оны барлық нәрсенің бақылаушысы және өз ғамалдарыңның иесі деп санап, басқа жақтан жұмыстарыңды бар күштеріңді салып орындасаңдар нәтижеге жетесіңдер»,- деп айтқан болатын. Аятолла Хаменеидің пікірінше, тәуекел ететін адам өзі мен Алланың арасындағы қарым-қатынасын кез келген жағдайда, тіпті қиын жағдайда да үзбейтін адам. Ол мұндай қарым-қатынасты  адамның кемел қозғалысының кепілі деп санайды. Тәуекел етудің белгілеріне Алладан басқа ешкімге үміт артпау, жүректі тек Жаратушыға жақындатуға талпыныс жасау жатады. Аллаға тәуекел ететін адам шын мәнінде илаһи шексіз құдыретке жақындайды. Аятолла Хаменеи иманды адамды сипаттағанда «Еш нәрседен қорықпайды, Аллаға тәуекел етеді. Егер Алла үшін ғамал етсеңдер, оның көмектесетінін біліңдер. Пайғамбардың хадистерінің бірінде: «Өзін Алла үшін деп санайтын адамға Алла көмектеседі. Табиғаттың заңдары  оған қызмет етеді. Алла үшін жақсылық жасау жолын таңдаған адам үшін Жаратушы бұл жолды жалғастыруға көмектеседі. Яғни, бір қадам жасасаңдар, келесі қадам үшін жағдай дайын болады. Сөйтіп қадам-қадам алға басып, Алла Тағала адам үшін жолды ашады. Аллаға тәуекел етіңдер, еш нәрседен қорықпаңдар»,- деп насихат еткен. Аятолла Хаменеи Иранның Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің нәтижеге жетуінің сырларының бірін Құдайға тәуекел етуі мен ықыласы деп атады. Аятолла Хаменеи имам Хомейниді Аллаға тәуекел етудің үлгісі санап: «Үлкен жұмыстар, ұлы қозғалыстар ол үшін мүмкін іс болды, өйткені ол Аллаға иек артып, өзіне көмектеседі деп сенді. Ол Аллаға тәуекел етіп, Аллаға үміт артты» деді. Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің бұл айқын ерекшелігіне көңіл бөліп, Аллаға тәуекел етуді барша үшін қажет іс деп атап: «Аллаға тәуекел етіп, Құранда  айтылған илаһи уәделерге сенім артып, ақыл мен жігер және батылдықты пайдаланып, барлық қиындықтардан абыроймен өтуге болады»,- деді.

Тегтер