Қаз 04, 2023 20:12 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 902-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Зухруф" сүресінің 43-44 аяттарына құлақ түріңіздер:

«فَاسْتَمْسِکْ بِالَّذِی أُوحِیَ إِلَیْکَ  إِنَّکَ عَلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِیمٍ»، «وَإِنَّهُ لَذِکْرٌ لَّکَ وَلِقَوْمِکَ  وَسَوْفَ تُسْأَلُونَ»

Аяттардың аудармасы:

(Мұхаммед Ғ.С.) сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың.(43)

Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сұраласыңдар. (44)

Өткен бағдарламада қарсыластардың қырсықтықтан пайғамбардың сөздерін қабылдамағанын айттық. Мына аяттарда Алла елшісіне: "Сенің жолың мен жоспарың дұрыс. Онда ешқандай ауытқу жоқ. Қарсыластардың қабылдамауы сенің хақтығыңды теріске шығаруға себеп болмайды",-делінген.  

Сен илаһи бұйрық пен саған берілген уәһи негізінде өз жолыңды байсалдықпен жалғастыра бер және осы жолда берік бол. Сен тура жолда тұрсың, хақ жолы – осы.

Шын мәнінде Құран түсірудегі мақсат – адамдарды ояту және оларды өз міндеттерімен таныстыру. Сондықтан сенің үмбетің Құранды ұстануы тиіс, әрдайым оның тағылымдарын есте сақтап, орындауы тиіс. Өйткені Құран адамның ақыл-ойы мен жаратылысына сай келетін нәрсені еске түсіріп, адамды ғапылдықтан сақтайды.  

Адамдардың бәрі ғапыл қалатын мәселелердің бірі – Қиямет соты. Ол жерде бәріміз жауапқа алынамыз. Істеген істеріміз, Құранға қаншалықты көңіл бөлгеніміз, ондағы тағылымдарды қаншалықты ұстанып орындағанымыз туралы жауап береміз.     

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Жалғыз сенімді әрі күдіксіз жол – Құран мен оның тағылымдарын ұстану. Құдай оның дұрыстығын кепілдендіреді.
  2. Құранмен қатар пайғамбардың сүннеті мен жолын ұстану керек. Құдай пайғамбар жолының ақиқат екенін баса айтқан.
  3. Мұсылмандар қияметте Құранға қаншалықты жақын болғанына қатысты сұраққа алынады.

 

"Зухруф" сүресінің 45-аятына құлақ түріңіздер:

«وَاسْأَلْ مَنْ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِکَ مِن رُّسُلِنَا أَجَعَلْنَا مِن دُونِ الرَّحْمَـنِ آلِهَةً یُعْبَدُونَ»

Аяттың аудармасы:

Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: Алладан өзге құлшылық қылатын тәңірлер жасадық па? (45)

Мекке мүшріктері өздерін хазірет Ибраһим мен Исмаилдың ұрпақтары санайтын. Олар жыл сайын қажылық сияқты кейбір ғибадат рәсімдерін орындайтын, Құдайдың үйіне құрметпен қарайтын, сонымен бір мезгілде пұттарға табынатын. Сондықтан бұл аятта пұтқа табынушылық пен мүшріктердің ойларын теріске шығарып, Алла елшісіне: "Бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттерінен "Бұл пайғамбарлар адамдарға ерекше мейірімді Алладан басқаға құлшылық етуді бұйырды ма?!" деп сұра",-делінген.

Бұл аятта мұсылмандарға: "Бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттерінен "Құдай шынымен Одан басқаға құлшылық етіңдер деп бұйрық берді ме?" деп сұраңыздар. Егер Құдай осындай бұйрық берсе, біздің қарсылығымыз жоқ. Өйткені біз Құдайға мойынұсынамыз. Оның айтқанын ешбір шартсыз орындаймыз",-делінген.

Аятта осындай сұрақ қойылу арқылы шындығында мына жайт айтылады: Алланың барлық пайғамбарлары адамзатты таухид – Бір Аллаға шақырған. Олардың барлығы пұтқа табынушылық пен Аллаға серік қосуды айыптаған. Ислам пайғамбары пұтқа табынушылыққа қарсылық білдіріп, таухидке шақыру жолында бұрын-соңғы болмаған іс жасаған жоқ, керісінше алдыңғы пайғамбарлардың тұрақты сүннетін қайта жаңғыртты.  

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Илаһи діндердің басты өзегі мен ортақ принципі – таухид. Құран мен Ислам пайғамбары да осыны баса айтқан.  
  2. Құдаймен қатар немесе Құдайдан басқа нәрсеге немесе адамға құлшылық етуге болмайды. Құлшылық тек мейірімді Құдайға бағытталуы тиіс.

 

"Зухруф" сүресінің 46-47 аяттарына құлақ түріңіздер:

 «وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَى بِآیَاتِنَا إِلَى فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَقَالَ إِنِّی رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِینَ»، «فَلَمَّا جَاءَهُم بِآیَاتِنَا إِذَا هُم مِّنْهَا یَضْحَکُونَ»

 

Аяттардың аудармасы:

Күдіксіз Мұса (Ғ.С.) ны да мұғжизаларымызбен Перғауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: “Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының Елшісімін” деді. (46)

Оларға мұғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді. (47)

Бұл аяттарда хазірет Мұсаның өмірінің бір бөлігіне тоқталып: "Хазірет Мұсаның міндеттерінің бірі Бәни Исраилмен бірге перғауынның алдына барып, оны бір Құдайға шақыру болды. Соған сәйкес ол өз миссиясының ақиқатын дәлелдеу үшін Құдай берген мұғжизаларды перғауын мен сарай маңындағыларға көрсетуі тиіс болған. Оның миссиясы Жаратушы тарапынан келген. Ал перғауын өзін Құдай әрі халықтың істерін басқарушы санап, сондықтан бәрі оның бұйрықтарын орындауы керек деп ойлаған",-делінген.

Хазірет Мұса перғауын сарайына барып, оны түзу жолға шақыруға барған кезде оның үстінде жүннен тоқылған қарапайым киім болған. Мұса перғауын мен оның сарай маңындағыларына: "Мен Құдай тарапынан сіздерді түзу жолға салуға жіберілдім",-деген. Бірақ олар оны масқара етіп, күлген. Өйткені олар Мекке халқы сияқты "Егер Құдай біреуді өзінің өкілі ретінде таңдағысы келсе, ең бай ақсүйектердің бірін таңдар еді. Аты да, заты да жоқ, бір күндері перғауынның асырандысы болған адамды таңдамас еді. Мұндай адам бүгін перғауын мен оның қауымына жетекшілік етуге келдім деп қалай айтады!" деп ойлаған.

Қалай болғанда да, тәкаппар билеушілердің бәрі илаһи пайғамбарларға осындай қатынас көрсетіп, олардың шақыруын мазақ еткен.   

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Пайғамбарлар халықпен қоса билеушілерге де барған, өйткені билеушілерді түзетусіз қоғамды өзгерту мүмкін емес.
  2. Пайғамбарлар тұлғалық кемелдікке және үздік ақлақтық ерекшеліктерге ие болған. Және өз уәждерін дәлелдеп, күдік пен күмән жолын жабу үшін мұғжизалар көрсеткен.
  3. Қарсыластардың тәсілі – қорлау, масқаралап күлу. Оларда қисын мен дәлел жоқ.

 "Зухруф" сүресінің 48-аятына құлақ түріңіздер:

«وَمَا نُرِیهِم مِّنْ آیَةٍ إِلَّا هِیَ أَکْبَرُ مِنْ أُخْتِهَا وَأَخَذْنَاهُم بِالْعَذَابِ لَعَلَّهُمْ یَرْجِعُونَ»

Аяттың аудармасы:

Оларға көрсеткен мұғжизалар, бір-бірінен үлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа ұшыраттық. (48)

Бұл аятта: "Перғауындарда ешқандай сылтау болмауы үшін бірінен-бірі маңызды әрі айқын көптеген мұғжизалар көрсетіп, оларды тәкаппарлық пен менмендіктен арылтуға, ақиқатты тауып тануына жәрдемдесуге тырыстық. Бірақ мұғжизалар көбейген сайын олардың қырсықтығы арта түсті. Тіпті мұғжизалармен қоса, оянып, хақ жолына қайтар деген үмітпен оларды құрғақшылық, қуаңшылық және тағы басқа табиғи апаттарға душар еттік",-делінген.

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Халыққа хақ сөзін жеткізу үшін бір дәлел мен себеп жеткіліксіз. Құдай хақ сөзі жеткізілгенге кейін мұғжиза мен дәлел жібереді. Мұның өзі – Құдайдың халыққа көңіл аударып отырғанының белгісі.
  2. Хақ сөзі жеткізілгеннен кейін кезек жазаға, дүниелік жазаға келеді. Бәлкім ескерту арқылы оларды теріс жолдан қайтаруға болар.  

 

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.

Тегтер