Жел 11, 2023 17:13 Asia/Almaty

Бұл подкаст - басып алынған Палестина жерінде өзін Израиль деп атайтын заңсыз режимнің пайда болуының тарихы.

Бүгінгі күні  бұл режим Таяу Шығыс аймағында және әлемде мемлекеттік терроризмнің символына айналған режим. Оның ондаған жылдар бойы Палестинадағы басып алуы Палестина мен Ливан халқына қарсы кемсітушіліктің, террор мен басқыншылықтың ең үлкен және толық объективті көрінісі болып табылады.

Сионистердің басып алынған жерлердегі басып алушы және заңсыз болуының түп-тамырын табу үшін шамамен екі ғасыр артқа шегініп,  еврейлердің «алғашқы қоныс аударуы» туралы айту керек. Алайда  «алғашқы көштің» тарихы қандай?

1882 жылы 15 мамыр, дүйсенбіде еврейлердің Ресей қоғамының әртүрлі бөліктеріндегі ықпалының кеңейіп, күшеюіне жауап ретінде II Александр патша Ресейде еврейлердің болуы мен белсенділігін шектейтін үш заң шығарды. Осы ережелерге сәйкес:

- Еврейлердің қалалардан тыс жерде тұруға құқығы жоқ.

- Ешкімнің қалалар мен елді мекендерден тыс жерлердегі еврейлерге жер немесе үй жалға беруге немесе оларға меншік құқығын беруге құқығы жоқ.

- Еврейлердің жексенбіде және христиандық ресми мерекелерде жұмыс істеуге және сауда жасауға құқығы жоқ.

Бұл шектеулер Ресей еврейлерінің санасында «егер біз орыс болмасақ, онда біз кімбіз?» деген сұрақтың туындауына себеп болды. Жауап анық болды: еврей.

Осы кезде Одессалық еврей Леон Пинскер неміс тілінде «Автоэмансипация» атты кітап жазды. Пинскер өз кітабында былай деп жазды: ««Антисемитизм немесе оның түсіндірмесі бойынша еврейлерден қорқу – емделмейтін дерт.  Еврейдің отаны болмаса, ол тірілердің алдында,  Батыстың жергілікті тұрғындарының алдында, қоныс аударғандардың, байлардың және барлық қарсыластардың алдында өлі". Пинскер: "Яһудилер қайтадан ұлт болып, халықтың жері болуы керек. Және бұл бірінші ұшқын болды",- деді.

Пинскер әлемдегі бірінші сионист емес, соңғысы да емес. Бірақ Ресей мен Шығыс Еуропа еврейлеріне, әсіресе Польшадаға Галисияға, келген қысымдар оны сол «Автоэмансипация»  кітабымен еврейлер арасындағы сионизм тәніне жаңа рух беруге мүмкіндік берді. Осы қозғалыстармен бір мезгілде йемендік еврейлер де Құдс пен Палестинаға көшуді ойлады.

1881 жылы 23 шілде, бейсенбіде еврейлер Санада үлкен аза тұтты. Көптеген апталар мен күндерді өткізгеннен кейін олардың бір тобы Қызыл теңізді кесіп өтіп, Мысырға, одан Жерорта теңізіне, одан кейін Яффаға және ақырында Құдсқа келді.

Ресей және шығыс еуропалық еврейлердің Палестинаға йемендік еврейлерден шамамен жеті айдан кейін келгені айтылады. Ол кезде Палестина Осман империясының билігінде болды және оның тұрғындары негізінен мұсылмандар болып, араб тілінде сөйледі. Сондықтан олар Йемен еврейлері мен шығыс еуропалық еврейлердің мәдениетінен мәдени жағынан ерекшеленді.

Алғашқы айларда суық және сулы жерлерге үйренген Ресей мен Шығыс Еуропадан келген бір топ еврей Палестинаның аптап ыстығына, су тапшылығына және егіншіліктің қиындығына тап болып, өкініп, олар бұрынғы қорлық ортаға қайта оралуды жөн көрді. Палестинаға көшіп келген еврейлер жаңа климатта ыстықтан, аурудан және өлімнен қатты қорықты. Біраз уақыттан кейін еврейлердің Шығыс Еуропаға қайта оралуына сәйкес, жаңа жердің климатынан туындаған проблемалар нәтижесінде иммиграцияны ынталандыру үшін сионистік ұйымдар құрылды. Сионистік капиталистер (әсіресе Ротшильдтер отбасы) бөлген қаржыландырудың арқасында еврейлерді Палестинаға көшіп келуге ынталандырды. Ротшильдтер отбасы еврей иммигранттарына қоныстану үшін тақыр жерлерді де сатып алды.  Бүгінгі басып алынған Палестинадағы Патах Тиква және Ришон Летсион қалалары шын мәнінде  алғашқы еврей қоныстары құрылған екі өте кішкентай аймақтың кеңеюі болып табылады. Соңында Осман империясында 6000-ға жуық еврей қалды деген болжам бар.

Уақыт өте келе және Палестина жеріне шақырылмаған қонақтардың көбеюімен бұл жаңа келгендер мен оның ескі тұрғындары арасындағы айырмашылықтар кеңейе түсті. Сионистік тарихшы Бенни Моррис «Әділ құрбандар» кітабында осы кезеңдегі Палестина халқы мен иммигранттар арасындағы қайшылықтардың шығу тегі туралы былай деп жазды: «Арабтар, әрине, өздерінің араб-исламдық ерекшеліктерін сақтап қалуды және өздерін сол жерде заңды тұрғындар ретінде көрсеткісі келді. Алайда сионистер қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертіп, мүмкіндігінше көбірек жер сатып алып, елді мекендер салып, ақырында араб елі Палестинаны еврейлердің отанына айналдырғысы келді». Сионистер билік пен арабтардан қорқып, бірнеше ондаған жылдар бойы өздерінің шынайы ниеттерін жасырды. Әрине, олар не қалайтындарын және қандай құралдармен тілектеріне қол жеткізетіндерін білді. Сол кезден қалған хат-хабарлар сионистердің осындай көзқарасын көрсетеді. Бенни Моррис өз кітабында бір сионистің ағасына жазған хаттарынан мысалын келтіреді: «Ендігі түпкі мақсат – Палестина жерін басып алып, еврейлерге саяси тәуелсіздікті қайтару. Екі мың жыл бойынан айырылған тәуелсіздік. Еврейлер енді көтеріліп, қолдарына қару алып, өздерінің ежелгі атамекенінің иесі екендіктерін жариялайды».

Палестинаға алғашқы иммиграцияның тарихы осында тоқтауы мүмкін еді. Бірақ атын мыңдаған рет естіген Теодор Герцль есімді еврей, сионистік және австриялық журналист бұл процестің тоқтап қалмауына себеп болды. Герцльге оның жеке өмірінде екі әйгілі тұлға қатты әсер етті. Осы адамдардың бірі, еуропалық антисемитизмнің құрбаны болған еврей оны сионизмге байыпты қарауға шабыттандырды, ал басқа адамнан ол бөтен және басып алынған жерде стратегиялық табысқа жету жолдарын үйренді. Біріншісі - Альфред Дрейфус, екіншісі - Сесил Родс. Герцль Родсты әр жерде талай рет мақтап, күн сайын Родстың атын 18 ретке дейін еске алатын. Бұл мақтау деңгейі оның Оңтүстік-Батыс Африкадағы сәтті, қатыгез және адамгершілікке жатпайтын британдық отаршылдықтың теңдессіз сәулетшісі ретінде оның әдістерін мұқият зерттегенін көрсетеді. Родс Герцльдің Оңтүстік Африкадағы британдық колониялардың бір бөлігін сатып алу туралы өтінішіне: «Ақшаны қалтаңызда ұстаңыз»,- деген. Әрине, бұл жауапты естіген Герцль ренжімей естеліктерінде: «Дәл мен күткен Родстың өзі» деп жазыпты. Герцль басқа жерде біртүрлі сеніммен былай жазды: «Менің шахматымда ойнайтын фигуралар - Сесил Родс, Ұлыбритания королі Рузвельт және Германияның Кайзері». Ол әрі қарай олардың әрқайсысымен  қалай сөйлесетінін тілге тиек еткен.

Родс Герцльдің өтінішіне жауап бергеннен алты ай өткен соң, медиаторлар 1902 жылы 19 қаңтарда осы кездесуге Родстың келісімін ала алды. Бірақ қазір Герцль бұл жағдайды қолайлы деп таппады. Ол әлі күнге дейін Родсты қыздырғанына сенімді емес еді. Сондықтан ол Родсқа екі жақты хат жазды, оның ішінде түсініктеме мен сарказм және қуаныш пен алаңдаушылық білдірді. Бұл хатта Герцль өзінің Палестина жоспарының отаршылдығы, американдық саясаткерлердің қиялының жоқтығы, Родстың нақты ойлауы мен прагматизмі туралы және бұл жоспардың британ мәдениеті мен экономикасы үшін пайдалылығын анық жазған. Герцль: «Бір кездері күлкіге айналған жоспар төрт миллион адам оны жүзеге асыруға дайын болатын деңгейге жетті. Бұл жоспар неміс қайзері мен Османлы сұлтанының, сондай-ақ Ұлыбританиядағы қауымдар палатасының бірқатар мүшелері мен шіркеу басшыларының жағымды пікірін тудырды. Бірақ медиаторлар Герцльді Родсқа хат жіберу үшін сәл күтуге көндірді. Жетпіс күнге жуық уақыттан кейін ол Герцльдің күнделігіне жазылған қысқа жазбада көрсетіледі. Родстың қайтыс болғаны,  Герцльдің мұңайып, ашуланғаны көрсетіледі, өйткені медиаторлар онымен кездесу мәселесін шеше алмады.

Неліктен Родос Герцль үшін маңызды болғанын түсіну үшін оның жазбаларына біраз шолу жасау жеткілікті.

Родс De Beers (Де Биирс) алмаз өндіру және сауда компаниясының негізін қалаушы болды. Соңғы жылдары 2014 жылдан 2018 жылға дейін бұл компания әлемде ең көп шикі гауһар тастарды сатқан компания. Родс Кейптаун колониясының премьер-министрі болған кезде, ол фермерлер арасында егістік жерлерді үш гектарлық учаскелерге бөлу жоспарын ұсынды. Бұл шаруашылықтарды сатуға да, беруге де мүмкін болмады, ал диқан қайтыс болғаннан кейін бұл жерлер оның үлкен ұлына өтетін болды. Фермердің басқа балалары жұмыс табу үшін заңды түрде үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ауыр салықтар африкалықтарға өлгенше құл сияқты жұмыс істеуден басқа таңдау қалдырмады. Жоспардың тағы бір бөлігі әлеуметтік және тайпалық құрылымдар оларға көмекке келмеуі үшін және оларды ағылшын отаршылдығына қарсы тұруға итермелеу үшін туған қаласынан тыс адамдарға жер бөлу болды. Родстың адамгеншіліктен жат жоспары Оңтүстік Африкадағы британдық отаршылдықта керемет сәтті болды.

Родс африкалықтардың үлкен пайызын сайлауға қатысу құқығынан айыратын «сайлауға қатысу үшін қажетті ең аз жер» заңын қабылдауды жалғастырды. Бұл Герцльдің көз алдында оны асыл үлгі етіп, басқалармен салыстыруға келмейтін Сесиль Родстың сипаттамаларының мысалдары болды. Родс Герцльдің көз алдында үлкен үлгі болғанымен, Герцельдің жоспарларындағы тағы бір ықпалды кейіпкер Дрейфус қайғы-қасіреттің, бақытсыздықтың бейнесі болды. Дрейфус кейіпкерінің жалғыз функциясы Герцльге оны еврейлердің көз алдында көрсету үшін сабақ беру және оларды мұндай тағдырдан ескерту болды. Герцльдің мақсаты еврейлерге бұл қорқыныштан құтылудың жалғыз жолы сионистік қозғалысқа қосылып, Палестинаға барып, оны басып алу екенін айту болды.      

Герцль еврейлерді бірлікке шақыру үшін Дрейфустың тағдырын ащы тәжірибе ретінде еске түсіруге тырысатындай ол не істеді?

Дрейфус — еврей, оны француз қауіпсіздік аппараты неміс қауіпсіздік қызметі үшін тыңшылық жасады деп айыптады және Дрейфусқа опасыздық жасады деген айып тағылған соң, ашулы француздардың жазбаларында «еврейге өлім» ұраны жазылған. Дрейфустың мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуы Францияның қауіпсіздік аппараты француз артиллериясының әскери құпиялары туралы осы елдің Париждегі елшілігіндегі неміс әскери атташесіне француздың тыңшылық жасағаны туралы дәлелдерді тапқан кезде басталды. Жағдайдың ушыға түскені сонша, француз әскери шенеуніктері біліксіз деп айыпталып, барлығы осы француз тыңшысы мен сатқынын табуға тырысты. Қолда бар мәліметтер тыңшының артиллерия офицері екенін көрсетіп, еліне опасыздық жасаған адам аса қауіпті сатқын деген пікір қалыптасты. Ақырында, ақпарат іздеуде Дрейфус анықталды және ол сотқа жүгінді.

Дрейфусты тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деп айыптауға дәлелдер аз болғанымен, ақыры сот оны соттады. Сот шешімімен ауыр психикалық және физикалық азаптаулардан кейін Дрейфус дәрежесінен айырылып, Француз Гвианасында орналасқан Ібіліс аралына жер аударылды. Франциядағы оңшылдар Дрейфус ісіне сілтеме жасай отырып, антисемитизм туын көтерген бұл жағдайда Герцель еуропалық еврейлердің Палестинаға көшуін жоспарлау үшін Франция мен Германия арасындағы қақтығыс пен ықтимал соғысты толық пайдаланды.

Герцльдің естеліктерінде былай деп айтылды: «Ол Германияның Кайзеріне барған кезде ол Дрейфустың оқиғасын тыңшылық әңгіме болмағандай айтып берді. Неміс Кайзерінің айтуынша, француз армиясында сыбайлас жемқорлық орын алып, кейбір сарбаздар жымқырғысы келіп, Дрейфусқа бұл мәселеде үндемей қалуды ұсынып, он мың франк ұсынған. Дрейфус жемқор француз сарбаздарынан пара алудан бас тартқанда, оны тыңшылық жасады деп айыптайды.  

Дрейфус пен Родстың өміріне қысқаша шолу бұл екі адамның Герцльдің өмірінде неліктен маңызды болғанын түсіндіреді. Дрейфус Герцельдің еврейлерді Палестинаға көшуге шақыруының даусыз себебі болды. Родс Палестинаны басып алып, отарлау және палестиналықтарды қанау әдістері мен жоспарларымен тиімді болған тұлға.

Осыған орай 1896 жылы Герцель неміс тілінде «Иудаистан» атты кітапша жазып, осы кітапта мәселені шешудің түбегейлі шешімін ұсынды. Герцль «Еврейлер мемлекеті» кітабында «еврейлердің қасіретінен құтылудың жалғыз жолы – еврейлердің Палестинаға немесе Аргентинаға көшіп, сол жерден жер сатып алып, ақырында өз жерін құруы» деп жазды. Герцль бұл кітапта: «Біз егемендік алғанша иммиграцияның пайдасы жоқ»,- деп баса айтты. Ол еврейлердің бірте-бірте ықпал ету принципін жоққа шығара отырып, оны сәтсіз деп санайды.

Ешқандай адам тұрмайтын жер жоқ екенін білген Герцль нәтиже болу үшін көші-қонның егемендікті өз қолына алумен бірге жүруі керек екенін алға тартады. Оның пікірінше, еврейлердің ықпалы күшейген сайын еврей үкіметі болмаса, жергілікті халық үкіметтен еврейлердің көшіп келуіне тосқауыл қоюды сұрайды.

1901 жылдан бастап сионистік насихат Палестинаны тұрғындары жоқ ел ретінде таныстыруға тырысты. Сол жылы Израиль Зангвилл Палестина туралы «халықсыз жер - жері жоқ халық» деген сөз тіркесін қолданған алғашқы сионис болды. Арада 16 жыл өткенде ол мақаласында: «Бұл сөйлем қате болды, бұл елде 600 мың араб тұратыны өкінішті»,- деп жазды.

Герцльдің кітабына қайта оралайық,  ол «Еврейлердің мәселесі әрқашан бар. Барған жерімізде бізді қудалайды. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – саяси шешім»,- дейді. Герцльдің Иудаистаны - отаршылдыққа, қанауға және кемсітуге негізделген оғаш ел.

Герцль соншалықты ұзақ емес өмірінде Палестинаға аяқ баспаған. Ол 1904 жылы 3 шілдеде 44 жасында Вена маңындағы курортта бұрынғы ауруынан қайтыс болды.

Подкастың келесі бөлімінде сионизмнің алғашқы жиналысының қалыптасуы туралы айтамыз.

 

 

Тегтер